Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет492/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   488   489   490   491   492   493   494   495   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Негізгі еңбектері: Вымыслы и действительность. Алма-Ата: «Казахстан»,
1985. –145 б.; Некоторые философско-правовые проблемы совершенствования культуры межнациональных отношений. Алма-Ата: «Наука», 1989. 3,4 п.л. (Г.С. Сапаргалиевпен бірге); Напряженность или гармонизация? (развитие межнациональных отношений в Казахстане). – Алма-Ата: «Казахстан», 1991.
6,6 п.л.; Межнациональные отношения в Казахстане: теория и практика регулирования. – Алматы: «Гылым», 1993. – 5 б.т.
Т ТАБУ (полинезиялық тайпалар тілінен аударғанда «тыйым салу»)
– алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетімен тығыз байланысты діни
негіздегі үзілді-кесілді тыйым салуды талап ететін ұғым. Терминді алғаш рет ағылшын жиһанкезі Кук енгізген болатын. Т-да екі ұғым – киелілік пен тыйым салынғандық, қасиеттілік пен қорқыныш тоғысады. Т. бел- гілі бір тұлғаларға да, белгілі бір қоғамдық ұжымдарға да қатынасты қол- данылады. Т. туралы терең теориялық ізденістер аз болғандықтан оның қолданыс аясы анықтала қойған жоқ. Дегенмен де, Т-ды діни-моральдық тыйым салу түрлерінен ажырата білген дұрыс, өйткені аталған соңғылары адамзат мәдениетінде кейінірек пайда болған күрделі құрылымды ұғымдар. Т-ланған әрекеттер мен заттар туралы Дж. Фрейзердің («Алтын бұтақ») шығармасынан көптеген мысалдар табуға болады. Фрейзер дін мен сиқырды (магияны) бір-біріне қарама қарсы қойып, Т-ды магияның теріс пішіні


452

ретінде түсіндіреді. Т. туралы психоталдаудан көп мәлімет жинақтауға болады. З. Фрейд өзінің «Тотем және табу» атты еңбегінде Т-дан көсемге деген екіұшты (амбивалентті) қатынасты: бір жағынан, көсемді қастерлеп, табынуды, екінші жағынан, іштей қызғану, жек көруді, бейсаналы түрде ұнатпауды байқаймыз дейді. Әлеуметтік антропология тұрғысынан (Малиновский, Радклифф-Браун және т. б.) Т-ды әлеуметтік бақылау мен қадағалау рөлін атқаратын құрал деп қарастырады. Т. қасиеттілік туралы түсінік қалыптасқан барлық мәдениеттерде кездеседі. Әр мәдениеттің өзіне сай заттарға, іс-әрекеттерге немесе сөздерді айтуға салынатын тыйым түрле- рі бар. Т-ды бұзған адам қатты жазаланатын болғандықтан оны еш нәрсеге, еш жағдайға қарамай орындауға тырысатын болған. Қазақ мәдениетіндегі кездесетін ата-ене, қайын аға, қайын, қайын сіңілілердің атын атамау, отты, ошақты аттамау, белгілі киелі жануар түрлерін қорғау және т. б. Т-лар қазақ халқының көне тотемистік, анимистік көзқарастарынан сыр тартады. Қазақ мәдениетіндегі тыйым салу жан-жоралғылары туралы Ш. Уәлихановтың шығармаларынан көп мағлұмат алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   488   489   490   491   492   493   494   495   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет