Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет205/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   401
Байланысты:
treatise187525

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ (интеллигенция) жөнінде көптеген теориялар бар. Егер шығыстық дәстүрде зиялы қауым деп белгілі патша айналасында топтасқан аздаған ойшылдары, ақындары бар сарай қауымы есептелсе, Батыста бұлай деп өзін тек ой, өнер жұмыстарына, рухани ізденіске арнаған топты атаған. Батыста зиялыны интеллектуал десе, Ресейде интеллигенция деген. Орыс интеллигенциясы әрдайым қарапайым халық жағында болып, өзін билікпен ымырасыз күресте қалыптастырған. Қазақ даласындағы Алаш қозғалысының өкілдері де сондай болған. Кеңес дәуірінде кеңес үкіметіне берілген партиялық интеллигенция пайда болған. Бұл таза идеологиялық, қолдан жасаған құбылыс еді. Оның салқын салдарларынан әлі де арыла алмай келеміз. Қайта құру дәуірінен бері кеңес интеллигенциясының ең үздіктерінің Батысқа көшуі басталды. Қазіргі посткеңестік интеллигенция өзінің бұрынғы қадірлі мәртебесін орнықтыруға талпынуда.




ЗИЯТКЕРЛІК (лат. intellectus – таным, түсінік, ақыл) – адамның ойлау қабілеті, ақылы, парасаты. З. термині ежелгі гректердің «нус» (ақыл) ұғымына сәйкес және мағынасы бойынша Платон мен Аристотельдің «нус», адам жанының ең жоғарғы парасатты бөлігі туралы іліміне тең келеді. Терминді осы мәнінде ортағасырлық схоластика (Құдай зияткерлігі ретінде және т. б.) қабылдады. Сонымен бірге, З. термині схоластикада жоғарғы таным қабілетін (рухани мәндерді жоғарғы сезімдік ұғыну) төменгі таным қабілеті (элементарлық абстракция) ретіндегі парасатқа (ratio) қарама- қарсылықта белгілеу үшін қолданылады. Кант образдық мәнде, зияткерлік терминін (неміс. verstand – ақыл) ұғымды қалыптастыру қабілеті ретінде, ал парасатты (неміс.vernunft) метафизикалық идеяларды қалыптастыру қабілеті ретінде қолданды. Бұл сөздің қолданылуы неміс классикалық философиясында кең таралымын тауып, Гегельдің ақыл мен парасат концепциясында нақтыланды. ХІХ ғасырдың соңында экспериментальді психологияда, парасаттың дамуы дәрежесі ретіндегі З-ті көптеген арнайы тесттер көмегімен және факторлық талдаулар арқылы оның статистикалық өңдеу жүйесін анықтайтын бағалау әдістері пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет