Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 4. Ислам философиясы. – Астана: Аударма, 2005



бет262/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 4. Ислам философиясы. – Астана: Аударма, 2005.


ҚАСЫМЖАНОВ Ағын Хайроллаұлы (1931–2000). Философия ғылым- дарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың философия бөлімін 1954 ж. алғашқылардың бірі болып үздік бітіріп шы- ғады. Университеттің аспирантурасын аяқтағаннан кейін 1957–1963 жж. ҚазКСР Ғылым Академиясының философия және құқық институтының кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс істейді. 1960 ж. Мәскеудегі КСРО Ғылым Академиясының философия институтында «В.И. Лениннің «Фило- со-фиялық дәптерлерінде» диалектика, логика және таным теориясының сәйкестігі мәселесін байыптауы» атты тақырыпта кандидаттық диссерта- циясын қорғайды. 1963-1966 жж. ҚазМУ-дың доценті. А.Х.Қ. Мәскеу қала- сында 1969 ж. «Диалектиканың логикалық аспектілері» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғайды. 1970 ж. ҚазКСР Ғылым Академиясы- ның ең жас корреспондент-мүшесі болып сайланады. Осы жылдары А.Х. Қ. жетекшілігімен әл-Фарабидің философиялық, әлеуметтік-этикалық, логи- калық трактаттары алғаш рет араб тілінен қазақ және орыс тілдеріне ауда- рылып, жарық көрді және ғылыми айналымға енді. 1976–1977 жж. А.Х. Қ. ҚазМУ-дың философия және экономика факультетінің деканы, 1977– 1983 жж. ҚазМУ жанындағы жоғарғы оқу орындары оқытушыларының біліктілігін жетілдіру институтының директоры, 1983–1986 жж. ҚазМУ-дің философия тарихы және логика кафедрасының меңгерушісі. 1993 ж. А.Х. Қ. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің жанында «Әл-Фараби және қазақ хал- қының рухани мұрасы» атты республикалық ғылыми-зерттеу және оқу- әдістемелік орталығын құрып, ұлы ғұлама-ойшылдың мұраларын түбегейлі зерттеуге жол ашады. 1996–1997 жж. Фулбрайт қорының шақыртуымен А.Х. Қ. Оклохома Мемлекеттік университетінде (АҚШ) «Дала өркениеті»,
«Орталық Азия мәдениеттануына кіріспе» атты тақырыптарында дәріс- тер оқиды және Стил-Уотерде (АҚШ) «Ортағасырлық мәдениеттің қайта жаңғыруы» атты халықаралық ғылыми конференцияны ұйымдастырады. А.Х. Қ. 1994 ж. бастап 2000 ж. дейін ҚазҰУ-дің философия және саясаттану факультетінің философия және әлеуметтік таным әдіснамасы кафедрасы- ның меңгерушісі қызметін атқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет