Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Психология смерти и умирания. – Минск, 1998; Розин В.М. Смерть



бет350/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Психология смерти и умирания. – Минск, 1998; Розин В.М. Смерть как феномен культурно-антропологического и эзотерического осмыс- ления / Введение в культурологию. – М., 1997.


ТАНТРИЗМ (санскр. тантра – орағыта айту, айла-әдіс; киелі мәтін; сиқыр) – өздерінің киелі мәтіндері ретінде тантраны танитын индуизмнің секталары мен мектептерінің жалпы атауы. Т-ге төмендегідей қасиеттер тән: секта құрамында төмен және ең төмен касталардың басым болуы; сектада арийлық емес тайпалардың өкілдерінің кездесуі; секталардың және олардың ғұрыптарының құпиялығы (эзотерикалығы); әдет-ғұрыптарының йогалық тәжірибемен байланыстылығы; брахмандық рәсімдер мен мораль нормаларымен шектелмеу; әйелдік жыныстық энергетикалық бастама туралы мифологиялық көзқарас. Т. философиясы бойынша әлем психи- калық белсенділік бар болғандықтан ғана өмір сүреді. Психикалық энергия сөнетін болса онда әлем революцияға ұшырап, өзінің әуелгі «түксіз, бос» күйіне көшеді. Әуелгі күй жағдайында барлық қарама-қайшылықтар, себеп- салдарлық байланыстар, уақыт-кеңістік өлшемдер жойылады. Адам микро- космос болғандықтан космостың, ғаламның барлық қасиеттерін өз бойына жинақтаған, тіпті адам анатомиясы да ғалам анатомиясын қайталайды. Адамның іс-қылығы мен физиологиясы да эволюция мен революцияға ұшырауы мүмкін.
Әдебиет: Пятигорский А.М. Материалы по истории индийской философии. – М. 2012.


ТАНЫМ ТЕОРИЯСЫ, гносеология (гректің gnosis – таным және logos
– ілім сөздерінен), эпистемология – философияның тарауы (философиялық дисциплина), зерттеу пәні ретінде танымның жеке формалары емес, біртұтас танымның өзі алынатын теория. Таным процесінің мәні және оның жалпы


456

механизмі, танымның мүмкіндігі мен шекаралары, алғышарттары, жалпы негіздері мен әлеуметтік-мәдени детерминанттары қарастырылады. Таным теориясының басты мәселесі – білім мен шындықтың арақатынасы және онымен тығыз байланысты ақиқат, оған жетудің жолы, формалары және тәсілдері, рационалдылық пен иррационалдылық, таным мен түсінік, білім мен сенімнің өзара байланысы.




ТАҢБА – өзге заттың орнын толтырушы, әйгілеуші, белгілі бір хабарды сақтау, қайта өңдеу және жеткізу үшін қолданылатын зат. Егер таңбаның өзі денотат қызметін атқарса, оны қоршайтын мағыналық кеңістігі коннотат деп аталады. Т. ұғымының пайымдалуы философия, логика, лингвистика, психологияда маңызды орын алады. Т. ұғымының танымдық қасиетін таразылауға антикалық философтар көп зейін бөлген (Платон, Аристотель, стоиктер), бұл мәселемен ХVІІ–ХVІІІ ғ. философтары да айналысқан. ХІХ– ХХ ғ. Т. туралы арнайы ғылым – семиотика пайда болды (Пирс, Моррис, Соссюр, қазіргі структуралистер). Т. табиғатын зерделеу барысында Т. пайдаланатын ерекше әлеуметтік жағдайларды анықтау өте маңызды. Ондай жағдайлар тіл мен ойдың даму барысына тығыз байланысты. Стоиктердің ілімі бойынша, таңбалардың мағынасы олардың құрылымы- ның екіжақтылығынан көрінеді, яғни, тура қабылданатын, мағынаға ие құбылыстардың біртұтастығынан байқалады. Осы байланыстың түрлі нұсқасынан түрлі анықтамалар туындайды. 1867 ж. Ч. Пирс Т-ны үш түрге бөлген – индекстік, иконикалық, символикалық. Бұл анықтама екі қарсы бөлінуге негізделеді – нұсқаулық пен ұқсастықтың және дәйектілік пен шарттылықтың қарама қайшылығына. Индекстік (нұсқаулық) қатынаста Т-лаушы мен Т-ланушының арасында нұсқалау байланысы болуға тиіс. Иконикалық қатынаста белгілі қажетке байланысты қарапайым ұқсастық басым. Символикалық Т-да таңбалаушы мен таңбаланушы ешбір нақты байланыссыз бір біріне теліне береді. Қоғамдағы байланыс құралы ретіндегі тілдер құрамына кіретін Т-ларды қатынас Т-лары деп атайды. Соңғылар жасанды және табиғи Т-лар жүйелеріне бөлінеді. Т-лар ілімінің жасалуы үшін математикалық логика мен метаматематика аясында жүргізілетін Т-лар жүйелерінің зерттелуі өте маңызды. Осының бәріне қарамастан Т-ның қордалы концепциясын жасау мәселесі әлі шешілген жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет