ИММАНЕНТТІК ФИЛОСОФИЯ – В. Шуппе, Р. Шуберт–Зольдерн, М. Кауфман, А. Леклер, И. Рамке, О. Шток және басқалар дамытқан субъективтік идеализмнің эмпириокритицизмге жақын бір түрі. И. ф. өкілдері объективті өмір сүретінін, сыртқы әлемнің санаға қатысын теріске шығарып, объективті әлем сананың ішкі мазмұнын құрайды деген ойды ұстанып, өздерінің философиясын И. ф. деп атайды. И-ті ф-ның негізгі идеялары Шуппенің «Теориялық-танымдық логикасында» (W. Schuppe,
«Erkenntnissthe-oretische Logik», 1878), Шуберт-Зольдерманның «Таным теориясының негіздерінде» (R. Schubert-Soidern, «Grund-lagen einer Erkenntnisstheorie», 1884), Кауфманның «Имманенттік философиясында» (M. Kauffman, «Immanente Philosophie», 1893) дамытылды.
Достарыңызбен бөлісу: |