Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


УАҚЫТ – кеңістікпен қатар болмыстың формасы. Ол болмыстың У



бет523/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   519   520   521   522   523   524   525   526   ...   571
Байланысты:
treatise187525

УАҚЫТ – кеңістікпен қатар болмыстың формасы. Ол болмыстың У
құрылымын анықтайды, өйткені У. арқылы болмыс өзінің ұзақтылығын,
объектілердің бірін-бірі алмастыруын табады. Егер материяның тіршілік ету тәсілі – қозғалыс болған болса, онда қозғалыс өзін кеңістік пен У. фор- масында айқындайды. Кеңістік пен У-ты қозғалыстың көріну формалары немесе оның сыртқы өлшемдігі десе болады. Сонымен, У. – қозғалыстың формалары мен құрамды бөліктерінің бірінен бірі туындап ұласу формасы. Ғылым тарихында қалыптасқан қағидалардың бірі: материя кеңістікте шексіз, уақыт жағынан мәңгі. У. бірінен соң бірі болатын құбылыстардың өмір сүру ретін белгілейді, яғни кез келген материалдық процесс бір бағытта – өткеннен болашаққа қарай дамиды. Материалистік философия кеңістікпен У-ты адамдардың ойлауынан тыс, материяның объективтік формалары деп қарастырады әрі олардың бір бірінен бөлінбестей бірлікте екенін мойындайды. XX ғ-ға дейін ертедегі натурфилософтардың атомдық көзқарасына сәйкес кеңістік бос қуыспен теңдестіріліп, У. біркелкілікпен түсіндірілген. Қазіргі заманғы физика ол түсінікті жоққа шығарады. Бұл жөнінде әсіресе А. Эйнштейннің салыстырмалы теориясы үлкен жаңалық әкелді. Ол макробөлшектердің кеңестіктегі қозғалысы сәуленің жылдам- дығына (секундына 300 000 км) жақындаған сайын оның массасы шексіз ұлғая беретіндігін және ол бөлшектің тұрқының да қысқара түсетіндігін дәлелдейді. Яғни дененің кеңістіктегі қозғалысы шапшаңдаған сайын оның кеңістік сипаты да өзгереді, ол денедегі уақыттың да ағымы баяулай түседі. Қозғалыстың өзгеруі кеңестікті де, уақытты да өзгертеді. У. пен кеңістіктің қазіргі заманғы теориясын жасауда Н. Лобачевскийдің, Б. Римманның, К.Ф. Гаустің идеялары маңызды рөл атқарды. Адамның дүниетанымы дамыған сайын У. пен кеңістіктің объективтік шындық екендігі жайлы барған сайын терең де дәл мәліметтер берілуде. Салыстырмалық теория- сының әсерінен У. материяның төртінші өлшемі (алғашқы үш өлшем: ұзындық, ен және биіктік кеңістіктің сипаттамасы) деп танылады. У. өзінің анизотроптығымен, яғни қайта оралмастығымен, бір бағыттылығымен анықталады. XX ғ-да У. мәселесін зерттеуге көп назар аударғандардың бірі логикалық позитивизм өкілі Ганс Рейхенбах болады. Оның физика ғылы- мы жетістіктеріне сүйене отырып келген қорытындысы төмендегідей:


485

уақыттың ағымы өткеннен келешекке қарай жылжиды. Г. Рейхенбах былай дейді: біріншіден, «өткен ешқашан қайтып оралмайды»; екіншіден, «өткенді өзгерту мүмкін емес, ал болашақты өзгерту әбден мүмкін»; үшіншіден,» болашақ туралы түбегейлі шынтуайтты, дәйекті мәлімет беру мүмкін емес». Термодинамикалық заңдылықтар тұрғысынан дәлелденетін бұл теория мәдени-әлеуметтік У. концепциясын қанағаттандыра алмайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   519   520   521   522   523   524   525   526   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет