Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. ҚҰЭ: Т. 2.
667 б.
ГЕРАКЛИД Понтийский – (Понт Эвксинсийдің оң түст. жағалауын- дағы Гераклея қаласынан), еж. грек. философы, Платон академиясының мүшесі, Сотион мәлім. сай Аристотельдің дәрістеріне де қатысқан, кейбір мәтіндерде перипатетиктер мектебіне жатқызылады. Спевсипп қайтыс болғанан кейін (б.э.д. 339 ж.) схоларк қызметіне үміткер, Ксенократтан бірнеше дауысқа ұтылған соң, Гераклеяға қайтып оралып өз мектебінің негізін қалауы мүмкін. Диоген Лаэртий (Ү 86–88) Г. шығармаларының катологын сақтаған (47 атау, негізінен диалогтар). Г. парадоксальдылыққа бейім жарқын жазушы ретінде танымал болған, оның диалогтарының кейіпкерлері, әдетте, тарихи тұлғалар (солардың қатарында Фалес, Пифагор
170
«философия» терминін ойлап тауып, өзін алғашқы болып «философ» деп атаған Пифагор туралы аңыз Г. диалогтарынан бастау алады). Сал. Цицеронның Г. еліктеп жазған «Мемлекет туралы» диалогы. Г. шығ. жоға- лып кеткен, оның көзқарастарын қалпына келтіру доксографтардың үзінді- лері мен мәліметтеріне негізделеді. Физикада («Табиғат туралы») Демокрит- тің өзгермейтін және мәңгілік атомдарына қарсы Г. сапалы өзгешеліктер тән және құдайы әлемдік ақылмен басқарылатын «жапсарласпаған моле- кулалар» туралы түсінікті дамытты. Г. концепциясы Лампсактан шыққан Стратонға және б.з.д. І ғ. Вифиниядан шыққан дәрігер-натурфилософ Асклепиадқа үлкен әсер етті. Г. диалогтарында Жердің өз осімен айналуы, Венера мен Меркурийдің Күнді, Күннің Жерді айналып қозғалуы (сал. Тихо Брагенің гелиогеоорталықтық жүйесімен), гелиоорталықтық гипотеза және тіпті, басқа планеталық жүйелердің бар екендігі туралы болжамдары сияқты астрономиялық теориялар талқыланды. Жанның астральдық кон- цепциясы («жан Құс жолынан шығатын – жарық») «Аидтегі нәрсе туралы» диалогындағы жанның субстанционалдығын теріске шығаруымен ұштасып жатты.
ГЕРАКЛИ́Т Эфе́стік (б.д.д. 544–483 жж.) ежелгі грек философы. Ол басилевс (патша) титулының мұрагері болған, бірақ ол мұрагерліктен бас тартып, інісіне берген. Бірден бір трактаты аңыз бойынша Эфес қаласының қорғаушысы Артемиданың храмына арнаған. Бұл трактаттан 140 шамасында үзінділер сақталған. Кітап метафоралық тілмен, арнайы көп мағыналылықпен, аллегориялармен, жұмбақтармен жазылған. Сондықтан Г. «Қараңғы» («Темный») деп атап кеткен. Трактат үш бөлім- нен тұрады: «Әлем туралы, мемлекет туралы, құдай ілімі туралы». Пери- патетикалық доксография Г. метафорикасын сөзбе сөз түсініп, оны «физик» деп бір жақты түсіндірген, бірақ грамматик Диодоттың пікірінше, (Диоген Лаэрций. ІХ, 15) Г. трактаты «табиғат туралы» емес, «мемлекет туралы». Г. әйгілі «Бәрі ағады, бәрі өзгереді» (ежелгі грекше παντα ρει και ουδεν μενει). Бұл фразаның дәл формулировкасы «παντα ρει και κινει ται, και ουδεν μενει». Сондықтан да аудармасы: «Барлығы ағады және қозғалады және де ешнәрсе өзгеріссіз тұрмайды (сол күйде тұрмайды)». Диалектиканың алғашқы тарихи формасының негізін қалаушы.
Г. грек философиясында бірінші болып өз жүйесінің ортасына өзгеру мен тәртіп мәселесін қойды. Оның ілімінің бастысы – Логос туралы. Грекше
«логос» «сөз», «ой» деген мағынаны білдіреді. Кейінірек ол «ілім» деген сөзді білдіретін болды. Әлемде, Г. бойынша, барлығы өзгерісте болады. Ол әлемді суы үнемі өзгеріп отыратын өзенмен салыстырды: бір өзенге екі рет енуге болмайды. Бұл өзгерістерде қарама-қарсылықтар заңы билік етеді. Барлық бар нәрсе өзінің қарама-қарсысына өте алады және өтіп отырады.
171
Жылы суық болады, күн түнмен ауысады, өмір өліммен ауысады т. б. Г. және барлық мүмкін болатын қарама-қарсылықтардың түрлерін көрсетеді. Қарама-қарсылықтар бір мезетте өмір сүреді, бірінен соң бірі келіп оты- рады, бір-біріне өтіп отырады. Сонымен қатар, ол қарама-қарсылықтардың сәйкес келу теңдігі туралы идеяны ұсынады. Біздегі бір нәрсе тірі де, өлі де, дейді Г. Бірақ қарама-қарсылықтар өздігінен өмір сүрмейді, ол әлемді билейтін универсалды күштің қасиеті. Ол күштің аты – Логос. Г. Логос ұғы- мына Космоста бәрі бағынатын, тіпті Космостың өзі де бағынатын уни- версалды заңдылық мағынасын береді. Логос – белгілі бір әлемдік зерде, ол барлығын сол барлығының көмегімен басқарады. Логос біртұтас емес, ол қарама-қарсылықтардың бірлігі. Логос, Г. ойынша, барлығында бар, бірақ өз санасынан жоғары көтеріле алмайтын адамдар оның бар екендігін біл- мейді. Адамдар жеке нәрселерді байқамайды, біртұтастықты түсінуге қабі- летсіз. Г. ойынша, жекелікке жалпылық тұрғысынан қарау керек.
Логосты оттан байқауға болады: өзінің өзгерісінің біркелкілігіне қарай от Г. байқаған әлемді құрайтын эфирдің алауы, су мен түтіннің бір-біріне ауысуының өлшемі болып табылады. Барлығын гармонияға әкелетін Логос немесе өлшем, әлемге мәндік бірлік береді. Адам міндетті түрде Логосты тануы керек, өйткені адамның жаны оттан жаралған, ол ақымақтықтың, сонымен қатар, ұйқы мен өлімнің әсерінен болатын ылғалмен өшірілуі немесе бәсеңдетілуі мүмкін. Белсенді күйінде жан материалды түрде сырт- қы заттардың отты элементімен жанасады, одан қорек алады. Егер жан ақымақтыққа, бірте-бірте ылғалдануға қарсылық білдірсе, ол белгілі бір уа- қытқа өлімді де жеңеді. Ақымақ адам мен ақылды адамның айырмашылығы олардың жандарының «ылғалды» немесе «құрғақ» болуымен байланысты.
Г. адамдардан безіп, таулы шөптерді қорек етіп, жалғыз өмір сүрген деген аңыз бар. Оның өлген уақыты белгісіз. Диогеннің айтуынша, ол 60 жасында, б.д.д. 484–481 ж. аралығында қайтыс болған.
Достарыңызбен бөлісу: |