Әдеб.: РадловВ.В. Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в южной Сибири и Джунгарской степи, ч. ҚҚҚ. – Спб, 1870; ВалихановЧ.Соч.–Спб,1904;Айтыс.3томдық.–А.,1964,1965,1966;ӘуезовМ. Әдебиет тарихы. – Қызылорда-Тәш., 1927; Ысмайлов Е. Ақындар. – А., 1956; Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократжазушылары. – А., 1958; Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – А., 1973; ТөреқұловН.Ақындарайтысы.Кіт:Қазақсоветхалықпоэзиясыныңжанрлық ерекшеліктері. – А., 1979, 134–155 б.; Бердібаев Р. Айтыс өнері. Кіт: Сарқылмас қазына.–А.,1983,67–141б.;Айтысөнері.–А.,1979;Айтыс.–А.,1990.
АЙЫРМАШЫЛЫҚ – бiр объектiде бар белгiлердің басқа объектiлер- де жоқ болып шығуы негiзiнде жасалған салыстырмалы сипаттама. А. бара- барлықпен байланысты. Сонымен бiрге А. пен барабарлық анағұрлым кең мағыналы ұқсастық категориясында ұштасады. Дүниенi тану объектiлердiң барабарлығымен, А-ты анықтаумен тығыз байланысты. Бейнеленген объект формальды логиканың тар шеңберiнде шектелiп белгiленген жағдайда А. пен барабарлық байланысы сырттай сипатталады. Осы объектiлердiң өзi бiр белгiлерiмен барабар болса, басқадай белгiлерiмен өзгеше болады. А-ты диалект. тұрғыдан алғашқы түсiндiрген – Гегель. Оның «...ойлаушы парасат, былайша айтқанда, айырманың қарабайыр айырмашылығын мәндi айырмашылыққа дейiнгі, қарама-қарсылыққа дейiн айқындайды». А-тың мәнi қарама-қарсылық, қайшылық категорияларында толық қамтылады.
АККУЛЬТУРАЦИЯ(лат. adcultura – білім, даму) – белгілі бір халық- тың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениетін толық немесе жартылай қабылдауы нәтижесінде болатын мәдени өзара ықпал процесі. А. ассимиляция және этникалық бірегейлік пен тұтастану процес- терінің көптүрлілігіне қатысты қарастырылады. А. ұғымы алғаш рет Сол- түстік Америкалық үндістік тайпалардағы мәдени өзгерістерді зерттеген мәдени антропологияның американдық мектебінде (Д. Боас, У. Холмс, У. Мак-Джи, Р. Лоун) ХІХ ғ-дың аяғынан бастап қолданылды. Алғашқы тар мағынасында бұл ұғым үндіс тайпаларының ақ нәсілді американдықтардың мәдениетін біржақты қабылдап, ассимиляцияға ұшырауына байланысты пайдаланылды. ХХ ғ-дың 30 ж-нан А. ұғымы мәдени антропологиялық мектептің басты ұғымдарының біріне айналды. А. процестерін зерттеуде 1940 ж. жарияланған Линтонның «Американ үндістерінің жеті тайпа- ларындағы А.» еңбегінің үлкен теориялық маңызы болды. Бұл еңбекте А-ның екі типі аталады: 1) әскери-саяси өктемдік жоқ жағдайында өзара қарым-қатынасқа түскен мәдениеттердің бір-бірінің құндылықтарын еркін қабылдауы; 2) әскери немесе саяси басым топтың бағыныңқы мәдениетке өз құндылықтарын нысаналы және күшпен танытуы. 1950 ж-дарға дейін А. процестерін зерттеу Батыстағы мәдениеттің басқаларына тигізген әсерлерін қарастырумен байланыстырылды. Басқалары батыстандыру аймағы болып табылады делінді. 1950–60 жылдардан бастап А. аумағы кеңірек қарастырылды. Батыстық емес мәдениеттердің өзара байланысы және олардың А-лық қуаты сараланып, испандандыру, жапондандыру, қытайландыру процестері ғылыми талдаудың пәніне айналды (Дж. Фостер, Дж. Фелан, т. б.); А. тәсілдері күрделі қоғамдардағы урбанизация процесін зерттеуде пайдаланылды (Р. Билз). Егер бұрын басым мәдениеттің «төмен» мәдениетке тигізген әсерлері сөз болса, енді кері әсер (мыс., африкалық әуендік ырғақтардың қазіргі музыкаға әсері) туралы жиі айтыла бастады. А-ны әртүрлі мәдениеттердің тоғысуы нәтижесінде жүзеге асатын мәдени сұхбат ретінде қарастыру алдыңғы қатарға шықты.