Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет246/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   401
Байланысты:
treatise187525

323


КОНТЕКСТ, кеңмәтін (лат. contextus – қосылу, келісім, байланыс)
– мәдениеттануда адамның шығармашылық қызметінің нәтижесінің маңы- зын айқындайтын, мәдени және әлеум.-тарихи жағдайды жалпы түсіндіру үшін қолданылатын термин, белгілі бір үдерістің аясында мәселені қарастыру.


КОНТРОПОЗИЦИЯ ЗАҢЫ – логикада мақұлданған оң пайымдау- дың оны терістеуші пайымдауға өтуін және керісінше, теріс пайымдаудан оң пайымдауға өту заңдылығын айтады. Осы екі қарама-қарсы тұжырым- дардың өзара астасуы мен өзгерістерге ұшырау заңдылығы ол зерделеу жатқызылады.


КОНФИГУРАЦИЯ (лат. confіguatіo – біріктіру) – басым бағытты мәдени модельге немесе негізгі тақырыпқа әртүрлі мәдени ерекшеліктерді біріктіру. Зерттеу барысында сол мәдениетте тұрақты көрініс тапқан ерек- шеліктерді тану (субмәдениетте, мәдени даралық жағдай нәтижесінде).


КОНФОРМИЗМ (көнелат. conformіs – тәрізді, ұқсас, сәйкес) – ықпалы күшті, үлгілі, стереотипке сынмен қарамай еріп кету, бейімделгіш, пассивті әлеуметтік іс-әрекет түрі. Мәдени К. – Р. Мертонның айқындауынша, тұлға- ның мәдени мақсатты, оған жету жолын сын көзбен сараламай қабылдауы.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Т 12. – Астана: Аударма, 2005.


КОНФЛИКТ (лат. conflіctus – қақтығыс) – қарама-қарсы көзқарас- тардың, пікірлердің, мақсаттардың қақтығысы. К. термині әдетте өнердің әдебиет, театр, кино сияқты салаларының жанрларында қолданылады. Көркем шығармада оқиғаға қатысушы бейнелердің қарама-қарсы іс-әрекет, қимылын көркемдік шиеленіс деп атайды.


КОНЦЕПТУАЛЬДЫҚ (лат. conceptus – ой, көзқарас жүйесі) – ХХ ға- сырдың 70–80 жылдары модернизмде қалыптасқан бағыт. Өнердегі К-тың ерекшелігі – сол өнердегі идеяны материалистік тұрғыдан қабылдауды теріске шығарудан тұрады. Олар «көркемдік идеяны» (басқаша айтқанда, концептуальдық) көрермен санасына схема, диаграмма, таңба арқылы жет- кізуге шақырды. Өнердің өз табиғатын ерекше көрсету бағытын ұстанады.


КОСМОГОНИЯ (грек. kosmos – дүние. әлем, ғарыш) – астрономия ғылымының үлкен бір бөлімі космостық объектілер мен жүйесін зерттейтін арнаулы саласы. Дүниенің пайда болуы туралы көне таным дін мен мифте аңыз боп айтылады және оны әлемнен сырт тұрған жаратқан күштің иесі туралы айтылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет