Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Шығ. жинағы. 1–4 т.т. (1935–1936)



бет196/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Шығ. жинағы. 1–4 т.т. (1935–1936).


ЖОМАРТТЫҚ – адам бойындағы жақсы қасиеттерінің бірін білді- ретін, оң моральдық сапасын белгілейтін этикалық категория. Жарлыға,


256

жарымжанға, жасқа, кәріге, мүгедек жандарға, яғни басқаның жәрдеміне мұқтаж адамдарға ешқандай ақысыз, пайда күтпестен көмекке келу Ж. мінез санатына жатқызылады. Ж. – бір адамның екінші адамға немесе оның тобына қарымтасыз, міндеттеусіз қызмет жасап, жақсылық жасауға шын пейілділігі, нақты ісі арқылы көрініс табатын оң моральдық сапасы. Тым шашылу Ж-тан көрі ысырапшылдыққа жақын. Құранда: «Қолыңды мүлде мойныңа байлаулы қылма да, бүтіндей ашпа да. (Өте сараң болма, барыңды да жайып салма). Онда сөгіске ұшырап таршылыққа қаласың» (Исра сүресі, 29-аят). Жасаған қайырымың Ж.-қа жатуы үшін алдымен, ниетің таза, түзу болуы, Алланың ризашылығын ойлап, ешқандай пайда, рахмет, мақтау күтпей жасалуы шарт. Адамзат тарихында мұндай Ж.-ты Пайғамбарлар және оның сахабалары жасаған. Мұхаммед пайғамбардың


«Мың бір хадисінде»: «Жомарт кісінің қателіктерін кешіріңдер, себебі Алла тағала, ол сүрінген сайын қолынан ұстап, құлатпайды. Төмендегі алушы қолдан, жоғарыдағы беруші қол жақсы» – деп айтылған. «Жомарттан асқан нарлық жоқ» (Қожбанбет би), «Жомарт болар кісіні табағынан танимын. Бай болатын жігітті пейілінен танимын» (Балпық би), халық мақалы «Кең болсаң кем болмайсың» – дегендерден Ж-тың адамды дұрыс мінезге қарай бағыттайтын әрі оң іс-әрекетті көрсететін моральдық жүйенің бір ұшы екендігін аңғартады. Жомарт адамның әлеуметтік беделі үстем болып, халық оны құрметтеген, ол тек пенденің сүйіспеншілігіне ғана ие болмаған, сонымен бірге, Алланың да махаббатына ие болған. Хадисте: «Жомарт кісі Аллаға жақын, жәннатқа жақын, адамдарға жақын және жәханнам отынан ұзақ» (Тиризми сүресі, 40-аят). «Дүниеде ең бақытты адам кім?» – дегенге, бұрынғының даналығы: «Өзінің әділдігімен, жомарттығымен көзге түскен адам» – деп жауап берген. Бұл – жақсылық басқалардың да басында болсын деп қана қоймай, солай болуына іс жүзінде көмектесіп, шаттық сыйлау қабілеті. Жомарт адам оңайлықпен бұл мінезін тастай алмайды. Ондай кісі қолында беретін ешнәрсесі болмаса да бұл мінезден ажырай алмайды, яғни адамның қолында ештеңесі болмаса да жомарт болуы әбден мүмкін. Сіз танымайтын адамның жанынан өтіп бара жатып, онымен өзіңіздің жылы шырайыңызбен бөлісе білсеңіз, онда сіз – жомартсыз. Біреудің қайғысын бөлісіп, көңілін ауласаңыз, онда ол – Ж. «Жомарттың қолын жоқ байлайды» – деген халық мақалы осыдан болса керек. Өзінің пайдасы үшін біреуге жақсылық жасаса ол Ж-қа жатпайды. Ж. – бар жақсылық өз басымда ғана болсын, «Менің арбам жүре тұрсын, басқанікі тұра тұрсын»
– дейтін мінезге қарама-қарсы, адамды биік мұратқа ұмтылдыратын қасиет қуаты. Ж. қоғам мүшелері арасындағы өзара сыйымдылықты, үйлесімділік пен жарасымдықты, сыйластықты, бірлік пен татулықты, сүйіспеншілікті нығайтуда маңызы зор моральдық құндылық, адами интеллект күші болып табылады. Қазақ мақалы: «Жомарт дос көбейтеді, сараң мал көбейтеді»


257



  • дейді. Ұлықпан Хәкімнің патша-уәзір жайындағы әңгімесінде патша:

«Ж.-тың шегі қайда?» – дегенде, уәзірі: «Барын беру» – деп жауап беріпті. Қазақты: «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық – нар кісінің ісі» – деген мақалындағы «нар кісі» – Ж. қасиетті білдіреді. Ж.

  • адам болмысын құраушы элемент. Болмысыңмен болыс, басқаға жәрдем қолың соз, басқаға сүйіспеншілікпен қара, солай істесең, сен – жомартсың. Ахмет Йүгінеки: «Жомарт – ер, халайықтың құрметтісі» – десе, қазақ мақалы: «Жомартта жоқ болса да – тоқ» – деп айтылады. ХІ ғасыр ойшылы Қайқаустың пікірінше, адам ақыл, Ж. және туралықсыз жұмыс істей алмайды, өйткені бұл үш қасиет болмайтын адам жоқ, бірақ салғырттық, енжарлық, парасатсыздық және даурықпалық адамға сол ұлы жолды жауып қояды. Оның айтуынша, жомарт адамдардың бірнеше өнері болуы керек:

1) ер жүректілік, мәрттік пен сабыр, қанағат, айтқан уәдеде тұру, көңіл тазалығы, шыншылдық; 2) өз пайдасын көздеп басқаларды азаптамау, оларға қамқорлық жасап, жәрдем беру; 3) жамандардың жамандығынан жақсыларды сақтай білу, тура сөз сөйлеу, әділ болу, жақсыларға жамандық жасамау және зиян келтірмеу. Сонымен бірге, ол Ж-тың шарттарын да анықтауға тырысады. Олар: 1) дауыс көтеріп дауласып біреудің бетін жыртпайды; 2) жұртты ант ішіп, талап қоюға әдеттендірмейді; 3) халыққа қатал емес мейрімді, ғаріп-ғасірлердің қатесіне кешірімді болып, бақыл болмау керек; 4) бұзық адамдардың жаман істерін жарияламайды және көпшілік алдында біреуге жекелей үгіт-насихат айтпайды; 5) біреудің қанын төгуді мақсат етпейді, халықты жаман іске үйретпеу керек; 6) менмендіктен, кесапаттықтан, біреуге қастандық жасаудан аулақ болу басты шарт. Хал- қымыз: «…Жомарттан артық нарлық жоқ» деп ақыл айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет