ПРОТАГОР(б.з.б. 480–410 ж. ш.) Аберден шыққан еж.гр. филос., софистердің ең белсендісі, дінсіздігі үшін Афиныдан қуылған (оның
«Құдайлар туралы» деген кітабы өртеп жіберілген). Кейбір зерттеушілер П-дың сақталып қалған фрагментін: «Адам дегеніміз барлық нәрсенің: тіршілік еткені үшін тіршілік етушілердің, тіршілік етпегені үшін тіршілік етпеушілердің өлшемі» деп аударып, оны абсолюттік скептик ретінде түсіндірді. Бірақ гректің «жоқ» деген ұғымына сай келетін сөзді басқаша:
«тіршілік еткендіктен тіршілік етушілерді» және т.т. деп аударуға да болады. Бұлайша түсіндірілген жағдайда П. субъективист те, скептик те емес; оның тезисінде материалистік сарындағы антропологизмнің элементі бар; бұл Секст Эмпериктің П. үшін «материя өтпелі» және «барлық заттардың негіз- гі себептері (логостар) материяда болып табылады» дегенге келіп сиятын сипаттамасына сай келеді.