Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет208/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   401
Байланысты:
treatise187525

ЗҰЛЫМДЫҚ – имансыздық, қиянат жасау, кісі ақысын жеу, қастық іс-әрекеттерге бой алдыру. 1) адамға қарсы жасалатын З. жазықсыз кісі өлтіру, нахақ қан төгу, бүлік шығару, азғындық жасау, адамдар арасындағы қарым-қатынас тәртібін қасақана бұзу, қысым жасап қорлық көрсету, қызмет бабын пайдаланып, қиянат жасау болады. 2) адамдар тобына, немесе бүкіл адамзатқа қарсы жасалған қастық әрекет. Ізгілік пен З. – адам бойындағы, рухани болмысындағы бір-біріне қарама қарсы сипаттар. Адам табиғатынан ізгілік жасауға құштар, дегенмен кейбір адам жасынан З-қа бейім болып өседі. Мұндай бейімділік сол адамның өскен ортасындағы, оның тәлім- тәрбиесіндегі кінәраттар салдарынан болатыны даусыз.


ИГІЛІК – адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның ниеттеріне, мақсаты мен мүддесіне сәйкес келетін, рухани және материалдық байлықты білдіретін жалпы ұғым. И. табиғи және қоғамдық болып бөлінеді. Табиғат И-тері – табиғи үдерістердің, мысалы, топырақтың құнарлылығы, жер асты пайдалы қазба байлықтары. Қоғамдық И-тер – адам қызметінің нәтижелері. Екі жағдайда да И. ненің болса да әлеуметтік анықтамасы, оның адам үшін пайдалылығы маңызды болады. Материалдық және рухани И. сұраныс, қажеттерді қанағаттандыру шарттарына байланысты ажыратылады. Сондықтан, материалдық И-ке азық-түлік, киім-кешек, баспана, өндіріс құрал жабдықтары және т. б. жатса, рухани игілікке – білім, рухани мәдениеттің жетістіктері, адамның мінез-құлқынан көрінетін адамгершілік қасиеттері және т. б. жатады. Адам бойындағы жасампаздық мүмкіндіктер ең жоғарғы И. болып табылады.


ИДЕАЛДАНДЫРУ (франц. idealisation) – ақиқатында ешқашан бол- маған объектілер туралы ұғымдарды ойша құрастыру. Олардың шынайы прототиптеріне (демек, ұғымдарда бейнеленетін қоршаған орта заттарына) жақын ұғымның пайда болуы. «Нүкте», «түзу сызық», «шеңбер», «абсо- лютті қара дене» И. (идеализация) нәтижесінде пайда болатын ұғымға мысал бола алады. Егер «ағаш», «жануар» және т. б. қоршаған ортадан табылатын (демек, осы ұғымдардың мазмұнын құрайтын қасиеттерге ие болған заттар, мысалы, ақ қайың «бұл ағаш» деп айтылады) ұғымдардан айырмашылығында ақиқат өмірден осы «нүкте» ұғымына негіз бола- тынды табу мүмкін емес, демек, объектінің ұзындығы, ені, биіктігі жоқ. Математикалық «түзу сызық», «шеңбер», физикалық «инерция» т. б. ұғым- дар осыған ұқсас сипатқа ие болған. И. үдерісі ақиқат өмірде бар заттарға тән қасиеттерге назар аудармай, пайда болатын ұғым мазмұнына шынайы негіз, бейнеде болатын белгілердің енгізілуімен сипатталады. И. нәтижесі болатын ұғымдар туралы, олар идеалданған объектілер нәтижесі деп айтылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет