Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Гердер И. Идеи к философии истории человечества. – М., 1977; Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004



бет129/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Гердер И. Идеи к философии истории человечества. – М., 1977; Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.


ГЕРМЕНЕВТИКА (грек. hermeneutіke – түсіндіру өнері) – алғашқы мазмұнында көнеліктен немесе көпмаңыздылықтан түсініксіз мәтіндерді түсіндіру өнері және ілімі. Г. ежелгі антикалық дәуірде көне ақындардың (ең алдымен – Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, құпия- лап айтуларды түсіндіру тәсілі ретінде қалыптасқан. Ортағасырларда Библиядағы көркем бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланыс- ты Г-ны діни өкілдер жан-жақты қолданған. Қайта Өрлеу дәуірінде Г. ан- тикалық мәдени мұралардың тілін тірі, сол замандағы мәдени тілге аудару мақсатында пайдаланылған. Ф. Шлейермахер еңбектерінде Г. Қасиетті Жазу мәтіндеріндегі астарлы тілді жаңаша түсіндіру үшін кеңінен пайдаланылды. Ол үшін догматтар мен рәміздер діндарлық сезімдер болып табылады, дамушы діни тәжірибе сенімнің субстанциясына айналды. Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тәжірибесі арқылы ескі діни мәтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Қазіргі мәдениеттануда – Г. «тұлғалық түсінуші тәжірибемен» (Г. Гадамер) байланыстырылады. Гадамер бойынша, тарихи құрылымдар мен мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негізделген. Табиғи тіл өз мағыналарымен ойын жағ- дайында болады. Г. міндеті өзімен-өзі тұтас мәтінді дәл жектізу. Әсіресе, поэзияда Г. қажетті, өйткені, ақын жиі сәуегей кейпінде өз ойын жеткізеді. Г. мәселелерін де қарастырған. «Басқа мәдениетті түсіну үшін, дейді М. Бахтин, оның «ішіне» ену керек. Сонымен қоса, басқаны түсіну үшін өзіндегі тұрақтылықты да сақтау қажет».
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет
философиясы. – Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопе- дия. – Алматы, 2007.


173


ГЕРМЕНЕВТИКАЛЫҚ ШЕҢБЕР – герменевтика философиясының басты ұғымдарының бірі. Оны ғылыми қолданысқа енгізген Шлейермахер. Г. ш. – бөлік пен тұтас нәрсенің диалектикасына негізделген мәтіндерді ұғынудың тәсілі: тұтастықты ұғыну оның бөлек бөліктерін ұғынудан жиылады, ал бөліктерді ұғыну үшін алдын ала тұтастықты ұғыну қажет.
Дәстүрлі қоғам құбылысын ұғынуымыз үшін алдымен дәстүр ұғымы- на тоқталуға тиіспіз. Дәстүр (лат. Traditio – тапсыру, жүктеу) – әлеуметтік- мәдени тәжірибе қосындыларын ұстап қалу, орнықтыру және таңдамалы түрде сақтау ісінің әмбебап құралы. Дәстүр қазіргі нақты қызмет жүйесін- де бұрынғы заманның уақыт сынынан өткен нұсқаларын қайта тудыруды қамсыздандырады, яғни, ол осы шақ пен болар шақты өткен шақ құндылық- тарымен негіздейді. Тар мағынада Дәстүр дегеніміз мемлекет нұсқауынсыз, өзінен өзі тірлік ететін құндылықтар қуаты. Дәстүрлі таным өзіне ешбір мақсат немесе бағыт-бағдар қоймайды, себебі оның мақсаты өз ішінде өзі- мен бірге қызмет етеді. Ешкім Дәстүрдің себебін іздемейді, өйткені ол бұ- рында бар болған, ал оның өнімділігі үйреншікті нұсқаға дәлдігімен есеп- теледі. Дәстүр мұндай тірі шынайы, «бастапқы», ой елегінен өтпеген деп аталады (В.Л. Абушенко). Ол бір жағынан, белгілі әрекеттерді және ереже- лерді ұстану арқылы таралса, екінші жағынан, ауызша, фольклор мен мифо- логия арқылы таралады. Дәстүр бүкіл құрамы символикалық мағынаға толы, белгілі мәдениетте бекіген мағына мен архетиптерге сілтеме жасайды. Шынайы Дәстүр ритуалдық нұсқасы түпкі мағынасын жоғалтқанда әдет- ғұрыпқа айналады. Өте ерте замандардың өзінде, Ежелгі Шығыс немесе антикалық қоғамдарда Дәстүр өзгеріске түсіп, ақылға көнуге икемделіп, мамандар жасайтын мәдениеттің қолыңа түседі. Мұнда ол әріптік-таңбалық нұсқаға ауысып, белгілі мәтіндерде сақталады. Осындай өңдеуден өтіп, Дәстүр қайтадан нақты рәсімге айналады да, осы шақтағы тірі субъектердің ұстанымы ретінде қызмет етеді. Сөйтсе де, ол дәстүртанушы тұлғаның мұқтажына байланысты түрлі сипатқа ие болады. Оны тұтынушы немесе жаратушы тұлғалар пайдалануы мүмкін. Соңғы жағдайда авторлық Дәстүр пайда болып, жаңаша тәжірибе қалыптастырады. Міне, осындай жағдай- ларда шынайы және бастапқы емес, екінші дәрежедегі Дәстүрді сөз етуге болады. Бастапқы және екінші дәрежедегі Дәстүр қосындысы кең мағына- дағы Дәстүр ұғымын құрайды. Дәстүр бұл екі түрін біріктіретін нәрсе, олардың сыртқы күштің қатысуынсыз өз бетінше тірлік етуіне, ал айырмасы екінші дәрежедегі авторлық Дәстүр жекетұлғалық ой елегінен (рефлексия) өтуіне байланысты. Дәстүрлі қоғам деп өзгеріске түсуге құлықсыз, тек дәстүр шеңберінде тірлік ететін қоғамды атайды.


ГЕРМЕС (грек. Hermes – ежелгі грек мифологиясында Зевстің ұлы)
– малшылық пен сауданың құдайы, жолаушылардың пірі (оны бейнелеген


174

мүсіндер – гермалар – жол бойына қойылатын), құдайлардың хабаршысы. Ежелгі Рим мифологиясында Меркурий деп аталған. Эллинистік дәуірде Г. магияны қолдаушы деп есептелген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет