Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Ежелгі көшпелілер дүниетанымы. Т. 1. – Астана: Аударма, 2005



бет261/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Ежелгі көшпелілер дүниетанымы. Т. 1. – Астана: Аударма, 2005.


Қасабек Аманжол Қасабекұлы 1943 жылы 5 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген.
М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Әлеуметтану ғылымдары академиясының, Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі.
1969-1978 жылдары - Жамбыл педагогикалық институтының, Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтының аға оқытушысы. 1978-1988 жылдары - Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы Кәсіби біліктілікті арттыру институтының доценті. 1988-1991 жылдары - Алматы сәулет-құрылыс институты философия кафедрасының меңгерушісі. 1991-1994 жылдары - Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы Кәсіби біліктілікті арттыру институтының директоры болды және 1992 жылдан қазақ және шетел философиясы кафедрасын басқарды, 1998 жылдан - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, 1995-1998 жылдары - І.Жансүгіров атындағы Талдықорған университетінің ректоры. 2000 жылдан Қазақ мемлекеттік заң университетінің кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Қазіргі уақытта І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры.
Аманжол Қасабекұлы Қазақстандағы философиялық зерттеулерді заман талабына сай жаңа деңгейге сай көтеріп, дәстүрлер сабақтастығын сақтай отырып, тарихи-философиялық пәндерді уақыт сұранысына байланысты қайтадан қарап, қазақ философиясының тарихы мен заманауи философиялық мәселелерді қарастыратын жаңа ғылыми бағыттың негізін қалады. А.Қ. Қасабек қазақ халқының бай рухани мұрасына сүйеніп, философия тарихының заманауи мәселелерін зерттеуді дамытуға ықпал етті. Ол Қазақстанда ғана емес, басқа да елдерде танымал болған «Социальная деятельность и социальное познание», «Искание истиын», «Қазақ философиясы», «Тарихи-философиялық таным», «Шығыс философиясы», «Личностный характер философского познания», «Ғылым философиясы», «Құқық философиясы» секілді оқу және ғылыми басылымдарының авторы болып табылады.


ҚАСИЕТТІ (лат. sacrum – қасиетті) – барлық аса киелі құндылыққа, мінәжатқа жататын нәрселер. Теологияда Қ. дегеніміз Құдайға бағынышты болу. Қ-тінің рәмізі ретінде қасиеттеу рәсімі көрінеді, яғни күнделікті тіршілікке, трансцендентті мағына беретін рәсім. Қасиеттеудің жүйесі төмендегі қосындылардан тұрады: а) белгілі қоғамға тән қасиетті ойлар құрамынан; б) осы ойлардың абсолютті ақиқаттығына сендіретін психо- логиялық тәсіл мен иландыру құралдарынан; в) арнайы таңбалар жүйесі- нен; г) арнайы ұйымнан; д) арнайы жүйені қалыптастыруға көп уақыт кетеді, ол өзіне өткен және жаңа пайда болған дәстүрлерді сіңіреді. Қасиетті дәстүрдің және қасиеттеудің өміршең жүйесінің арқасында дін немесе идея қоғамның барлық кеңістігіне тарап, әлеуметтік топтармен қатар барлық буындарды біріктіреді. Таңдаулы объект қасиеттелген кезде қоғам нақты болмыстан гөрі, оның шынайлығына көбірек сенеді. Сондықтан қасиеттеу рәсімін идеологияның ең басты құралы деп санауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет