Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет40/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   401
Байланысты:
treatise187525

АНТИЦИПАЦИЯ (лат. аnticipo – тәжірибеге дейінгі түсінік) – алдын- ала білу, қайсыбір нәрсе туралы алдын-ала жорамалданған түсінік. Стоик- тер мен эпикуршылдар ілімдерінде жекелеген нақты заттарды қабылда- ғанға дейінгі санада пайда болатын – тікелей логостан алынған жалпы ұғым, яғни туа біткен идеялар А. деп аталады. Кант бойынша қабылдау А-сы таным принципі, формалды түрде кез-келген тәжірибені анықтайтын априори болып табылады. Қабылдау А-сы сапа категорияларымен (шындық, терістеу, шектеу) генетикалық тұрғыда байланыста болады және
интуитивті шындыққа тән парасаттың «математикалық» негіздері тобына кіреді. Қабылдау А-сының схематизацияланған (яғни, уақытша формада берілген) қағидасын дәлелдеу Канттың уақыттағы заттарды (соның ішінде уақыттың «толықтығы» феномені) түйсінудің құрылымдық ерекшеліктері экспликациясына негізделген. Қазіргі заманғы философияда А. термині мүмкін болатын тәжірибені жорамалдау, зерттеудің нәтижелерін болжау мағынасында қолданылады және «мақсат», «ғылыми болжам» катего- рияларын зерттеумен тығыз байланысты. Психологияда А. – ағзаның қан- дай да бір қимыл-қозғалыстарында көрініс табатын белгілі бір жағдайды күтуі; адамның өзінің іс-әрекетінің нәтижесін оны жүзеге асырмай жатып елестетуі. А. – логика ғылымында кейіннен негізделетіндігі болжанған, дәлелді алғышарттарды уақытша қабылдау.


АНТРОПОКОСМИЗМ (көне грек. άνθρωπος − адам, κόσμος − үйлесімдіктегі біртұтас әлем) − адам мен әлемнің үйлесімді бірлігі туралы философиялық концепция. Адам мен әлем байланысы метафизика саласындағы маңызды мәселелердің бірі болғандықтан әлемдік философия дәстүрінде түрлі нұсқадағы А-ның сан-қилы анықтамалары берілген. А. мистикалық-оккульттік ағымдардан бастап ХХ ғасырдағы сциентистік модернистік метафизикалық көзқарастардың барлық аясында көрініс табады. Бұл бағыттардың негізгі идеялық мәні адам мен әлемнің «қандық туыстығы» идеясымен сипатталып, олардың бірлігі рәміздік көріністер арқылы бейнеленеді. Бұл күрделі әрі қозғалыстағы бірліктің астарлы мәні сакралды рәсімдерде, тұрмыстың, күнделікті және өмірлік тәжірибелердің ғұрыптық салт-жораларға айналуында көрініс беріп, өнердің табиғи- рәміздік бейнелерімен жеткізіледі.


АНЫҚТАМА (лат. definito) – кең мағынасында алғанда ұғымның мазмұнын ашуға көмектесетін амал. Ал ұғымның мазмұнын ашу дегеніміз сол ұғымның құрастыратын маңызды белгілерді көрсету. Кез келген анықтама анықталушы (definiendum) және анықтаушы (definiens) ұғымдардан тұрады. Анықтама бірнеше танымдық қызмет атқарады: а) анықталушы ұғымның мазмұнын ашуға көмектеседі; ә) сол ұғымды оған ұқсас ұғымдардан айырып береді; б) беймәлім терминдердің, қысқартылған сөздердің мәнін ашуға көмектеседі. Осы атқаратын танымдық қызметіне қарай анықтамалар нақты А., және көрсетінді А., айқын А. және көмескі А. болып бөлінеді. Нақты анықтама нәрсені, ұғымды мәнді белгілер арқылы анықтайды. Өз кезегінде ол тектік – түрлік өзгерістер арқылы және генетик (шығу тегіне қарай) анықтау деп екіге бөлінеді. Көрсетінді анықтама терминнің, атаудың, сөздің нені меңзейтіні туралы сұраққа жауап береді. Берілген анықтамамыз дұрыс болу үшін белгілі бір ережелерді сақтау қажет.


57

Олар анықтаманың анық та айқын және қайшылықсыз болуын талап етеді. Сонымен қатар ойдың екі ұшты, айнымалы болуынан сақтайды. А.беру ғылыми зерттеулерде, қарапайым сұхбаттасу барысында жиі қолданылады. Әдебиет: Логический словарь М., 1994; Тұрғынбаев Ә., Есімханов Е., Раев Д. Логика, – Алматы, 1996; Бөлекбаев С.Б., Ғабитов Т.Х., Логика. – Алматы,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет