ФАНАТИЗМ (лат. fanatіcus – буырқанған, бұлқынған, есінен адасқан)
ФАТАЛИЗМ (лат. fatum – тағдыр, лат. fatalіs – қашып құтылмайтын)
антидиалектикалық дүниетанымдық тұжырымдама. Ф-ге сәйкес дүниеде орын алатын барлық құбылыстар мен процесстер алдын-ала белгіленіп қойылған, яғни әлемде тағдыр, жазмыштың бұлтартпас үкімі жүреді. Ендеше бұл әлемде бостандыққа, шығарм.-қа орын қалмайды, бәрі де қажеттіліктің үстемдігіне бағындырылған. Дүниедегі заттар мен құбылыстар, оқиғалар мен жағдайлар реті о баста, алдын-ала белгіленіп «маңдайға жазылып»
494
қойылған. Ф-нің варианттары көп, бірақ солардың бәріне ортақ нәрсе – орын алып отыратын жағдай қисыны адамға байланысты емес, ендеше оның қолында тұрған жоқ деп қарастыруылы. Теологиялық Ф. тарихтағы оқиғалар мен адам өмірінің қилы жағдайларын құдайдың құдіретімен анықталады деп түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |