Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет32/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   401
Байланысты:
treatise187525

АМБИВАЛЕНТТІЛІК (грек. amphі екі жағынан, лат. valentіa – күш)
– бойында қарама-қарсы сезімдер (қуаныш – қайғы, махаббат – жеккөру т. б.) туғызатын жағдайды білдіретін психологиялық ұғым. А. адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасының күрделілігін, екіұштылығын және құндылық- тар жүйесінің қайшылығын білдіреді. А. терминін алғаш швейцарлық психолог Э. Блейлеф ұсынған. К. Юнг оны мәдениеттануда қолдана бастады. К. Юнгтің ұжымдық бейсаналық ілімінде архетиптік сананың мазмұнына екіұштылық тән, себебі тұрақты ескі сананың бейнелері жаңа мазмұн динамикасының салдарынан адамның тылсым дүниесіне ығыстырылады, бірақ ол күнделікті өмірде жоғалып кеткен жоқ, тылсым дүниеден бастау алатын А. көріністеріне әкеледі. М. Бахтиннің мәдениеттану теориясында А. орта ғасырлар мен Қайта Өркендеудің күлкі-әзіл мәдениетіне тән көркем бейнелерде байқалады. А. бұл жағдайда ортағасыр адамына тән дене мен рухтың дуализмінен туындайды және жеке тұлғаның тіршілігіндегі циклдік өзгерістерге (ескі – жаңа, туу – өлім, жас – кәрі т. б.) қатысты байқалып отырады. Қазақтың дәстүрлі мәдениетіне де А-тік көріністер тән: көшпелі тынымсыз қозғалыс және әлеуметтік тұрақтылық, мұсылманшылық және тәңіршілік, күнделікті тіршілік және сауық мәдениеті, еркіндік және қауымдастық т. б.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия.
Алматы: Раритет, 2007.


48


АНАКСАГОР (ναξαγόρας) Клазомендік, (шамамен б.д.д. 500–428 жж.)

  • ежелгі грек философы, математик, астроном, афиналық философиялық мектептің негізін қалаушы. 30-жылдардың соңында құдайсыздығы үшін қуғындалған, өмірінің соңын Ламсакта өткізген. А. шығармаларынан 20 үзінді сақталған.

А. көзқарасы милет мектебінің және Парменидтің болмыс туралы ілімінің әсерінен қалыптасты. А. әлемнің мәңгі элементтері, «тұқымдар» (немесе «гомеомериялар») туралы ілімді таратты. Әлем алғашында сансыз көп ұсақ сезіммен қабылданбайтын бөлшектер, «тұқымдардан» тұратын қозғалыссыз формасыз қоспа ретінде суреттеледі. Жаңа дәуірдегі «алғашқы күш» идеяларының негізін құрады. Кейін ол баяулап, аспан денелерінің тізбегін құрайды. Айналу жылдамдығының әсерінен қараңғы, суық және ылғал ауа ашық, ыстық және құрғақ эфирден арылады. Қозғалыстағы тұқымдар өзінен ай- рықша нәрселерден бөлініп, өзіне ұқсастармен қабаттасады, сөйтіп бірқа- лыпты заттардың массасы пайда болады. Бірақ ол массалардың тұтастай ажырап кетуі мүмкін емес, өйткені «әрқайсысында біртұтастықтың бөлігі бар», әр зат өзінде не нәрсе көбірек болса, соны білдіреді. Осы өзгерістер кезінде кез келген заттың жалпы саны өзгермейді, өйткені «ешнәрсе пайда болмайды және жоғалмайды, бар заттармен бірігеді және олардан бөлініп шығады. Бұл принциптер бір түрлі заттардың тұқымдарына ғана емес (перипатетикалық мектепте «гомеомериялар» деп аталған), жылы мен суық, ақ пен қара, кұрғақ пен ылғал, сұйық пен қою сияқты қарама-қарсылықтарға да қатысты. А. концепциясының тағы бір ерекшелігі: бос қуыстықты теріске шығару, заттың шексіз бөлшектенуін мойындауы, үлкен мен кішкененің салыстырмалылығын бекітуі, шексіз кішкене физикалық өлшемдер идеясы. А. күн мен айдың тұтылуына бірінші рет дұрыс түсініктеме берген ғалым.
Әдебиет: Рожанский И.Д. Анаксагор. – М: Мысль, 1983; Фрагменты ранних греческих философов. Часть 1: От эпических космогоний до возник- новения атомистики. Изд. А.В. Лебедев. – М.: Наука, 1989.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет