ТЕЙЯР ДЕ ШАРДЕН Пьер (1881–1955) – француз палеонтолог ғалы- мы, философ және теолог. 1899 жылдан иезуиттер орденінің мүшесі, 1911 жыл- дан шіркеу қызметкері. Т-нің адам және әлем туралы көзқарастары орто- доксты томистік көзқарастарға ұқсамайды, өйткені ол «христиандық эво- люционизм» концепциясын қалыптастырды. Әлемнің эволюциялық даму ерекшеліктерін ескермеуге тырысқан діни ілімдерден өзгеше түсініктеме бергені үшін Т-ді шіркеу басшылары сабақ беруден аластатып, филос.- теологиялық шығармаларын жарық көрсетуге тыйым салған болатын. Дегенмен де, 1960-шы жылдардан бастап оның көзқарастарын көптеген модернистік ағымдардың өкілдері кең қолдана бастады. Т. адамның пайда болуына алып келген әлемнің эволюциясын діни тәжірибе мен ғылымның қол жеткізген жаңалықтарын біріктіре отырып анықтауға тырысты, сөйтіп
«ғылыми феноменологияны» жасамақшы болды. Күрделі ұйымдастырыл- ған сана мен руханилық иесі адамды Т. бүгін ғарыштың алдын-ала жос- парланған эволюциялық дамуының нәтижесі деп түсіндіреді. Т. концеп- циясына пантеизм, яғни, бүкіл тіршілікке ыдыратылған құдай идеясы тән. Т. бойынша құдай – «универсуум құрылымының» әрбір бөлшегінде ерекше рухани күш жігер түрінде көрсетілген, ол эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші болып табылады. Әлемдік эволюцияны Т. бірін- бірі алмастырған төмендегідей сатылардан өтеді деп біледі: «өміралды»,
«өмір», «ой» және «шалғай өмір». Аталған эволюциялық сатыларды» «ой» деңгейінде дүниеде адам баласы пайда болған. Ол өз бойына психикалық энергияны жинақтап, «ноосфераны» туындатады. «Шалғай өмір» сатысы адамдардың рухани бірігу күйін білдіреді. Т.Ш-нің тарихи-философиялық көзқарастарына оптимизм, гуманизм, христиандық либерализм тән. Ол болашақта христиан діні мен гуманизм, ғылым мен мистика бірігіп, қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне төтеп берер жол табады деп сенген.