Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет500/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   496   497   498   499   500   501   502   503   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ТАРИХТАНУ, тарих философиясы – адамзат тарихын пайымдау ілімі. Тарихи сананың шынайылығы, бағыты, даму нұсқалары жөнінде пікір қалыптастырып, тарихи дамудың әмбебап, жалпыға бірдей заңын табуға, абсолюттік мағынасын зерделеуге тырысады. Тарихтың мән-мағынасын түсіну үшін оның белгілі метафизикалық тұрғыдан қарастыралатын кезеңдерін табу керек. Дәстүр бойынша мұндай кезеңдер үшке бөлінеді


457

– тарихи дамудың мағына құрастырушы мезгілін негіздейтін тарихтың басы, бүкіл ішкі заңдылығын ашатын тарихтың ақыры және осы екеуінің арасында тірлік ететін мұрагерлік нұсқалары. Т. тәсілі антикалық мәдениет- те қалыптасып, еуропалық және исламдық ортағасырлық мәдениетте дамып, шарықтау шағын еуропа философиясының классикалық метафизикалық жүйелерінде, ХХ ғ-дың христиан дәстүріне жақын ағымдарда табады. Дәстүрлі шығыс мәдениеті (қытай және үнді-буддалық) адам мен дүниенің қарым-қатынасын өзгеше пайымдайды, сондықтан мол тарихи мұраға иелік еткенмен, арнайы Т. ілімін тудырмайды. Егер түркі тарихына келсек, түркі халықтарының тарихи санасы көшпенді және отырықшы тіршілік- тің арақатынасына байланысты. Көшпенді түркі-моңғол халықтарының тарихына үңілсек басты мақсаты көшпенділікті сақтау болды. Егер Атилла мен Шыңғысханды еуропа халықтары Тәңірінің қамшысы десе, расында да көшпенділер араласқан тұста отырықшылардың тарихы қарқынды түрде дамыған. Көшпенділер еуропалықтардың ықпалына көнбеуімен қымбат. Азия Еуропаның өзгесі, осы өзгешелікті сақтағанда ғана түркі- монғол халықтарының мағынасы сақталады. Орталық Азия Еуропа мен Азия арасындағы көпір емес, дербес ел, өзгеше өркениет. Егер «Ой сәулесі Шығыстан» дейтін тұжырымды мойындасақ, онда Орталық Азия Шығыстың темірқазығы, ежелгі бастауы.




ТӘҢІРІ (көнетүркі. – мықты, ер, құдіретті) – көне түркілердің діни наным-сеніміндегі тұлғаланбаған, шексіздік күйі есебіндегі аспанмен теңдестірілген басты құдай образы. Бұл сөзбен кәдімгі көк аспанды да атайтын болған. Көне түркілердің космогониялық түсінігін мына сөздерден байқаймыз: «Жоғарыда көк Т., төменде Қара жер жаралғанда, олардың екі арасында кісі ұлы жаралған екен». Бұдан біз жер мен аспанның тығыз байланыстылығын көреміз. Аспанды құдай деңгейіне көтеру одан қорқу емес, жаратылған әлемнен жаратушыны іздеу, бүкіл жаратылысты құдайдың құдіретінің көрініс табуы деп түсіну. Түркі жазуларында көшпенділердің барлық жеңістері Көк Т-мен байланыстырылған. Оның рақымымен елді басқарған қағандарға «Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген» деген атақ берілген. Түркілердің білген-көрген ең биік шыңы да тегіннен тегін Хан Т. деп аталмаса керек. Аспанды және оның шырақтарын қадірлеу белгілі бір заңды қажеттіліктен басқа аспанды құдай мекені деп танудан, руханият әлемі деп есептеуден туындап жатыр. Түркілердің Көкке де, Күнге де, Айға да, құтты мекендерге де тағзым еткені рас. Бірақ бұдан түркілердің монотеизмге (бірқұдайшылыққа) өресі жетпеді деген түсінік тумауы керек. Өйткені жекешеленбеген, тұлғаланбаған кейіпте болса да, Т. орталық құдай, жалғыз жаратушы болып есептелінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   496   497   498   499   500   501   502   503   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет