Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет145/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Хамидов А.А. Развитие // Диалектическая логика. 4-х кн. Кн. 2. – Алма-Ата, 1987. – С. 498–542.


ДАНАЛЫҚ – адамзаттың сан ғасырлық таным процесі мен өмір тәжі- рибесі нәтижесінде жинақталған рухани ілім-білімді игеріп, оны ұрпақтан ұрпаққа ұлағатты ой пікір, өнегелі түсінік, ізгілікті іс-әрекет түрінде жеткізе білетін адам қасиеті. Д. – ауқымы кең, күрделі құбылыс, оған бір жақты, кесімді анықтама беру мүмкін емес. Ол әдетте, надандыққа қарсы мәнде қолданылады. Д-тың мән-жайын алғаш зерттеп, ашып беруге философия талпынған. Өйткені, «философия» деген сөздің өзі грекше «Д-ты сүю» мағынасын білдіреді. Басқа ғылым түрлері тәрізді философиялық ілімдер де даналықтан бастау алады. Сократтың «Менің білетінім – өзімнің ештеңе


192

білмейтіндігім, өзгелер оны да білмейді» деуінде үлкен мән бар. Білмейті- нін біліп, түсінуге, әлем ақиқатын танып, ой түюге ұмтылу – адамды рухани кемелдікке, данышпандыққа бастайтын жол. Қазақ ойшылы Абай да


«Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын» деп толғайды; ештеңені біліп-тануға ұмтылмайтын, қарны тойып, құлқыны тоят тапқанына мәз хас надандықты, тоңмойын тоғышарлықты мансұқ етеді. Қазақ халқында «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген сөз қарғыстың ең жаманы саналады. Дүниенің, өмірдің және өз табиғатының сырын танып, білу үшін адам баласы оқу-білімге ұмтылады, ғылымға ден қойып, логикаға, методологияға сүйенеді. Д-тың, көбінесе, білімділікпен, оқымыстылықпен шендестіріле қаралатыны сондықтан. Бірақ даналық білім аясында шектеліп қалмайды; оның негізгі өлшемі – түсінік. Әр нәрсені білу бір басқа да, түсіну – басқа: яғни білім оқумен келсе, түсінік оқығанды көкейге тоқумен, өз еркімен жақсылыққа ұмтылып, ой қорытумен, игілікті қам-қарекетпен қалып- тасады. Білім – өткінші, уақытша, салыстырмалы, Д. яки түсінік жүйесі – мәңгілік нәрсе. Білімділер қай заманда да көп болған, қазіргі кезде де жетіп артылады, а дана кісілер, данышпандар бұрын да, қазір де аз. Гераклит
«Көп білгеннен дана болмайсың» деп осы шындықты меңзеген. Ұлы Абай да «Әрбір ғалым – хакім емес, әрбір хакім – ғалым» дейді. Д-тың тарихи бастауы – мифтік аңыздар мен діни әпсаналардың желілерінде, өнер туын- дылары мен әдеби, философиялық шығармаларда жатыр. Қорқыт ата, Асан қайғы, Толағай, сондай-ақ Прометей, Сизиф, т. б. мифтік тұлғалардың ой- толғам, іс-әрекеттерінде өмірдің өкіншілігіне қарсы күрес, мәңгілік өріне
– Д. тәліміне талпыныс бар. «Дүние, қудым сені жалықпай-ақ, Ұстатпайсың судағы балықтай-ақ, Көрсетіп бірде алдыңды, бірде артыңды, Қойдың ғой дидарыңды танытпай-ақ» деген қазақтың қара өлеңінде халықтық фәлсафаның – өзін қоршаған әлемді, өмірді, дүниедегі өзінің орнын тануға құштарлықтың, экзистенциалдық түсініктің сарыны жатыр. Жалпы, дәстүрлі қазақы дүниетанымның өзі Д-қа, Ғ.Қараш айтқандай, «өмір пәлсапасына», ізгі түсінікке, рухани кемелдік аңсарына негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет