ПРАВОСЛАВИЕ – христиан дінінің бір тармағы. Шығыс Еуропада және таяу Шығыста таралған. Христиан дінінің шығыс тармағы ретінде Рим империясынан соң (ІV ғ.) пайда болып, шіркеулердің римдік-католиктік және гректік-православиялық болып бөлінгенінен кейін (XІ ғ.) түпкілікті қалыптасты. П-нің діни ілімі қасиетті жазуға (інжіл) және қасиетті аңызға негізделеді. Жеті әлемдік соборларда қалыптасқан христиан діни ілімінің (ІV–VІІ ғ.) негізгі қағидалары П. догматтары болып табылады. П-нің діни ілімінің өзіндік ерекшеліктерінде, шіркеулік ұйымдарында, осы христиан дінінің тармағы қалыптасқан, Византияның мәдени дәстүрлері көрініс тапты. Жердегі жоғары діни бедел – «құдайдың таңдаулысы» император деп жарияланады. Византия құлаған соң көптеген тәуелсіз шіркеулер пайда болды. П-де католицизмдегі Ватикан сияқты бір орталыққа бағынатын әмбебап шіркеулік ұйым жоқ. П. құдайдың үштік бірлігін, жаратушыны, әлемге, о дүниеге билік жүргізушіні, жазмышты алғашқы күнә белгісі бар (онда алғашқы күнә белгісі бар), адамзатқа аман қалу мүмкіндігін ашқан Иссус Христостың барлық адамдардың күнәсін өтеу миссиясын мойындаудан бастау алады. Шіркеу адам мен құдай арасындағы делдал болып табылады. Діни мейрамдар (рождество, пасха) мен (оразаларға) посттарға (көпкүндік көктемгі, жазғы, күзгі, қысқы – барлығы жылына 200 күннен артық) ерекше мән беріледі. Ежелгі Русь 988 ж. шоқынды. Шоқынумен бірге Руське жалпыславяндық кирилл жазуы келді. XVІІ ғ. орыс П-де жіктелу ағымы пайда болды. Ол дінбұзушылық деп танылды. Жіктелу діни қызмет рәсімдерін өзгертуге бағытталған патриарх Никонның реформаларына жауап ретінде орын алды. Жаңа ережелерді қабылдауға келіспеген христиандарды ескі дәстүршілдер (старообрядный) деп атады.
413
Олар қуғынға ұшырап, қатты жазаланды, сондықтан олар Сібір мен Еділ жағалауының адам аяғы баспаған жерлеріне қашуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде олар өз қауымдарын құрды. Мұндай қауымдар Қазақ жеріне де келген. Қазіргі кезде Қазақсатанда П-лік шіркеулер көп кездеседі, П-лік сенімдегі адамдар тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |