Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет258/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Қазыханова Батеш Рахымханқызы (1929-2016), Шығыс-Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Батеш Рахымханқызы Қазыханова - мәдениеттанушы, философ, философия ғылымдарының докторы, профессор, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті философия факультетін бітірген (қазір әл-Фараби ат. ҚазҰУ, 1952). 1953 жылы М.В. Ломоносов ат. ММУ-да білімін жетілдіргеннен соң, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті философия факультеті философия кафедрасында оқытушы қызметін атқарады (1953-1954). Кейін Шымккент пединститутында аға оқытушы (1954-1957), ҚазМемҚызПИ-да аға оқытушы (1957-1961) болып жұмыс істейді. 1961-1968 жылдары Батеш Рахымханқызы Қазақстан ҒА Философия институтында аспирант, кіші және аға ғылыми қызметкер болады. 1968 жылдан Батеш Рахымханқызы Алматы мемлекеттік консерваториясы әлеуметтік ғылымдар кафедрасында профессор, кейін кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. 
Батеш Рахымханқызы Қазақстанның ғылыми-философиялық, ұстаздық кеңістігіндегі танымал тұлға болды, ол нағыз зиялы қауымның өкілі ретінде белгілі, шығармашылығымен елімізде алдыңғы қатарда тұрды. Оның еңбегі мемлекет тарапынан да жоғары бағаланып келді, оған «Жоғары мектептің еңбегі сіңген қайраткері» атағы берілді, көптеген Құрмет грамоталарымен, медальдармен, төсбелгілерімен марапатталды. Шынайы ұстаз ретінде ол өзінің терең де жан-жақты білімін шәкірттері мен оқушыларына дарқан түрде бөлісті және Қазақстанда эстетикалық мектептің негізін қалаушылардың бірі болды. Ондаған жылдар бойы ол әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дағы Диссертациялық Кеңестің мүшесі болды және елімізде философия бойынша жоғары дәрежедегі мамандарды дайындауға тікелей ат салысты.
1961 жылы Батеш Рахымханқызы Қазақстан ҒА Философия институтының аспирантурасына оқуға түседі және онда «Қазақ халқының мәдени мұрасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғайды. 1973 жылы ол «Қазақ халқының эстетикалық мәдениеті» тақырыбында докторлық диссертацияны табысты қорғайды. Профессор Б.Р.Қазыханованың ғылыми баяндамалары эстетика бойынша ұйымдастырылған Халықаралық конгресстерде үлкен қызығушылықпен тыңдалды (Румыния, 1972 жыл), (Канада,1984 жыл).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет