ИМПЕРАТИВ (лат. imperativus – бұйрықты) – адам, қоғам, мемлекет әрекетінің сипаты мен мазмұнын анықтайтын жоғарғы талап, маңызды принцип. Сонымен бірге, қоғамдық өмірдің әртүрлі салалары мен қызмет- терін реттейтін құқықтың анықтаушы нормасы. Экономикалық И. – табиғатпен қарым-қатынастың тиым салынған шегі, қандай жағдай бол- ғанда да одан өтуге адамзат қауымдастығының құқы жоқ.
ИМПЕРИЯ (лат. imperium – толық қанды билік, өкілеттілік) – тарихта И. деп басшысы император атағын алған монархиялық мемлекетті (Қасиетті Рим и-сы, Ресей и-сы және т. б.), сосын отарлық жүйесіне ие бол- ған мемлекеттерді (Британия и-сы, Португалия и-сы) айтады. Күнделікті өмірде «И.» термині күшті орталыққа бағынған, үлкен аумақты қамтыған саяси жүйені белгілеу үшін пайдаланылады. Бұл монархиялық билік жүйесі орнаған мемлекеттер мен территорияларға бір адамның, императордың
284
шексіз билігін білдіреді. Сонымен қатар «И.» терминін әлемнің барлық аймақтарында саяси және экономикалық үстемдігін жүзеге асыра алатын мемлекеттерге қатысты қолдануға болады (қазіргі АҚШ пен бұрынғы КСРО).
Достарыңызбен бөлісу: |