ПОСТСТРУКТУРАЛИЗМ – структурализмнің екінші толқыны, струк- турализмді сынаумен байланысты және оның алдыңғы шектеушіліктерінен арылуға бағытталған ағым. П-нің өкілдері – Ж. Деррида, Делез, Бодрийар, Лиотар, Ю. Кристева, М. Фуко т. б. П. басты міндеттерінің бірі – логосор- талықтық метафизиканы сынау және мәдениеттегі тіл билігін және билік тілін айқындау. Деррида, метафизиканы деконструкция арқылы, яғни
412
мәтіндегі жүйеден тыс, маргиналдық элементтердің маңыздылығын көрсету арқылы жеңуге болады деп санайды. Ғылыми айналымға, осыған дейін тек тұрмыстық тілде қолданылған, сөздер мен ұғымдар енгізіледі, бірақ олар- ға бұрынғы мән-мағынаны толықтыратын және шектейтін жаңа мазмұн беріледі. Мәтін интерпретациясы – бұл мәтінге тікелей қатысы жоқ нәрсені түсіну. П. үшін адамды сипаттайтын негізгі категория тілек болып табыла- ды. Ол адамның басқамен қарым-қатынасқа түсуге деген ынтасын айқын- дайтын әмбебап бітім. Ол жеке және ұжымдық іс-қимылдық барлық бітімін, әлеуметтік және мәдени шындық бітімдерін анықтайды. П-де қоғам мен мәдениетте «билік – бағыну» қарым-қатынасының жаппай көрініс табатын орны ретінде көрініс табады. Билік өзін адамдық қарым-қатынастардың барлық деңгейінде – саяси доктринадан қарапайым қарым-қатынасқа дейінгі аралықта жүзеге асырады. Сондықтан П. биліктің іске асу тәсілде- рін анықтап, оған көптілікті, бірегейлікті және ыдыраңқылықты қарама- қарсы қоюды өз міндеті деп таниды.
Достарыңызбен бөлісу: |