Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Шығ. Эрос пен өркениет. Харьков. 1994; Бір өлшемді адам. – М., 1994



бет277/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Шығ. Эрос пен өркениет. Харьков. 1994; Бір өлшемді адам. – М., 1994.


МАРСЕЛЬ Габриель Оноре (1889–1973) – франц. философы, драма- тург, театр және музыка сыншысы. Франциядағы католиктік экзистен- циализмнің пайда болуы М. есімімен байланысты. Өзінің алғашқы
«Метафизикалық күнделік» (1927) шығармасында ол адам, жеке адамның статусы экзистенция деген байламға келеді. «Адамдар адамдыққа қарсы» (1951) және «Мәселеге айналған адам» (1955) жұмыстарында филосо- фиялық сын пәні «адамсыздану технологиясы» бар ХХ ғ-ға сынмен қа- райды. Оның пікірінше, философияның міндетін бүгінгі таңда өнер атқа- рады. Кьеркегордан бастап көптеген экзистенциалистерге тән театрға


366

қызығушылық осы қажеттіліктен туған, өйткені драма стихиясы – диа- лог, сөйлеу – интерсубъективтіктің құралы, ол объективацияны қажет ететін философияның әдістеріне көнбейді. «Ғылыми» философияда адам өмір кешуінің мәселелеріне байланысты даналықтың ұшқыны да жоқ. Адамдардың өзара қарым-қатынасы мәселесінде өнерге, музыкаға, кескін- деме өнері мен драматургияға басымдық берілуі тиіс. М. өркениет тарихын байланыстырушы буын ретінде рухани мұраға, өткеннің мәдениетіне үлкен назар аударады. М. мәдениет зерттеушінің басты міндеті – өркениеттің рухани мұрасы, мұраны, құндылықтарды анықтау деп біледі. Сондықтан да сол философияда алғашқы қатарға болмыстың пайдасын растайтын: ұғыну-қабылдау, сезіну, дүниенің «заттылығы» мен әмбебап қатынасқа қабілеттілігі мәселелері шығуы тиіс. М. болмыстың нағыз тыныс- тіршілігінде табиғаттың әсем көріністерінің рөлін ерекше атап көрсетті, ландшафдты өзіне қабылдай білудің сарқылмас қатыстылықтың формасы. Табиғат апаты – әлемдік қасірет. М. үшін табиғат пен гуманизм біртұтас, ал олардың синтезі – өнер.




МАСЛОУ Абрахам (1908–1970) – американ ойшылы, гуманистік «жа- ғымды психоанализдің» негізін салушылардың бірі. Мәдениетті адамның негізгі қажеттіліктері арқылы талдады. Оның теориясының алғашқы тарауы
– жан-жақты жетілген, кемелдікке ұмтылған тұлға. Мәдениеттің кемелдік өлшемі – оның қажеттіліктерін қанағаттандыруы және тұлғаның әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасауы деп біледі. М-дың «жағым- ды психоанализінің» мақсаты: «Адам кім бола алар болса, сол болуы керек». М-дың зерттеу тақырыбы – шығармашылық, махаббат, ойын, болмыстың ең бағалы құндылықтары, сананың ең биік қалып-күйлері және олардың мәдениет қызметіндегі маңызы. М. өз тұжырымдамасын кез-келген мәдени институттарға (отбасы, білім, дін және т. б.) қолдануға болатын өмірдің жаңа философиясы деп біледі. М. теориясының өзегі – қажеттіліктің иерархияланған бес деңгейі. 1) физиологиялық қажеттіліктер, ағза қыз- метін қамтамасыз ететін қажетті жағдайлар; 2) адам өмірінің жеке адам деңгейінде, этномәдени қоғамдастық, адамзаттық біртұтастық деңгейіндегі маңызды шарттары – өз-өзін сақтауға, қауіпсіздікке, бейбітшілікке деген қажеттілік; 3) сүйіспеншілік пен қарым-қатынастың қажеттілігі; 4) өзін таныту, өз-өзін сыйлау, қадірлеуге деген қажеттілік; 5) қажеттіліктің ең биік түрі – маңыздылығын жоғарылату, өзінің әлеуеті мүмкіндіктерін жүзеге асыру және оны жетілдіруге – шығармашылыққа деген қажеттілік. Қазіргі индустриалды мәдениеттің репрессивтігін жете ұғына отырып М. негізгі белгілері қауіпсіздік деңгейінің жоғарылығы мен қабілеттердің мейлінше дамуы мүмкіндігі мен өзін-өзі жүзеге асыру болып табылатын идеалды қоғамның адамдардың әбден үндестік-үйлестікте бірігуінің моделін


367

жасады. Идеалды модельге бастар жол көптеген мәдени институттардың бағытын гуманистік бағытқа ауыстыру және адамдарының санасын өзгерту болып табылады деп білді. М. мәдениетті зерттеп тануда жаңа бағыт – трансперсональды психологияның негізін қалады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет