Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет195/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   401
Байланысты:
treatise187525

ЖЕМҚОРЛЫҚ – мемлекеттік басқару құрылымында лауазымды қызмет атқаратын адамның өзіне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке басының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалануы, қоғамның тұрақты дамуына қарсы жасаған қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Ж-тың жалпы белгілері: лауазым иесінің делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі), ақша, бағалы қағаздар, мүлік сипатында пайда табу, пара алу, туыстық, жерлестік т. б. жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік, қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу. Ж-тың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болуына, елдің экономикалық өсуі қарқынының тежелуіне және әлеуметтік-саяси шиеленістердің күрт асқын- дауына соқтырады. Жүзеге асуы түрлеріне қарап Ж. екіге бөлінеді: жеке- леген лауазымды қызметкер жасаған қылмыстық іс-әрекет және бірнеше лауазымды қызметкердің бірігіп жасаған, сыбайластық әрекеттері. Жоғар- ғы лауазымды мемлекет қызметкерлері жаппай Ж-қа салынған жағдайда,


255

құқық қорғау органдары оларды жасаған заңға симайтын іс-әрекеттері үшін, қылмыстық жауапкершілікке тарта алмайтын жағдай қалыптасады. 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі Ж-қа қарсы күрес туралы конвенцияға қол қойды. Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып, ұдайы сыбайлас Ж-қа қарсы жұмыстар жүргізеді.




ЖЕТІ ДАНА – ежелгі грек тарихында, б.д.д. VІІ–VІ ғасырларда өмір сүргендері туралы мәліметтер берілетін, негізінен мемлекеттік тұлғалар болған деп көрсетілетін адамдар. Тарихи мәліметтерде 17 адамның аттары аталады. Олардың өмірлік ұстанымдары, ғибратты даналықтары, қысқа сөздері сол тарихи дәуірлерде кең танымал болған. Платонның ойынша («Протогор») бұл данышпандар Милеттен шыққан Фалес, Митиленнен шыққан Питтак, Коринфтен шыққан Периандр, Линдостан шыққан Клеобул, Приенннен шыққан Биас, Лакедемоннан шыққан Хилом, Афина- дан шыққан Солон болған. Ж.д.-ның бізге жеткен, ең көп таралып кеткен нақыл сөздері: «Бәрі өз уақытында болады» (Питтак), «Өзіңді өзің таны» (Фалес), «Ешнәрсе шамадан тыс емес» (Солон, Хилон), «Ең үлкен байлық
– ешнәрсені тілемеу» (Биас), «Бәрінен жақсысы – шаманы білу» (Клеобул),
«Ләззат алу өткінші, рахымшылдық мәңгі қалады» (Периандр).


ЖЕТІ ҚАЗЫНА – түрік халықтары дүниетанымына ортақ ұғым. Қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрлі, философиялық түсініктерінің бірі. Көшпенділік тұрмыс салтына байланысты өмірге келген Ж. қ. ұғымын халық ер адам тіршілігімен байланыстырады. Оның бірнеше нұсқалары бар, бір деректе оған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл-білім. 4. Жүйрік ат.
5. Қыран бүркіт. 6. Берен мылтық. 7. Жүйрік тазы (ит) жатқызылса, енді бір деректе ол: 1. Жүйрік ат. 2. Қыран бүркіт. 3. Құмай тазы. 4. Берен мылтық.
5. Қанды ауыз қақпан. 6. Майланғыш ау. 7. Өткір кездік – деп көрсетіледі. Ер жігіттің жүйрік аты – қанаты. Қыран бүркіт – қуаты. Құмай тазы – абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы – қаһарлы оты. Қақпаны – серті, ауы – әдіс-айласы, кездігі – сұсы ретінде танылады. Халық жеті қазынаны өмір, тіршілік сұранысының негізі ретінде қарастырған.


ЖИД Андре (1869–1951) – француз жазушысы, философ. Нобель сыйлығының лауреаты (1947). Дидак. бағытта жазылған «Жер бетіндегі айқындылық» (1897) кітабында мәдениетке жауапты тек қана бүлікшілер деген ой айтты. Өйткені олар жер бетінің ащы тұзы және Құдай алдында да жауапты деп ой түйеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет