Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет287/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   401
Байланысты:
treatise187525

МИСТИЦИЗМ (грек. mіstіkos – сырлы, жұмбақ) – білімнің объектісін жанмен сезіну арқылы тура білуге болады дейтін діни-философиялық ілім. Болмысты мистика арқылы ұғыну рәсімі әлемді бейнелер, сезімдер, таңбалар арқылы қабылдау ұғымына қарама-қарсы. Егер тар мағынада алсақ М. дегеніміз құдаймен ешбір дәнекерсіз тура араласу тәжірибесі, осы сезімнің қуанышы, Болмыстың бірлігін сезінудің діни практикасы. Пантеистік діндерде М. адамның тұлғасыз шектен тыс Абсолютпен, осы Абсолют үкімі арқылы бірігу деп пайымдалады. Теистік жүйелерде иман- дының өз иманымен сұхбаты ретінде зерделенеді. Және бұл сұхбат құдай үкімі бойынша ғана емес діндардың ерікті қалауы негізінде де жүзеге асады.


МИФ – бұл ұғымға үш түрлі мағына беріледі: 1) көне аңыз, әңгіме;

  1. мифошығармашылық (М. тудыру), мифологиялық космогенез; 3) тарихи- мәдени шартталған айырықша сана күйі. Адамзаттың негізгі М-терінің бірі

– уақытты цикл ретінде қабылдайтын М-ологиялық санамен байланысты мәңгілік айналымдар туралы М. М-о шығарма космогенез ретіндегі М-тің екінші мағынасы – әлемнің хаостан жаралуы. Бұл космогониялық М-терге бастау береді. Олардың басты тақырыбы «қасиетті (киелі) тарих», дүниенің, адамның және т. б. жаралуы. Әдетте, М-те жаратылыс уақыты киелі сипатқа ие болады, ол үлгі ретінде құрметтелді. М-тің үшінші мағынасына байланысты М. – дүние танудың алғашқы рационалдық бітімі, оның бейнелі- рәміздік түсіндірмесі, қайта жаңғыру ретінде анықталады. М. өзі пайда болған дәуірдің дүниетүсінуін бейнелейді, ол – адамзаттың рухани мәде- ниетінің алғашқы бітімі. М. құрылымын, Леви-Брюль партиципация деп атаған. М-те әрбір объект, әрбір іс-қимыл басқа объектілермен, іс-қимыл- дармен ұштасып жатады. Адамды бейнелеу – бұл тек қана бейне емес, ол сол адамның бір көрінісі, оның бір бітімі. Сондықтан бөлшек – бұл тұтас- тық, тұтастықтың айқындалуының бір тұсы. Дүниеге діни көзқарас және соған сәйкес келетін дүниетүсіну типі алғашында мифологиялық сана шеңберінде қалыптасады. Алайда, М. пен дін арасында айырмашылық бар. Дін тылсым дүниені, трансцендентіні құдай деп таниды, ал М-те табиғи күштерде құдайлық қасиет бар. М. үшін (діннен айырмашылығы) табиғат құбылыстары (мыс., күн) мен мінез-құлық көріністері (мыс., ашу, ыза) – құдай. (Күн мен Ашу) М-логиялық бейнелер субстанционалды сипатта, олар нақты, шындықта бар нәрселер ретінде қабылданады. М-ке метафоралық тән емес, өйткені миф бәрін шындық ретінде бейнелейді. Тек кейіннен мифтің тілдік құрылымы метафоралық ерекшелік құрылым ретінде қабыл-


382

данады, сонда миф өзінің сакралді (құпия) мәнінен айырылады. Рәміздік емес шындықтың бөліктері ретінде қабылданатын бейнелерді тудырады. М. архаикалық сана үстемдік еткен дәуірде пайда болады, бірақ кейінгі мәдениеттерде де жойылмай сақталады. Әлеум. сананың өсуіне және адам өзінің дербестігі мен еріктілігін түсінгенде, яғни адамның табиғи және қоғамдық өмірмен тікелей тұтастығы бұзылғанда миф өзінің жалпылама құдіретін (сакралдылығын) жоғалтады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет