ЛОСЕВ Алексей Федорович (1893–1988) – орыс философы, филолог, мәдениеттанушы. 1930 ж-дары оның еңбектерін басуға тыйым салынып, тек 1950 ж. рұқсат берілді. Л-тің 400 астам еңбектері жарық көрген. «Миф диалектикасы» (1930) еңбегінде миф тек поэтикалық таным, бейнелеу тұрғысынан ғана қарастырылмайды, ол «өмірдің өзі», өмірден алынған,
360
шынайы табиғаты қарастырылады. Сонымен қатар, миф догмаға айналып, қатып қалған қағида ретінде қалыпты өмірді қабылдаудан алшақ жатуы мүмкін. Л-тің ең танымал еңбегі, сегіз томдық «Антикалық эстетиканың тарихы» (1963–1988) еңбегі. Бұл еңбекте Сократ, Платон, Аристотель т. б. көне грек ойшылдарының портреті, олардың еңбегімен байланысты мәде- ниеттану мәселелері кеңінен таратылып айтылған. «Қайта өрлеу дәуірінің эстетикасы» еңбегінде Ренессанс дәуіріндегі «асқақтық» пен «төмендік» мәселесіндегі пікір қайшылығын көрсетеді. Л-тің сондай-ақ, «Антикалық космос және қазіргі ғылым», «Есім философиясы», «Музыка логиканың пәні ретінде», «Көркем форманың диалектикасы» «Философия. Мифология. Мәдениет» т. б. еңбектері жарық көрген. Л-тің мәдениеттану саласындағы идеялары замандастарының мәдени және гуманистік ой-танымына ықпал- ды әсері болды.
МАГИЯ, сиқыр (грек. mageіaс – сиқыршылық) – белгілі әрекетке және М
сөздерге кереметтей қасиет беріп дәріптеуші ерекше күш. М. әрекеттері
әртүрлі болады. М-ң қарапайым қимылдан зікір салу сияқты көптеген адам қатысатын күрделі де салтанатты түрлері бар. М. мақсатына орай емдік (балгерлік), зиянды (дуа), тұрмыс-тіршілікке байланысты (аң-құсты, егіс даласын құнарландыру,) болып ерекшеленеді. М. Вебер М. «әлемді дуадан ажыратудың» көрінісі деп атайды. М-лық шаралар монотеистік діндердің өзінде де үлкен рөл атқарады: христиан дінінде икондар кереметіне деген сенім; исламда – бойтұмарлар, киелі мазарларға түнеу, құранды ұстану. М. күшке деген сенімнің түрі көп. Мыс., әртүрлі ырымдар, көз тиу, бақытты және бақытсыз күндер М-ның мән-маңызы, оның дінге қатысы туралы қарама- қайшы пікірлер білдірілді: сиқыр, дуа әрбір діннің қажетті бөлігі дейтіндер де, сиқыр, дуа мен дінді бір-біріне қарсы қоятындар да бар. Мәселен, Дж. Фрэзер М. дінге қарама-қарсы деп есептеді. М. адамның объектіге тікелей әсер етуі және тілек-мақсатына жету жолындағы өз мүмкіндігіне деген сенімге негізделген, ол жоғарғы бір күштердің қолдап-қорғауына сүйенеді. М. алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге деген сенімнің күшейе түсуімен тікелей байланысты болды. М. ұғымын әртүрлі салт-жоралар мен оларға сай ырымдардың жалпы белгісі құрайды. Сиқырлық салт-жоралғылар адам өмірінің сан қырлы саласында: бір жағдайларда шаруашылық жұмыстарына байланыстырылып, келесі бірде – некелік-жыныстық және отбасылық қарым-қатынастарға, үшінші бір жағдайда – денсаулықты қорғау және ауру-кеселдерді емдеу, кейбірде
– тайпа аралық қарым-қатынастар, соғыс және өзге де жайттарға қатысты көрініс табады. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде М-лық салт-жоралғыны орындаушылар «бақсылар» болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |