Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет238/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   401
Байланысты:
treatise187525

КЕСІМДІ ИМПЕРАТИВ – неміс ойшылы Иммануил Кант филосо- фиясының ұғымы, жалпыға бірдей, жеке принципке (максиме) қарама- қарсы, міндетті түрде орындалуға тиіс мінез-құлықтық адамгершіліктік ереже. Канттың пікірінше, адам бір-біріне қарама-қайшы екі дүниенің: сезім арқылы қабылданатын феноменалдық және ақыл арқылы танылатын ноуменалдық дүниенің субъектісі. Феноменалдық дүниеде адам табиғи күштерге, қоғамдық ережелерге тәуелді, яғни өзін еркін сезіне алмайды. Ал ноуменалдық дүниеде адам еркін, сезімнен жоғары, рухани-адамгершілік идеалдар мен құндылықтар үстем интеллигебелді дүниенің мүшесі. Яғни, адам екі қайшылықтың – табиғат пен еркіндіктің – арасында таңдау жасауға мәжбүр. Кант осы екі дүниенің өзара байланысын, бір-біріне әсерін мойындай отырып, ноуменалдық бастауды жоғары қояды. Оның тұжырымдауынша, адам ақыл-ойының көмегімен адамгершілік ережелерін жасақтауға қабілетті. Бұл ережелерді Кант екі түрге бөледі: шартты және шартты емес. Шартты ережелерді орындау-орындамау адамның өз еркінде. Мысалы, әрбір адам денсаулығын күткені дұрыс. Бұл ереже жалпы түрде ұсынылады, саулығыңыз туралы бас қатырғыңыз келмесе, ол сіздің жеке проблемаңыз. Ал адамгершілік талаптарды, Канттың пікірінше, әрбір адам орындауға міндетті, оларды Кант абсолюттік адамгершілік заң, бұлжымай- тын императив ретінде қарастырады. Адамгершілік заң адамның абсолют- тік еркіндігін реттеуші нәрсе. Кант «Сен еркін де ақылды болуға тиістісің» деп жария еткенімен, абсолюттік еркіндік түбі жақсылыққа апармайты- нын түсінді, сондықтан да бұлжымайтын императивті енгізді. (Шектеусіз, абсолюттік еркіндік іс жүзінде аморальдыққа ұшырататынының дәлелін тарихтан да, қазіргі өмірден де көруге болады. Гегельдің өзі абсолюттік еркіндікті жан шошырлық нәрсемен теңеуі тегін емес). Бұлжымайтын императив парыз ұғымына негізделген.
Бұлжымайтын императивтің келесі қағидаларында Кант адамға деген талабын күшейте түседі: «Сенің ісің, тәртібің жалпы заң болсын», «Сенің жігеріңді билеуші ереже дүниежүзілік заңдылық негізіне айналатындай қызмет ет». Яғни, басқаларға үлгі болатындай өмір сүру – әрбір адамның парызы, бұл тұжырым адам өмірінің өлшемі деуге де болады. Аталған талап адамнан көп еңбекті, мықты жігерді, ақылойдың орасан жұмысын қажет етеді, бірақ адамның рухани, адамгершілік, тіпті кәсіби жағынан жетілуіне зор пайдасын тигізетіні күмәнсіз. Парыздың осыншама императивтік күшінің негізін Кант «адам табиғаты мен адам өмір сүріп отырған дүниенің жағдайларынан емес, а prіorі таза ақыл ұғымдарынан іздеу қажет» деп түсіндіреді. Ол адамның адамгершілікті өмір кешуі қажет екендігін оның ақылы, парасаты талап етеді, сондықтан адам ақылының бұйрығын міндетті түрде орындауы керектігін ерекше ескертеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет