Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет495/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   491   492   493   494   495   496   497   498   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ТАЙЛОР Эдуард Бернетт (1832–1917) – ағылшын этнографы, Англия- дағы антропологияның негізін салушы. Антропологиямен ойламаған жер- ден 1856 ж. Мексикаға ғылыми сапармен жол тартқан ағылшын этнологы Г. Кристидің жанына еріп жүрген шағында танысады да қалған бүкіл өмірін соған арнайды. Т-дың көзқарастары Канттың эволюциялық теориясының


453

ықпалының арқасында қалыптасқан болатын. Ол мәдениет тарихын ілгерілемелі даму процесі ретінде қарастырады, өйткені мәдениеттің даму барысында құрал-жабдықтар болсын, өнер түрлері болсын, діни наным- сенім түрлері болсын – бәрі де жетілдірілу үстінде болады. Т. өзінің мәде- ниет тарихын, діннің бастауларын зерттеген шығармаларымен белгілі. Ол мәдени эволюционизм позициясын ұстанады, яғни мәдениеттің дамуы ілгеріге ұмтылу, өткеннен асып түсу, бұрынғыны жетілдіру деп түсіндіреді. Мәдениет прогресі бүкіл дүние жүзілік халықтардың (олардың әрқайсы- сының қандай даму сатысында тұрғандығына қарамастан) әкелген үлесіне тікелей байланысты. Оның айтуы бойынша «мәдениет туралы ғылым рефор- малар туралы ғылым». Мәдени реформалар көбінде діни наным-сенімдер мен табынушылық түрлерін жетілдіруден, күрделі де өнімді еңбек құрал- дарының пайда болуынан, жаңа өнер түрлерінің көбеюінен көрінеді. Т.-дың айтуынша, мәдениеттің көне кезеңдері туралы ежелден сақталып келе жат- қан «қалдықтар», «көнегөздер» – әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер және т. б. көп мағлұмат береді. Осы орайда Т. діннің пайда болуын даярлаған көне наным- сенім түрлерін, соның ішінде әсіресе – анимизмді жете зерттейді. Ол діннің негізін адамның психикасынан, рационалды қызметінен іздестірген. Т-дың аты әйгілі оқушыларының бірі – Дж Фрейзер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   491   492   493   494   495   496   497   498   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет