Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Тәуелсіз Қазақстан философиясы. – Астана: Аударма, 2007. – Т. 20.
EЛ – көне түркі тілінде «халық» сөзінің синонимі ретінде қолданыл- ған атау. Е. – қоғамды басқаратын және оның экономикалық және әлеуметтік құрылымын күзететін таптық қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты. Е. – белгілі бір территорияда, бүкіл қоғамның атынан ішкі және сыртқы саясатты жүргізеді, өз аумағында барлығына міндетті заңдар мен ережелер шығаруға және салық жинауға құқылы. Е-дің негізігі белгілері: 1) белгілі бір аумағының болуы, 2) мемлекеттік билік қызметін іске асыратын органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесінің болуы, 3) мемлекет тарапынан бекітілген белгілі бір ережелер жүйесін бекітетін құқықтың болуы. Е-діктің рәміздері: елтаңба, байрақ, ән-ұран. Ежелгі түркілердің өзіндік Е-дік институттары болған. Дәстүрлі қоғамдағы көшпелі шаруашылық қарым- қатынастарының дамыған кезеңдерінде Е. атауы қауымдық-туыстық құры- лымының (патриархалды отбасы, ру, тайпа, мемлекеттік бірлестік) жоғары деңгейін білдіретін мағынаға ие болды. Мәселен, Көк түркілердің алғашқы мемлекеттік құрылымдары (Батыс Түрік қағанаты, Шығыс Түрік қағанаты), сондай-ақ, ірі тайпалық бірлестіктер құру негізінде дамыған ежелгі қазақ руларының одағы «ел» деп аталған. Әрбір Е-дің өз территориясы және өзіндік шекарасы, таңбалары болған және олар өз қарамағындағы жер аумағының шегін өзге тайпалық одақтардан қорғап отырған. Заманауи әлемдік саясаттану ілімінде Е. атауы көбіне «мемлекет» ұғымымен қатар қолданылып жүр. Ол негізінен, географиялық мәдени, әлеуметтік, экономикалық және тарихи жағынан қолданылады.