Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет35/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   401
Байланысты:
treatise187525

АНАРЫС, Анахарсис (б.д.д. VI–VII ғғ.) – тарихта «Скиф Анахарсисі» деген атымен белгілі, сақ тайпасынан шыққан ғұлама. Шыққан тегі – патша тұқымынан, анасы – эллиндік. А-тің тікелей жазған еңбектері бізге жетпегенімен, ол туралы көптеген куәліктер, нақыл сөздері мен философемалары сақталған. А. туралы естеліктер Геродот, Платон, Аристотель, Плутарх, Диоген Лаэртский еңбектерінде кездеседі. Плутарх оны «әлемдегі жеті ғұламаның бірі» деп таниды. А. өмірінің біршама бөлігін Афинада өткізіп, атақты реформатор Солонмен достық қатынаста болған, Отанына қайта оралған соң, туысының қолынан қаза тапқан. А. мұрасы зерттеуде постмодерндік интермәтін (мәтіндегі мәтін) тәсілін ұтымды қол- дануға болады. Себебі, А-ке танылған ойлау үрдістері басқа авторларда сіл- теме және афоризмдер түрінде келтірілген. Диоген Лаэртскийдің «Атақты философтардың өмірлері, ілімдері, нақыл сөздері» атты еңбегінде А. айтты деген кейбір афоризмдерге назар аударайық: «Элладалықтар қызық осы: мұнда сөзді ақылдылар айтады да, ал мәселені ақымақтар шешеді», «Базар
– адамдардың бірін-бірі алдап-арбап, ұрлап-жырлауы үшін әдейі жасалған орын». «Өлі көп пе, тірі көп пе?» деген сұраққа А. «Ал теңізде жүзіп жүр- гендерді қайсысына қосамыз?» деп қайыра сұрақ қойған екен. А-тің 800 жолдай өлеңінің біразы «Латын антологиясы» атты жинақта жарияланған. А-тің тұлғалық мәдениетін антикалық отырықшы және сақтық көшпелі өркениеттердің үйлесімді қосылуы деп қарастыруға болады. Ол эллиндік барлық дәстүрді алғысы келмей, кейбіреулерінің теріс екендігіне назар аударды. Бұл туралы А-тің мына бір жолдары тарих қойнауына келген:
«Адам алғашқы бокалды денсаулық үшін көтереді, екіншісін – көңілді болу үшін, үшіншісін – ар-ұятын жиып қоюға, төртіншісін – ақылынан алжу үшін көтереді». А-тың ғұмырбаяны мен ғұламалығы сол кездегі көшпелілердің мәдени өркениеттік дамуының айырықша көрінісі.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Ежелгі көшпелілер дүниетанымы. Т. 1. – Астана: Аударма, 2005.


АНАХРОНИЗМ (грек. anachronіsmos – кері уақыт) – 1) жыл санаудағы уақытқа сәйкессіздік (хронол. қателіктер); 2) бір дәуірдің оқиғалары мен сипаттамаларын жаңылыс немесе шартты түрде екінші дәуірге телу. А. орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріне, классицизмге тән дүниелерде (өнер мен әдебиет) жиі кездеседі. ХІХ – ХХ ғ-ларда А. шығарманың кемшілігі ретінде қарастырылды. Тек кейбір жағдайларда ғана көркемдік тәсіл деп ұғынылды (мыс., Б. Брехтің «Юлий Цезарь ісі» атты романындағы А.). А. ауыспалы мағынада ескінің қалдығы, жаңа заман дүниетанымымен сәйкеспейтін, көнерген, күні өткен көзқарас, ұғым, салт-дәстүр дегенді де білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет