Әдебиет: Психология смерти и умирания. – Минск, 1998; Розин В.М. Смертькакфеноменкультурно-антропологическогоиэзотерическогоосмыс- ления / Введение в культурологию. – М.,1997.
ТАНТРИЗМ (санскр. тантра – орағыта айту, айла-әдіс; киелі мәтін; сиқыр) – өздерінің киелі мәтіндері ретінде тантраны танитын индуизмнің секталары мен мектептерінің жалпы атауы. Т-ге төмендегідей қасиеттер тән: секта құрамында төмен және ең төмен касталардың басым болуы; сектада арийлық емес тайпалардың өкілдерінің кездесуі; секталардың және олардың ғұрыптарының құпиялығы (эзотерикалығы); әдет-ғұрыптарының йогалық тәжірибемен байланыстылығы; брахмандық рәсімдер мен мораль нормаларымен шектелмеу; әйелдік жыныстық энергетикалық бастама туралы мифологиялық көзқарас. Т. философиясы бойынша әлем психи- калық белсенділік бар болғандықтан ғана өмір сүреді. Психикалық энергия сөнетін болса онда әлем революцияға ұшырап, өзінің әуелгі «түксіз, бос» күйіне көшеді. Әуелгі күй жағдайында барлық қарама-қайшылықтар, себеп- салдарлық байланыстар, уақыт-кеңістік өлшемдер жойылады. Адам микро- космос болғандықтан космостың, ғаламның барлық қасиеттерін өз бойына жинақтаған, тіпті адам анатомиясы да ғалам анатомиясын қайталайды. Адамның іс-қылығы мен физиологиясы да эволюция мен революцияға ұшырауы мүмкін.