Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен



бет255/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен
эстетикасы. Т. 12. – Астана: Аударма, 2005.


ҚАЗАҚ ЭСТЕТИКАСЫ адам мен әлемдегі әсемдік пен сұлулық ту- ралы қазақ халқының ұлттық көркем мәдениетін зерттейтін философиялық пән. Эстетика термині ежелгі грек тілінен «сезінуші, сезімдік қабылдау» деп аударылады. Қазақ халқының қалыптасу барысындағы эстетикалық ой-пікірлерінің дамуы бірнеше кезеңдерден өткен. Халықтың эстетикалық құндылықтары алдымен фольклорда, тұрмыс-салт жырларында, аңыздары мен мифтерінде, батырлық және лирикалық эпоста көркем формада баян- далған. Қазақ эстетикасының келесі бір арнасы Қазақстан жерін мекендеген түрік тілдес ұлыстардың өзіндік мәдениеті, жазуы мен өнері болды. Көне түрік жазуындағы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінде», Қожа Ахмет Иасауидің «Даналық кітабында», Ахмет Иүгінекидің «Ақыл сыйында», Сүлеймен Бақырғанидың «Хәкім Атасында», т. т. эстетикалық мәдениет пен мұраттың түбегейлі мәселелері көркем суреттелді. Ислам Ренессансы эстетикасын қалыптастыруда қазақ топырағында дүниеге келген әл-Фараби ерекше орын алады. Ол өзінің «Музыканың үлкен кітабы», «Поэзия өнерінің каноны туралы трактат», «Поэзия туралы кітап» атты еңбектерінде эстетикалық болмыс пен таным туралы терең пайымдаулар айтты. Қазақ- тың төлтума эстетикалық мәдениеті хандық дәуірінде қалыптасты және ақын-жыраулар шығармашылығында өзінің шарықтау шыңына жетті.
337

Асан Қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар, Шал сияқ- ты ақын-жыраулардың эстетикалық ізденістері көшпелілердің дүниені қабылдауын білдіреді.


Ақын-жыраулар эстетикасының құндылығы көркем мазмұнымен ғана емес, сонымен бірге дәстүрлі қазақ қоғамындағы қуатты әлеуметтік- мәдени орны және қызметімен айқындалады. Сондықтан олардың алдында тек бұқара халық емес, ақсүйектер де ілтипат сақтаған. Ақын-жыраулар толғауларында бүкіл қазақ халқының ой-арманы мен эстетикалық түсінік- тері шынайы бейнеленген. Олардың шығармашылығында сұлулық пен әсемдікті, ерлік пен елдікті жырлау басым болып келеді.
Шоқан қазақтың ауызекі мәдени үлгілеріне алғашқы ғылыми талдау берді. Ыбырай Алтынсариннің эстетикалық көзқарастары оның сан қырлы педагогикалық қызметімен байланысты. Оның бұл бағытта қойған бағдарларына жататындары: «қазақтың келешегін дұрыс жолға қою; екіншіден, сенімсіз дүмше молдалардың өлшеусіз қанауынан халықты құтқару; үшіншіден, қазақтың әзірге жойылмай келген ешқандай дін ықпалына түспеген тәжірибелік негізге сүйенген дәстүрін сақтау». Өзінің шығармаларында ол халықтың қоғамдық өмірінде, оның рухани дамуында әдебиет пен өнердің қаншалықты орын алатындығын көрсетті. Мұнда ағартушының отаншылдығы айқын аңғарылады. Ыбырайдың «Орыс- қырғыз школы туралы» жобалары да, әйгілі «Қырғыз хрестоматиясы» да, тіпті жазылу себебін әркім әрқилы жоритын «Шариат-ул ислам» кітабы да дәстүрді үзбеу ыңғайында жазылды. Абай Құнанбайұлының эстетикалық ойлары мың жылдан артық тарихы бар жазба әдебиетіміз бен рухани мәдениетіміздің ХІХ ғасырдағы тарихи шындығы аясында қарастырылуы тиіс. Абай өзінің көркем шығармашылығында сол замандағы қазақ қауы- мының көкейкесті мәселелерін терең білдіре алды және олардың шешімін іздеді. Ол қазақ әдебиетінде тұңғыш рет табиғат пен адамның сұлулығын нақтылап айқындай түсті. Поэзияның көркемдігін шыңына жеткізе түсуді, мағынасын тереңнен толғау керектігін айтты.
Абайдың қара сөздерінде көрініс тапқан эстетикалық көзқарастар қазақтың көркем мәдениетін жаңа деңгейге көтерді. Шын мәнісіндегі халықтық бағыттағы ақын-жазушылар заман талабын терең сезіну мен сол жайында толғануды, алға және алысқа көз тігуді, тарих тамырының жанды соғысын суреткерлік және азаматтық жүрекпен ұғынуды Абайдан үйренді. ХХ ғасырдың басында Алаш зиялылары еңбектерінде әдеби- эстетикалық ілімдер қазақ әдебиетінің орыс мәдениеті арқылы Еуропа жә- не жәдитшіл татар мәдениеті арқылы оянған Шығыспен тоғысуы нәтиже- сінде қалыптасты. Терең эстетикалық ойлар Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Ғұмар Қараштың, Әлихан Бөкейханның, Ахмет Байтұрсынұлының, Мағжан Жұмабайұлының, Міржақып


338

Дулатұлының, т. т. шығармаларында айтылды. Олардың талқылаған басты тақырыптарына қазақ сөз өнерінің ерекшеліктері, дәстүр мен жаңашылдық, өнердегі гуманизм мен имандылық, фольклордағы рәміздік кейіпкерлер, ұлтжандылық пен азаматшылдық, т.т. жатады.


Кеңес Одағында қазақ эстетикасы қайшылықты жағдайда дамыды. Бір жағынан, «мазмұны социалистік, формасы ұлттық мәдениет» дегенді басшылыққа алған тоталитарлық жүйе ұлттық көркем өнер түрлерін зерттеуге шек қойды. Екінші жағынан, «жан-жақты жетілген адам» дегенді мұрат тұту білім беру мен эстетикалық тәрбиеге назар аудартты. Бұл дәуірде көптеген ғалымдар мен өнер қайраткерлері қазақ халқы өнерінің тарихы мен типтік ерекшеліктерін зерттеуге үлкен көңіл бөлді. Олардың қатарында М.О. Әуезовтың, Ә.Х. Марғұланның, Е. Ысмайыловтың, М. Қаратаевтың, М. Базарбаевтың, Қ. Жұмалиевтің, А. Жұбановтың, Б. Ерзаковичтің. Ә. Қоңыратбаевтың т. т. еңбектерін атап өтуге тұрады. ХХ ғасырдың екінші жартысынан Қазақстанда кәсіби философиялық-эстетикалық бағыт қалыптаса бастады. Идеологиялық қысым жағдайында қазақ эстетиктері (Б.Р. Қазыханова, Қ.Ш. Нұрланова, Е.И. Байзақов, С. Ақатаев, М. Қаратаев, Е. Тұрсынов, М.М. Әуезов, Ә. Мұхамбетова, т. т.) ұлттық тарихи-мәдени мұрадағы көркем мәдениеттің өзіндік болмысына теориялық талдау берді. Әкімшіл-әміршіл жүйе осы авторлардың бір тобы дайындаған көшпелілер эстетикасына қатысты монографияны таратуға тыйым салды. Қазақстан Республикасында эстетикалық зерттеулер әлемдік жаңа өркениеттілік құн- дылықтарды қабылдау және ұлттық мәдени мұраны жаңғырту аясында өрістеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет