Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия /



бет368/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   401
Байланысты:
treatise187525
1362406974316
Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия / Құраст. Т. Ғабитов, А. Құлсариева, Ә. Әлімжанова және т. б. – Алматы, 2007; Ә. Қодар. Қанағат қағанаты. – А., 1994.


ТҮРКІ ФИЛОСОФИЯСЫ – әлем өркениетінің озық тәсілдеріне сүйенген, түркілік дәстүрлі дүниетанымды жаңаша зерделеуге талпынған герменевтикалық философия. Егер батыс классикалық философиясы әр философтың жеке дүниетанымына байланысты жаңа рухани кеңістік ашып, осы кеңістіктер кезегімен бір-бірін жойып отырса, Т. ф-сы дәстүрлі түсініктер мен тұлғаларға жаңа нәр беріп, жаңа сұхбатқа шақырады. Т. ф-ның міндеті бұрынғы кеңістіктерді жою емес, қайтадан ашу. Т. ф-сының мазмұндық болмысы – ақиқат іздеу, білім мен таным мәселелерінен гөрі белгілі құндылықтар жүйесін зерделеуге бейім. Демек, Т. ф-нда таза ф-тан гөрі біз және өзгелер пайымына негізделген идеологиялық ұстаным басым. Т. ф. дәстүрінің тарихына үңілсек, ой машығының дамуының алғашқы кезеңі көне Түркі, Шығыс өркениетіне қатысты, екінші кезеңі исламдық Шығыс өркениетіне, үшінші кезеңі қазіргі Батыс өркениетіне байланысты. Алғашқы түріктер, Ашина түріктері, Алтай тауларынан көшіп, тарала қоныстанғанымен Шығыстық ой дәстүрін сақтады. Т. ф-сының екінші кезеңі исламдық Шығыс өркениетіне байланысты. Бұл белгілі. Бірақ Шығыс өркениеті тек ислам мәдениетімен шектелмейді. Егер жоғарыда айтылған жағдайлардың бәрін пайымдауға көшсек, түркілер үш өркениеттік кезеңде басқа өркениет иелерімен тең дәрежелі ғұмыр кешкенін көреміз. Бұл түркілердің өркениет үстіндегі өркениет екенінің дәлелі. Бар жұмбақтың шешуі түркілердің көшпенділік табиғатында жатыр. Көшпенділер бір шеңберде тұрмайды. Еуропалық танымдық білімнің ерекшелігі, ол зейініне түскен затты қабылдаумен шектелмей, оған әртүрлі қатынас жасап, маз- мұнын өзгертіп жібереді. Сондықтан еуропалық эллинистік мәдениетінен


481


құралған танымның құралы кітап, ал түркілік иероглифтік зерденің құралы
– таңба. Егер әріптер бір-біріне қосып оқығанды қажет етсе, таңба – жалқы және ерекше. Тілін білмеген адам таңбаны оқи алмайды. Осыдан таңбалы мәдениеттің құпиялылығы туындайды. Осы құпиялылық, белгілі білімді сыртқа шашпай, іште сақтап қалу әдеті түркі ұлтының менталдық ерекшелігін қалыптастырған. Түркі сөйлегенде мақалдап, жұмбақтап сөйлейді. Мақалдап сөйлейтіні, ол өзін алдын ала ақтап алады. Себебі мақал әрқашанда дәстүрдің беделіне сүйенеді. Ал түркінің жұмбақтайтыны, бұл тәсіл арқылы ол ашықтан-ашық жатқан дүниені құпиялылықпен бүркеп, тағы да дәстүр аясына кіргізеді. Сонымен, мақал мен жұмбақ дәстүрдің, дәстүрлеудің құралы, дәстүрдің ауызша кітабы мен философиясы. Біздің осы ойымызды «Тәңірі – таңу – таңба» үштігінен құрылған сөзтізбегі де растайды. Тәңірі түркі санасын менталдық ерекшелікке таңушы, осы ерекшелік белгісімен бүкіл дүниені таңбалаушы. Сондықтан ол жәй Тәңірі емес «түркі Тәңірісі» деп аталады. Орхон ескерткіштерінде түркі қағаны былай дейді: «Түркі ұлты жоқ болмасын деп Түркі Тәңірісі менің ата-бабаларымды және мені жіберді. Мен қаған болғаннан кейін күндіз отырмадым, түнде ұйықтамадым. Түркі ұлты аш еді, тойындырдым, жалаңаш еді, киіндірдім, кедей еді, бай қылдым». Түркілер де қағанынан айырылған сәттерде: «Дәулетті ұлт едім. Дәулетім, қуатым қане? Қағаны бар ұлт едім, қағаным қане? Қай қағанға жұмысымды, шаруамды сеніп, тапсырамының деп қайғыратын. Ұлт пен қаған арасындағы қатынастың қаншалықты сенімді екені осы сөйлемдерден түсінікті болса керек. Міне, ежелгі түркілерде отансүйгіштік сезімі осыншама биік деңгейде болатын. Ешқандай түрік өз елі, яғни, ұлты үшін өмірін және сүйікті нәрселерін пида етуден тартынбайтын. «Өйткені ил (ел) Көктәңірінің жер бетіндегі көлеңкесі болатын. Көктәңірі түркілердің пікірінше өте қасиетті болатын. Махаббат түнінде жер бетіне түсіп, бір бойдақ қызды немесе ағашты жүкті етіп, осы құтты-берекелі елдің өрбуіне себеп болыпты. Біздің бұдан байқайтынымыз ежелгі түркілерде жарату идеясынан гөрі тұқым өрбіту идеясы басым болған. Түркілік құдай сондықтан ғана түрік Тәңірісі деп аталады. Біз бұдан түріктердегі құдай түсінігі тотемизмнен дамығанын байқаймыз. Себебі бұрын түріктер өздерін бірде Көк бөріден, бірде Бөрі-анадан өрбіткен. Оғыз-намеде Көк бөрі Оғыз қағанның қолын бастаушы. Осы мысалдардың бәрінде Көк бөрі адамзат пен Көкті, космосты біріктіруші киелі ата, тотем. Өсе келе түркілер жабайы тотемистік көзқарастардан бас тартып, абстракты құдай ұғымына дейін көтерілген. Осының нақты дәлелі ретінде
«Иттің иесі болса, бөрінің Тәңірісі бар» деген қазақтың мақалын келтіруге болады. Мұнда ит адамнан қорықса, бөрі Тәңіріден именеді. Тәңірі барлық дүниені ымыраға келтіруші, хұзырында ұстаушы орасан кең ауқымдағы құдырет. Тәңірлік ұстанымы бұзылған қатерлі замандарда түркі азаматтары


482

жағдайды түзетіп, қалпына келтіру керек. «Өлімнен намыс күшті» – бұл түркі жауынгерлерінің бұлжымас қағидасы. Түркілерде намыс ұғымы ажал ұғымынан басым болған. Бұл тұжырымды растайтын мысалды жыраулар поэзиясынан да келтіруге болады». Жалаңаш барып, жауға ти, Тәңірі өзі біледі, Ажалымыз, Қайдан-ды...». Бұл жолдар «Күлтегін» ескерткішіндегі


«Уақытты Тәңірі жасар, Адам баласы бәрі өлгелі туған» деген мізбақпас ой нұсқасымен керемет сәйкестікте. Егер Т. ф-ның стилистикасы мен эстетикасына көшсек, бұл құбылыс таңбалық мәдениетке жататын болғасын, онда ішкі монологтан сыртқы таңба, автордан – өнер туындысы басым. Мыс., Йоллығтегіннің жазулары кейіпкерлерінің атында, Қорқыт
– Қорқыт туралы аңыз арқылы әйгіленеді. Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк туралы жазулар түркі мәдениетінің дәуірлеу шағында жасалған империялық мәдениеттің нұсқасы. Сондықтан мұнда халықшылдықтан гөрі дегдарлық, жыраулық, эпостық поэзиядан гөрі тарихи хроника басым. Шынында да бұл жазулар ауыз әдебиеті туындысы емес, таста қашалып, буындық сынтас әрібімен жазылған. Ал таста қашалған әріптер Хаммурапи заманынан бері империялық мәдениеттің белгісі.


ТІЛ – таным мен коммуникация мақсаттары үшін қолданылатын таңбалық жүйе. ХІХ ғ-дың 60–70 ж-да иелдік тілтанушы Д. Уитни тілді ерікті және шартты белгілердің жүйесі деп тұжырымдайды. Т. – адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың ұғымдық белгісі. Адамзат Т. арқылы табиғаттағы барлық заттар мен құбылыстарға атау береді. Ұлттық таным мен ұлт тілінің бірлігі, байланысы осы арада тоғысады. Әрбір ұлт өкілдерінің парасат-пайымы, білім деңгейі, көзқарасы мен менталитеті, өзіндік дүниетанымы, болмысты тануы, игеруі тілде бейнеленеді, тілде сақталады. Ата-бабадан мирасқа қалған ана тілі – адамдар арасындағы қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар көнеден келе жатқан тарихи танымды жеткізуші қызметін де атқарады. Адамзаттың табиғатты танудан түйсінгендері негізінде жеке адамның түсінігі қалып- тасады. Егер халықтық дүниетаным Т. арқылы жетпесе, қоғам да, мәдениет те дамымаған болар еді. Демек, тілдің дамуы қоғамдық өмірмен, мәдени дамумен тығыз байланысты. Тілдік таңбаның ұғымды таңбалауы мен оның болмысқа қатынасы өте күрделі. Т. мен ойлаудың арасы, болмыс пен атаудың байланысы туралы мәселе ертеден-ақ ғалымдардың назарын аударған. Ежелгі философтар еңбектерінде тілге көп көңіл бөлінген. Осыған сәйкес номинацизм теориясының зерттеле бастауының да терең тарихы бар. Платон, Сократ, Аристотель, әл-Фарабидің ғыл. трактаттарында сөз жүйесі жайында жазылған толғамды ой-тұжырымдар молынан кездеседі. Тілсіз рухани мәдениет те биікке жете алмайды, халықтың рухани күші – тілде. Тілі дамымаған халықтың рухы да дамымақ емес. өйткені «өнер алды – тіл»


483

(М. Қашқари), сөз атасын таныған қазақ халқы үшін («Түгел сөздің түбі



  • бір, түп атасы – Майқы би») сөздің киесі, қасиеті де биік. Халық тілінің рухпен бірлігін тілдің ішкі табиғатын тану арқылы ғана түсінуге болады. Т. – заман ағымы негізінде түзілген таным, халықтың өмір сүру тәсілінің, әдет-ғұрпының, дәстүрінің, мінезінің, жалпы болмысының көрінісі. Білім шыңы – Т. десек, оның жасаушы иесі – халық. Т-дің дамуы адам баласының ішкі рухани қажеттілігін қанағаттандырудан туындайды. Бұл қажеттілік заттар мен құбылыстардың сандық, сапалық белгілері мен қимыл-қозға- лысын, әрекеттің амалын, түр-түсін, мөлшерін, т. б. ерекшеліктерін атау, таңбалау негізінде болады. Адам түйсігінде танылған ұғымды белгілеу нәтижесінде сөз қалыптасып таңбаланса, сөз арқылы дүниетаным, ұлттық ойлау жүйесі көрінеді. Демек, дүниенің кілті – Т-де. Т-дің дамуы арқылы адам баласының дүниетанымы сатылы дамиды. Яғни, ата-баба білігі балаға Т. арқылы дарып, болмыстың қасиеті мен белгілері терең таныла түседі. Т-де ертедегі танымның ізі, ел жасаған парасат пен кісіліктің пайымы жатыр. Басты мақсат сөздегі ойды оқу, пайым тереңіне зерделеу мен дұрыс байлам жасай білуде. Т. – жалпы мәдениет пен адамзат дүниетанымының тұғыры. Болмысты тану арқылы жасалған ұғым Т-дік таңбаға айналғанда, мифосимволик. бейнелер жүйесі қалыптасады. Т. – «дыбыс-таңба» жүйесі ғана емес, тілдің сақталуы арқылы халықтың бүкіл ғұмырындағы таным- түсінігі ұрпақтан ұрпаққа жетеді. Басқаша айтқанда, сөз жүйесі арқылы халықтың ойлау жүйесі, материалдық және рухани мәдениеті жетеді. Ғ. Мүсірепов «Т-ін білмеген түбін білмейді» дейді. Т. – танымның дамуына сәйкес жетіліп, өркендеп отыратын тарихи процесс. Т-дің дамуы адам түсінігінің артуымен байланысты, тіліміздегі туынды сөздердің молдығы

  • осы дамуды белгілеуден туындаған таңбалар. Сөз – болмыс туралы адам ұғымының баламасы, танымның эквиваленті. Сөзжасамдық процесс нәтижесінде жасалған туынды сөздер де – таным баламасы. Ойлау, тіл, қарым-қатынас – Т-дің өмір сүруінің негізі. Болмысты тек ойлау арқылы тану мүмкін емес, Т. – ойдың ең басты қаруы. Адам баласының табиғаттағы заттар мен құбылыстарды тануы тек Т. арқылы ғана жүзеге асады. Т. мен ойлау бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласының ойлау жүйесінің өресі тілдің оралымдылығымен, бейнелілігімен астасып жатады. Бұл туралы ХІ ғ-да шығыс ойшылы Ж. Баласағұн «Сөз – ойдың көрінісі» деп жазған болатын. Адам қоршаған ортаны танып-біліп, алған білігін, таныған ұғымын сөзбен таңбалайды, атау туындатады. Сөздің жасалу жүйесі мен атау ретінде қалыптасуы күрделі де ұзақ процесс. Табиғат болмысының адам санасындағы бейнесін таңбалау мүмкіндігі негізінде атау жасалады, сөйтіп танылған зат не құбылыс туралы хабар жеткізу, жадта белгілеу қажеттігі орындалады. Т. – шындық өмірдегі зат пен құбылыстың адам санасында бейнеленген таңбасы, осы таңбаның тілдік жүйеде анықталып, атау ретінде



484

қалыптасқан мағыналық түрі. Атау арқылы әлем бейнесі тілде таңбала- нады. Әлем бейнесінің белгісі, қасиеті, қимыл-қозғалысы, әрекеті, сапасы мен мөлшері, жағдайы, көлемі, т. б. көрініс табады. Т. адам танымының бейнелеуіш қызметінің нәтижелерін де таңбалайды. Адамзаттың әлем бейнесі белгілері мен қасиеттерін тануы бірте-бірте болатын күрделі құбылыс. Осы тұста зат не құбылыстың түрлі ерекше белгілері танылып, түрлі мағыналы атаулар жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет