Әдебиет: Қадырбаев А.Ш. За пределами Великой степи. – Алматы, 1997.
ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ – қытай халқының дәстүрлі философиялық білімдер жүйесі. Тек Қытайдың ғана емес, Шығыстың және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің рухани өркениетінің ажырамас бөлігіне айналған. Е.Қ.ф-ның пайда болу тарихы б.д.д. 1-мыңжылдықтан бастау алады, оны «алтын ғасыр» деп атаған. Е.Қ.ф. діннен гөрі дәстүр аясында дамыды. Қытай дәстүрі негізгі алты философиялық мектепті атайды: конфу- цийшілдік (жу цзя), даосизм (дао цзя), легизм (фа цзя), моизм (мо цзя), атау-
231
лар мектебі (мин цзя), иньян мектебі (иньян цзя). Жаңа дәуір басында Қытай- ға таралған Махаяна буддизмі даосизммен бірігіп Қытайдағы философия мен діннің үшінші тармағы болған қытайлық буддизмді (чань-буддизм) құрады.
Е.Қ.ф-на ерекше категориалды аппарат, философиялық рефлексияның ерекше тілі тән, оның қалыптасуына иероглифтік жазу өз әсерін тигізген. Қытайлықтардың ойлау формасы мен стиліне нақты қоршаған орта, отырықшылық мәдениет те әсерін тигізді. Ол мәдениеттің жалпыдүние- танымдық сұрақтарына жауап ретінде қалыптасты, экономикалық және саяси практикамен тығыз байланыста болды, сондықтан оның сипаты да практикалық болды. Жекелеген заттар, табиғи құбылыстар (жыл мезгілдері, күнтізбе, әлемнің материалды элементтері – ағаш, жер (топырақ), су, металл, от және т. б.) бірте-бірте натурфилософияның, кейінірек философиялық мектептердің де негізгі философиялық ұғымдарына айналды. Бұл қытай философиясы онтологиялық және гносеологиялық мазмұннан ада болды деген сөз емес, ол қытайлық өркениеттің белгілі бір рухани бастауы, оның этикалық және саяси негізі бола отырып, кейін дәстүрге айналды.
Е.Қ.ф. маңызды ерекшелігі оның антропоорталықтық және рациона- листік сипатында жатыр. Адам өзінің ішкі және сыртқы байланыстырының көптүрлілігімен қытайлық философтардың назарындағы бірден-бір мәселе болды. Қытай философиясының көптеген негізі тұжырымдары жалпы- адамзаттық мағынаға ие, олар күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.
Ойлаудағы органицизм заттарды үнемі қозғалыста қабылдады: «ци», әлемнің әмбебап субстраты, динамикалық өзгерістердің үздіксіз ортасы,
«ян» және «инь» – қарама-қарсы екі күштің қозғалысы арқылы полярлануы арқылы түсіндіріледі; әрбір затта «инь» мен «ян» бар, олар кезекпен басым- ды бола отырып, өзгерістерге пульс береді. Алғашқы «Аспан – Адам – Жер» үштігі үнемі гармонияда болуы керек. «Чжи» – затты білу – оны сипаттап қана қою емес, сонымен қатар істеуге деген нұсқауды да білдіреді, білімге ие болу деген «өз ісін білу» дегенді білдіреді. Е.Қ.ф. өзінің бойына метафизиканы, этиканы және социологияны біріктірген. Сонымен қатар, адам, оның табиғи және қоғамдық мәні, оның субъективті мүмкіндіктері, зердесі, әлемді тануға қабілеттілігі басты назарда болды. Бұл әлемде адамның өмір сүруіне лайықты орын іздеуге, табиғатты аялауға, табиғат пен адам ара-қатынасын үйлесімділікке әкелуге бағытталған рационалды философия болды. Онто- логиялық тұрғыда оның негізгі сұрағы болмыстың бастауы туралы, яғни Е.Қ.ф-ын әлемді сезімдік және рационалдық танудың шегі туралы ілім деуге болады. Ежелде пайда болған «біртұтастық», «жол», «алғашқы бастау», «Ұлы Шектік» сияқты ұғымдар кейін қытай философтарының онтологиялық және гносеологиялық тұжырымдамаларының орталық категорияларына айналды. Е.Қ.ф. өзіндік ерекше категориалды аппарат тән, ол батыстық философиялық дәстүрдегі ұғымдармен сәйкес келе бермейді.
232
Қытай философиясы әлемнің біртұтас суретін жасауға талпынды, онда адам мен космос-табиғаттың және қоғамның біртұтастығы орын алады. Бұл
«біртұтастықтық» жекелік пен бөлектіктен жоғары тұрады.
Е.Қ.ф. әлеуметтік және саяси іс-тәжірибемен өте тығыз байланыста болды. Қытайда философиялық білім дәстүрлі түрде табиғат туралы, қоғам және адам туралы, сонымен қатар, мемлекетті басқару туралы барлық білімдердің кешенін қамтыған. Яғни онтологиялық және гносеологиялық тұжырымдамалар моральдың және саяси конструкциялардың формасына ие болды. Әлеуметтік іс-әрекеттің және қоғамдық құрылымның ережелері әлемнің мәні мен құрылымы туралы көзқарастан туындайды. Яғни «фило- софия» ұғымы мен «қоғамдық-саяси ой» ұғымы арасында шекара жүргізу өте қиын. Философияның мағыналық тереңдігі мен көпқырлылығы, кейін
«идеологизациялануы» (мемлекеттің доктринасына айналуы) дәстүрлі қытай қоғамында оның жалпымәдени рөлінің жоғары болғанын көрсетеді. Философия халықтың қарапайым санасына терең еніп, бұқаралық сананың стеоретипін қалыптастырды. «Аспан астын» (социумды) реттеу ісі әлемдік гармонияны да ұстауда маңызды фактор деп түсінілді. Батыс Чжоу (б.д.д. 1 ғ. басы) кезеңінде қытай философиясының орталық категориясының бірі
– «дэ» қалыптасты, ол тудыру және ретке келтіру күшін білдірді. «Дэнің» күшіне сай Аспан барлық затты тудырады және көбейтеді. Билеуші – «ван», Аспан Ұлы бола отырып, «Аспан мен Жердің (космостың) ұлы «дэсіне» айналады, оны адамдардың әлеміне айналдырады, Аспан астын гармонияға әкеледі. Чжоулық ванның билігі номиналды болып қалған кезде Аспан асты елінде жай-күй әр адамның «дэсіне» тәуелді болып қалады. Қытай философиясының негізгі екі мектебінің негізін қалаушылар – Конфуций (Кун цзы) мен Лао цзы – осыған байланысты жеке адамның іс-әрекетінің жолы мен өлшемі болып табылатын «дао» категориясын енгізеді. «Дэні» толтыру «даоны» танып-білу мен оны ұстану арқылы іске асады. Конфуций мен Лао цзы «даоны» танудың бір-бірін толықтыратын үлгілерін жасады. Конфуций үшін адамсүйгіштік пен адамның іс-әрекетін реттейтін ереже, рәсім «ли» басты және адам бойындағы табиғи-хаостық бастауды қатаң бақылауда ұстай білетін «текті ер» («цзюнь цзы») идеал болды. Конфуцийлік мәдениеттің басымдылығына қарсы даосизм «табиғилықты ұстану» стратегиясын ұсынды. Барлық іс-әрекеттегі пиғыл мен мақсатты бағыттаудан бас тарту («у-вэй» ұстанымы) данышпанға оқиғалардың жалпыәлемдік табиғи ритмі ретіндегі «даоға» қосылуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |