Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет147/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   401
Байланысты:
treatise187525

ҚҰЭ. Т. 3, 155 б.


ДАНТЕ Алигьери (1265–1321) – Қайта өрлеу дәуіріндегі ұлы итальян ақыны. Итальян әдеби тілін қалыптастырушы, «Комедия» шығармасының авторы. Д-нің ұлы шығармасына тәнті болған халқы, ұрпағы кейіннен оны
«Құдіретті комедия» деп атады. «Құдіретті комедия» (1307–1321) әлемге әй- гілі шығарма болды. Д. бұл шығармасында ортағасырға тән сюжетті алып, өзінің қуатты көркемдік қиялымен оқырманды тамұқтан, күнәдан таза- руына жол ашады және ұжмақтан өткізеді. Д-ні кейбір аңғал замандастары ол «О дүниеде болып келген-мыс» деп ұққан. Д-нің «Құдіретті комедия» шығармасы «Тамұқ», «Күнәдан тазару», «Ұжмақ» деп аталатын үш бөлім- нен тұрады. Тамұққа, терең жер астына, күнәhар адамзат өкілдері, кісі өлтіргендер, өзіне қол салғандар түседі де, мәңгілік рухани және дене азабын тартады. Күнәдан тазару жолына түскенде тауға шығып, күнәдан тазарған соң ұжмаққа кіреді. Күнәдан тазарып ұжмаққа барғанша көп азапты жолдардан өтеді. Ал, ұжмаққа кіргендер өмірін мәңгі-бақи рахатта өткізеді. Ақын М. Мақатаев «Комедияның» 1-бөлімін қазақ тіліне аударды, ол 1971 ж. жеке кітап болып шықты.
Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007; Қазақ халқының философиялық мұрасы. – Т. 14. Философия тарихы. – Астана: Аударма, 2006.


ДАО (қыт. жол) – қытай философиясының ең басты ұғымы. Д. бүкіл әлемнің, әрбір заттың даму заңдылығы, ғарыштық үйлесімділік пен қуаттың жарқын бейнесі. Бір өзі бар абсолютке тең, бүкіл тірліктің негізі, әрбір бастаманың басы, Д. әрбір қайталанбас сәттің нәрі. Д. сезім арқылы тануға көнбейді, ол барлық жерде және еш жерде емес, түрсіз және ныспысыз. Заттар әлемі Д. арқылы жасалып, өмір заңына бағынады, яғни, өткінші: барлық заттар ұлы айналымда болады, кейіннен шегіне жетіп, қайтадан өзінің қайнар көзі Д. қайтып, содан жаңадан туылады. Б.з.д. VІ–ІV ғ.ғ. ол Лао Цзы, Чжуан Цзы, Ле Цзы еңбектерінде баяндалып, кейін конфуцийшіл және чань буддашыл ілімдер арқылы дамыған Д. туралы ілімге қытай мәдениетінің барлық филос. діни, саяси, эстетикалық иірімдері өрілді. Авторлығы Лао Цзыға телінетін Д.-Дэ-Цзин (Д. мен Дэ туралы кітап) заманынан бері Д. туралы түсініктемелердің өзі бес мың томға жуық болды. Лао Цзы бойынша, Д. мәңгілік, негізсіздік, қуыс, құрдым сынды онтологиялық қасиеттері бар мейлінше кең шынайылық. Бірақ қанша тіл жетпес, түсініктен тыс болса да ол Дэ арқылы көрінеді. Дэ дегеніміз ізгілік, әділдік, асыл қуат. Дэ, Д-ның этикалық көрінісі ретінде, адамның


195

қоғаммен, табиғатпен және өз-өзімен қарым қатынасын табиғи жолмен түзеуге бағытталған. Осы заңдылықтар бойынша, Дао мен Дэ «цзы жэнь»


– табиғилық және «у-вэй» әрекеттенбеу қағидаларын ұстанады. Демек, Д. ғылыми ілімнен гөрі рәсімге ұқсайды. Бірақ қытайлықтар түсінігінше Д. рәсімге де, ырымға да жатпайды. Адамдар ақылгөйліктен бас тартып, әрбір заттың немесе құбылыстың табиғи болмысын таба білуге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет