Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет525/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   521   522   523   524   525   526   527   528   ...   571
Байланысты:
treatise187525

УНАМУНО Мигель де (1864–1936) – испан философы, ақын. У-ның көзқарастары экзистенциалдық философияның алғашқы көріністеріне жатады. Оның философиялық позициясының қалыптасуына Августиннің, испан ортағасырлық мистиктерінің, Б. Паскальдің, С. Кьеркегордың, неміс романтиктерінің, А. Шопенгауердің, Ф. Ницшенің, Бергсонның шығарм.-ы көп ықпал етті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың әсерінен «Пенделер мен халықтардың есірікті жан күйзелістері» атты шығармасын жазған, Испаниядағы Примо де Ривераның әскери диктатурасының ылаңын өз басынан өткізген, елінен жырақта сегіз жыл эмиграцияда жүріп, республика жеңіске жеткеннен кейін туған жеріне қайтып оралған У. үшін торығушылық сарыны орынды. У-ның философиялық рефлексиясы жүйесіздеу, өйткені философтың өзіндік көзқарастары оның поэзиясы, прозасы, эссеистикасы мен драматургиясына тоғысып жатыр. Түрлі жанрлар саласында көріне білген У-ның шығармашылығының негізінде жеке бастың өлместігі, рухтың мәңгілігі идеясы тұр. Өлім туралы сұрақтар алдында ақыл-ой скептицизмі ашынған сезіммен қосыла келе «қасіретті өмір сезімін» тудырады. Ол сезім адам тіршілігінің өмірлік (витальды) діңгегі. Сонымен жеке «басты» мәңгілігі мәселесі адам мәселесінің өзіндік түр көрінісі болып табылады. Адамдық шындықты У. экзистенция, өмірден өмірдің өзінен тысқары (трансцендентті) жатқан мән-мағына іздеу деп түсінеді. Сондықтан да У. құдай идеясын адамның мәңгілік болмысқа деген талпынысы арқылы түсіндіреді және де оны жеке бас өлместігіні» кепілдігі деп қарастырады. У. адами шындықты уақыт шеңберіндегі адамның өзін-өзі шексіз құрастыруы, өзін-өзі сомдауы деп біледі. Адами болмыс дегеніміз биография дейді У. Сондықтан да адамды әдеби кейіпкер, персонаж ретінде қарастыруға да болады. У. белгілі бір мағынада философияны «әдебиеттендірумен» айналысты, өйткені ол экзистенциалдық новелланы философияның және болмысты» ең лайық түр көрінісі деп таниды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   521   522   523   524   525   526   527   528   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет