Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет337/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Бор Н. Дискуссии с Эйнштейном по проблемам теории познания в атомной физике // Бор Н. Избранные научные труды, В 2-х томаз. Т. 2. – М.: Наука, 1971. С. 399–433; Фок В.А. Квантовая физика и философские проблемы
// Там же. С. 648–650; Джеммер М. Эволюция понятий квантовой механики. – М.: Наука, 1985; Сабитов М. Формирование и развитие квантовой механики: Логико-гносеологический анализ. – Алма-Ата: Наука КазССР, 1984.


КВИЕТИЗМ (лат. – тыныштық) – өмірден алшақ жатқан іс-қимыл. Барынша түңілген, ешқандай ашу-ызаға берілмеген – аффектісіз, жігерсіз қимыл. К.-нің басты қағидаларының бірі – құдайдың еркіне қарсыласпай, жігерсіз бас ию. К. мәнін Ф. Залес былай сипаттайды: «ештеңеге талпынбау, ештеңені жоққа шығармау».


КЕЛБҰҒАНОВ Ақылбек Жолмұхаметұлы (1951–1987). К. 1951 ж. 7 нау- рызында Семей облысы, Аягөз қаласында дүниеге келді. 1968 ж. орта мек- тепті үздікке бітіріп, С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің философия және экономика факультетіне оқуға түседі. Студенттік шағынан өзін ғылым мен білімге бейімділігін, құштарлығын танытқан А.Ж. К. оқуын қызыл дипломға тәмамдап, ҚазКСР Ғылым Академиясының философия бөліміне жұмысқа орналасады. 1976 ж. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ге оқытушылық қызметке ауысып, Көне Үнді, Көне Қытай, Батыс Еуропа философиясы, формальды логика пәндерінен дәрістер оқиды. 1977 ж. ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесі А.Х. Қасымжановтың жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын қорғайды. 1983 ж. АҚШ-тың Мериленд университетінде біліктілігін арттырады. 1985 ж. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің философия және экономика факультетінің деканы қызметіне тағайындалады. 1986 ж. Эфиопияның жоғары партия мектебіне жіберіліп, онда философия, мәде- ниет тарихы, логика пәндерінен дәрістер оқиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет