Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет347/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Дж. Фрейзер. Золотая ветвь. М., 1980; Валиханов Ч. Избранные произведения. – М., 1986; Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің типологиясы. – А., 1996; Штернберг Л.Я. Первобытная религия в свете этнографии. – Л., 1936; Радклифф-Браун А.Р. Сравнительный метод в социальной антропологии
// Антология исследований культуры. – СПб, 1997. Фрейд З. Тотем и табу. – Тбилиси, 1991.


ТАҒДЫР – адам ғұмырындағы барлық жағдайларды алдын ала пеше- несіне жазып қоятын табиғаттан тыс күш туралы діни мистикалық түсінік- ті білдіретін ұғым. Ежелгі гр. мифологиясы бойынша адамдардың, тіпті құдайларының да өмірі Т. құдайшыларының – мойралардың (римдіктерде
– наркилердің) қолында. Кейін келе Т-ды әлемнің әміршісі әділетті Хақ тағала түрінде түсіне бастады (гр-де Тихе, Немезида). Христиандықта Т. құдайдың жазмышы, жоғарғы күші ретінде көрсетілді. Т-ды жазмыштың ісі ретінде түсіну қазіргі барлық діндерге тән (Фатализм). Кейбір діни бағыттар (мыс., католицизм, православие) құдайдың жазмышы туралы пікірді адамның ерік бостандығы идеясы мен эклектикалық түрде біріктіру арқылы Т. туралы түсініктің фатализмін әлсіретуге тырысады. Филос. емес мағынада Т. ұғымы жеке адамның немесе бүкіл халықтың өміріндегі түрлі жағдайлар қосындысының көрінісі ретінде қолданылады.
Тайжанов Алтай Тайжанұлы 1948 жылы 24 желтоқсанда Атырау облысы, Қызылқоға ауданында туған.Философия ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996). ҚР Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі (1997). «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері», Ақтөбе қаласының және Ақтөбе облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденімен басқа да мемлекеттік наградалармен марапатталған. 20-ға жуық жеке монографиялардың, оқу-әдістемелік, көмекші құралдардың, арнаулы курстардың, бағдарламалардың, 600-ден астам ғылыми, мәдени–көпшілік, ақпаратты–танымдық мақалалардың авторы.
С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің философия факультетін бітірген соң 1975–1977 жж. Рудный индустриалды институтында қызмет атқарды. 1977-1997 жылдары Ақтөбе медициналық және педагогикалық институттарында, 1997-2003 жылдары Қ. Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры – ғылыми зерттеу және инновациалық-әдістемелік орталығының директоры болды. 2004 жылдан М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінің әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор.Ғылыми жұмыстары мен ізденістері Мұхтар Әуезов шығармашылығының дүниетанымдық өзектеріне, қоғамдық-философиялық ой тарихына, әлеуметтік өмірдің маңызды салаларының бірі – тіл мәселесіне, жалпы руханият мәселелері мен оқу-тәрбиенің этномәдени аспектілеріне, елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани өзгерістердің мәнін ашуға арналған.
А. Тайжанұлы қоғамдық-философиялық ой тарихының маманы ретінде өмірлерінің үлкен тәлім-тағылымдық мәні бар Әл-Фараби, Қ.А.Яссауи, Асан қайғы, Ж.Баласағұн, Махамбет, Пір Бекет, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Абай, Р.Тагор, Шәкәрім, Н.Байғанин, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Қ.Жұбанов, М.Тынышпаев, М.Әуезов, Қ.Сәтпаев, Қ.Жұмалиев, А.Досжанова, Ғ.Мүсірепов, С.Бәйішев, Сүлеймен әулие, М.Тлеужанов, Р.Сыздықова, Ж.Әбділдин, М. Арын, М. Оспанов, Т.Досымовжәне т.б. мақалалар жазған.
А. Тайжановтың ғылыми басшылығымен Атырау, Орал және Ақтөбе облысы мен қаласының көптеген аспиранттары мен ізденушілері диссертациялық жұмыстарын қорғады. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының философия мен қоғамдық ой сериясының салалық редакция мүшесі ретінде де бірнеше жылдар бойы елеулі еңбек етті.
Еңбектері: «Мухтар Ауэзов - мыслитель» (Алматы, 1991); «Мировоззрение Мухтара Ауэзова» (Алматы, 1997); «Тағылымды танымдар» (Орал, 2007); «Парыз бен пайым» (Алматы, 2016); «Тұлғалар тағылымы» (Алматы, 2017); «Құдайберген Жұбанов және қазақ руханияты» (Ақтөбе, 2019) т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет