Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет275/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   401
Байланысты:
treatise187525

«МАНАС» – қырғыздың ұлттық эпосы. «М.» эпосын Ш. Уәлиханов дала «Илиадасы» деп атады және қырғыз халқының энциклопедиясы деген анықтама берді. Бұл қаһармандық эпос қырғыздардың көпғасырлық тарихы барысында қалыптасты және дамыды. Ол екі этномәдени аймақта, яғни Оңтүстік Сібірде және Орталық Азияда пайда болып қалыптасты. Түркі-моңғол халықтарының бір-біріне әсер-ықпалы этногенетикалық байланыстарынан туындайды. Енесей ежелгі қырғыздары Тянь-Шань қыр- ғыздарымен генетикалық туыс екенін – Талас руникалық ескерткіштері растайды. «М»-та пұтқа табынушылықтың бірталай белгілері: заттардың, сөздің құдіретіне деген сенім сақталған. Қойдың жауырынымен көріпкелдік жасауы туралы да бірнеше рет айтылады. Түркі халықтарының тотемі қасқыр – «бөрі» және түркілердің қаншық қасқырдан тарайтыны туралы аңыз – «М»-та көркемдік қалыпқа түсіп берілген. Батыр М-тың теңеу есімдері «көкжал», «көкбөрі Манас» – нақ бір қасиетті тотем сияқты айтылады. Көк аспанды қадір тұту Тәңірі ұғымымен байланысты. Эпоста Ұмай-ана Манас дүниеге келерде сол жерден табылып, анасының жеңіл босануына көмектеседі. Бұл тұста Ұмай-ана сәбилерді қолдап-қорғаушы ретінде көрінеді. Пұтқа табынудың сенім-нанымдар белгісі жерлеу рәсі- міне байланысты эпизодтарда бейнеленеді. Қайтыс болған адамның сүйе- гін өртеу жоралғысы ежелгі қырғыздардың отқа қасиетті, тазартатын стихия ретінде табынғанын бейнелейді. Эпоста аңыздық тотем барлық хайуандардың қорғаушысы Қайып, сондай-ақ аңыздық бұғы құлжа бар. Бұғы тотеміне табыну Шығыс Сібір халықтары арасында кең тараған, Орта Азияда қырғыздарда ғана сақталған. «Бұғы» тайпасынан шыққан ыстықкөлдік қырғыздар бұғы мүйізді жартылай мифтік әйелді өздерінің


364

түп анасы санайды. Эпостағы М-ты әулие Қызырдың (немесе Айқожа қарт) мұсылман етуі және оған Мұхаммедтің сыйлығы – батырдың қару-жарағын беруі оқиғалары мұсылмандық дүниетанымның әсерімен енгізілген. М. қалмақтар мен қытайларға қарсы күресін тоғыз жасынан бастайды. Ол қырғыз халқын біріктіреді және халық оны хан етіп сайлайды. Соғыс жорықтарында ол жаудың батырларымен, жалғызкөз дәулерімен, сиқыршылармен, айдаһарлармен соғысады. Оған аты – Ақ-құла, Құмай тазысы, желмаясы және ақ сұңқар адал қызмет етеді. Адал жары Қаныкей дана ақылгөйі, көмекшісі болады. «М.» эпосы – қырғыз халқы мәдениетінің мыңжылдық тарихы: ол архаикалық (аңыздық) кезеңнен қырғыз этносы- ның қалыптасуына дейінгі аралықтағы мәдени қабатты қамтиды. Эпос- тың көптеген аңыздық сюжеттері қазіргі қырғыз жазушысы Ш. Айтматов шығармаларының негізіне алынған («Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме»,


«Жанпида»).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет