Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет503/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ТЕОЛОГИЯ (грек. theos Құдай және logos – ілім, cөз) – Құдай жай- лы дін ілімі. Т. ұғымын зерттеушілердің дені теистік діни ілімдермен байла- ныстырады. Т. ұғым ретінде христиан діні келгенге дейінгі Платон еңбек- терінде де кездеседі. Платон бұл ұғымды өзінің Құдай жайлы ілімінде қолданбаса да, филос. тұрғыдан талданатын мифологияға байланысты қолданған. Кейіннен Т. термині Гомер, Гесиод, Орфейдің поэмаларына қатысты қолданылып, оларды теолог деп атады. Аристотель Т. терминімен
«Бірінші философияны» атап, оны құдайлық мәңгілік заңдылықтарды зерттейтін жоғары дәрежедегі теор. ілім деп таниды. Стоиктер Т-ның үш тегін бөліп көрсетті: ақындықпен байланысты мифол. Т., философиямен байланысты физ. Т., ресми дін өкілдері мен заңгерлерге қатысты саяси Т. Христиандықтың әр түрлі ағымдарының догматтарында да бұл терминді жиі қолданды. Бірқатар христиан апологеттері антик. философия мен Т. арасында қарама-қайшылық жоқ. Т. жайлы аристотельдік түсінікті және


462

нанымға негізделген діни сенімді үйлестіруге болады деп білді. Ал қайсы- бір апологеттер бұған қарсы болып, осы тақырыптағы пікірталас ұзаққа созылды. ХІІІ ғ-да Т. – Құдай және оған сенім жайлы жүйелі ілім деген ұғым қалыптаса бастады. Т-нің негізінде метафиз. күшке, құдіретке сенім жатқандықтан ол априорлы, яғни, тәжірибе жасамай сенетін мәселе. Жалпы монотеистік діни қағидалармен сәйкестігіне орай Т. терминін қазіргі ислам- тануда иллахиат ұғымының баламасы ретінде қолданады. Т. аянға, яғни, Құдай сөзіне (қалам) негізделіп, Жаратушы болмысын материалдық дүние- дегі заттар мен құбылыстарды талдау арқылы дәлелдейтін физ. Т., құдайлық бұйрық және ерік тұрғысынан адамгершілік моральдық принциптерді талдап, Алланың болмысын дәлелдейтін догмат. Т., Алланың барлығы мен сипаттарын тануда адам мүмкіндігінің шектеулілігін, қолданатын ұғым- дарының шарттылығын дәлелдеу арқылы құдайдың барлығы мен шексіз құдіретін дәлелдеуге тырысатын теріс Т. болып методол. тұрғыда жіктеледі.




ТЕОРИЯ (грек. theorіa пайымдау, анықтау) – белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Т. өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логик. байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды. Т-ның маз- мұны белгілі бір ұғымдар мен тұжырымдарға негізделіп, арнайы логик.- методол. принциптер мен ережелерге сүйеніп баяндалады. Т. көбінесе болжамдық, тұспалдық сипатқа ие. Т-ның кең көлемді теор. материалды жүйелеуге, сипаттауға бағытталған сипаттамалы немесе логикаға негіздел- ген дедуктивті түрлері бар. Логик. көзқарас тұрғысынан Т. өзара байланыс- тағы гипотетик.-дедуктивтік жүйені құрайды. Кез келген теор. қорытынды негізгі тұжырымнан (аксиома, анықтама, қағида) тұрады немесе бірнеше ой- тұжырымдардың логик. қорытындысы (теорема, нәтиже) болып табылады. Эпистемол. мәнде Т. үнемі дамып, өзгеріп отыратын білімдер жүйесі. Қазір- гі ғылым методологиясы Т-ның негізгі төрт құрамдас бөлігін айқындайды: Т-ның теор. тұрғыдан түсіндірілуге тиісті тәжірибелік нәтижелері мен деректік жиынтығынан тұратын эмпирик. негізі; әр алуан жалпы заңды- лықтар мен қағидаттардан тұратын теор. негізі; белгілі бір логик. және методол. реттегіштер; дәлелдерден, қорытындылардың жиынтығынан тұра- тын негізгі теор. жүйе. Т. практик. іс-әрекетті, тәжірибені қорытып, оны жаңа жағдайда ғана қолданбай, ол тәжірибе нәтижелерін шығарм. тұрғыдан өзгерту арқылы практиканың алдына жаңа талаптар қойып, оның өрісін кеңейте түседі. Ғыл.-тех. төңкеріс заманында Т-ның практикаға қатысты ғыл.-өндірістік маңызы айқын көрінеді. Сондықтан, практика Т-ның ақи- қаттылығын дәлелдеумен қатар, оны дамытып, жетілдірудің негізі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет