Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет24/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   571
Байланысты:
treatise187525

АЙТАЛЫ АМАНГЕЛДІ ӘБДІРАХМАНҰЛЫ 1939 жылы 10 қыркүйекте Астрахан облысы, Володар ауданы, Болдырево ауылында туған. 1964 жылы Гурьев мемлекеттік педагогика институтын, 1967 жылы С.М.Киров атындағы КазМУ аспирантурасын бітірген. Философия ғылымының докторы, профессор. ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, «Білім мен тәрбиенің дүниетанымдық әлеуметтік мәселелерін зерттеу» орталығының жетекшісі. Қазақстан Білім беру ісінің Құрметті қызметкері. Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы. 1999-2007 жылдары Казақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
КСРО-ның «Құрмет белгісі» Орденімен (1986), еліміздің «Парасат орденімен» (2001) мен марапатталды, «Қазақстан ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» құрметті төсбелгісінің иегері (2009); ІІІ дәрежедегі «Барыс орденімен» және т.б. медальдармен марапатталды.
А.Айталы өзінің шығармашылық жолында философия ғылымы саласында ұлтаралық қатынастар, этномәдени және ұлттық даму мәселелерін ғылыми талдаумен айналысып келеді. Сонымен қатар дін философиясының, қазақ диаспора құбылысының көптеген заманауи қырларын ашумен айналысты. Жоғары білім саласындағы педагогикалық қызметпен ғылыми зерттеулерді қатар алып жүрді. Мәселен, «Қазақстандағы діни ұйымдар мен діни ахуал: ХІХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басы» ғылыми-зерттеу жобасының және бірнеше басқа да этномәдениетке қатысты ғылыми жобалардың ғылыми жетекшісі болды.
А. Айталы 200-ден аса ғылым мақалалардың, монографиялардың, оқу құралдарының авторы: Социализм и интернациональное воспитание масс Алма-Ата: «Казахстан» 1979.-123с.; Ұлттану: оқу құралы.- Алматы: Арыс, 2000.-223б.; Ұлт мұраты: депутат көзқарасы. Астана: Елорда, 2003.-154б.


АЙТЫС – ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. А. – синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. А-та осыған орай лирик., эпик., драм. сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген А. халқымыздың сан алуан ойын-той, әр түрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақын- ның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады. Бұған А-тың сауықшылдық, эстетик. ләззат беретін сипаттары да айтарлықтай қызмет атқарады. «Аттың жалы, түйенің қомында» дегендей көп дайындықты керек етпейтін А. кез келген жерде өте береді де, мұның тыңдаушысы да, бағасын беріп төрелік айтушысы да халық немесе қадірлі ел ақсақалдары болады. А-тың дәстүрлі өнерге айналуына көшпелі өмір салты ікелей әсер еткені байқалады. Көшпелі елде шілдехана, ойын-тойға ерекше мән беріліп, қонақ кәдеден бастап, кішігірім ауыл А-тары да өтіп отырған. Бұлар ертеңгі көрнекті А-қа бастайтын дайындық тәрізді бүкілхалықтық сипат алған. Арқалы А. ақындары бірін-бірі іздеп келіп айтысатын дәстүрге жалғасты. Бір де бір үлкен жиын, ас-той ақындар А-ынсыз өтпейтін болды. Бұл дәстүр А-тың сан алуан мазмұнды, мол ауқымды жанрға ұласуына қолайлы жағдай жасады.
А-тың алғашқы бұлақ көзі тұрмыс-салт жырларындағы «Жар-жар» мен «Бәдік» жырларынан басталған. Кейін қыз бен жігіт айтысына да (қ. қайым өлең) ұласқан. Келелі ақындар айтысы – екі дай жұрттың ортасында бетпе-бет отырып, қолма-қол шығарылып айтылады. Қазақ қоғамында ақынның ақын болып танылуы да тек айтыс арқылы жүзеге асқан. Көбіне- көп айтыста жеңілген ақын өткен айтысты ел арасына таратуға міндетті саналған. Сөйтіп, бір-біріне логик. ой-жүйемен терең жымдасқан екі ақын- ның өлеңдері біртұтас дүниеге, қисса, дастан секілді желілі шығармаға айналған. Айтыс ақындарының ұғымында өлең белгілі бір кісіге қонатын өнер саналған. Кемпірбай, Базар, Бұдабай, Бақтыбай, Сүйінбай, Жамбыл тәрізді ақындар өлеңнің «киесі бар, иесі бар» деп білген. Мыс., Бұдабай, Бақтыбай, Жанақ ақындар түсінде бір ақсақалды әулиенің «өлең аласың ба, көген аласың ба?» деген таңдатуынан соң, өздерінің өлеңді қалағандарын айтады. Бұл табиғатынан осы өнер түріне бейім жаратылған ақындардың ой-қиялының жемісі болуы да ғажап емес.
А-тың негізгі салмағы да, түйіні де өмір шындығы. Бетпе-бет келген екі ақын да сол орайда жеңудің сан алуан жолдарын, амал-тәсілдерін қарастырады. Ә дегеннен амандасу, ел жағдайын сұраудың өзінде айтыс боларлық түйін, сын тағарлық мәселелер іздестіріледі. Қарсыластардың қай-қайсысы да негізгі уәж, аталы ойларын бірден жайып салмай, аңысын аңдап, құрылған тор, айлалы қақпанға түсіруді көздейді. Оның алдын орап, матап, шырмап, қисынды да уәжді сөзбен тоспақ болады. Машығы мол, айла-тәсілі көп, аталы сөзді орнымен қолдана білген ақын ғана мәрелі жеңіске жетеді. Суырып салма өлеңге ысылған, ағыл-тегіл жыр иесі айтыста сөз таппағаннан жеңілмейді, аталы сөзден, жүйелі ойдан, бұлтартпас шындықтан тосылады. Мұны қанша өкінішті болса да жұрт алдында ашық мойындауға, кейінгі жырлау кезінде жасырмай айтуға мәжбүр болған. Бұл шыншылдық ойды «Аталы сөзге арсыз жауап қайырады» деген мәтелімен айтыстың әділ қазысы болған халық өзі түйіндеп отырған.
А. түркі елдерінде көне дәуірден белгілі. М. Қашқаридің «Диуани- лұғат-ат түрк» атты еңбегіндегі «Жаз бен Қыстың айтысы», Қ.А. Иасауидің
«Диуани хикметіндегі» Жұмақ пен Дозақтың айтысы» бұл жанрдың ға- сырлар қойнауына жол тартатынын аңғартады. Қазақ айтыстары жанрлық сипаты жағынан түре айтыс, сүре айтыс болып екіге бөлінеді. Алғашқысына бір-бір ауыз өлеңмен қайырылатын айтыстар жатса («Жар-жар», «Бәдік»), кейінгісіне келелі, кесек ақындар айтысы енеді («Ақсұлу мен Кеншімбай»,
«Әсет пен Ырысжан», «Сүйінбай мен Қатаған», «Жамбыл мен Құлмамбет»,
«Молда Мұса мен Манат қыз», «Кемпірбай мен Шөже», «Орынбай мен Тоғжан», «Біржан мен Сара» т. б.). А. мазмұндық сипатына қарай, қдет- ғұрып айтысы және ақындар айтысына жүйеленеді. Соңғысы тақырып аясына қарай жұмбақ А., мадақ А., т. б. болып жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет