Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет282/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   401
Байланысты:
treatise187525

МӘДЕНИЕТ ФИЛОСОФИЯСЫ. М. ф-ның пәні мәдениет түрлерін, олар-дың мағынасын философиялық талдау болып табылады. Басқаша айтқанда, М. ф. мәдениеттің идеясын, мақсаттарын, ұстындары мен алғы- шарттарын зерттейтін, әмбебапты және барлығын қамтитын феномен ре- тінде мәдениетті философиялық пайымдауға бағытталған философиялық пән болып табылады. «М. ф-сы» терминін XІX ғасырдың басында неміс философы А. Мюллер енгізді. М. ф. дербес сала ретінде XVІІІ ғасырдың аяғында – XІX ғасырдың басында бөлініп шыға бастағанымен, ХХ ға- сырда ерекше қарқынды дамыды. ХХ ғасырдың басында М. ф. мәдениет эволюциясының әртүрлі кезеңдерін зерттеуге бет бұра бастайды. Осыған байланысты мәдениет феномендерін зерттеуде ерекше тәсілдерді қолда- нып, онымен айналысатын арнайы ғылым саласын қалыптастыру идеясы пайда болды. Мысалы, жаңакантшылдар В. Виндельбанд (1848–1915) пен Г. Риккерт (1863–1936) «мәдениет туралы ғылымдар» мен «табиғат туралы ғылымдарды» ажыратуды ұсынды. Осылайша олардың тұжырымдамасы М. ф-ндағы оппозициялардың бірін – мәдениет пен табиғаттың арақатынасы мәселесін, сондай-ақ мәдениеттің құндылықтық (аксиологиялық) мәнін айқындады.
Мәдениеттің теориялық суреттемелерінің көптігі бұл феноменді пайымдаудың мүмкін болатын барлық варианттарын түгеспейді. Ғылымда танымал және белсенді түрде түсіндірілетін олардың кейбіріне тоқтала кетейік. Бұлар әртүрлі ғылыми теориялар негізінде М. ф. ұстындар мен тәсілдерін айқындап көрсетеді.
Мәдениетті бағалаудың, түсінудің, зерттеудің әртүрлілігі сияқты мәдениет әлемі де алуан түрлі. Біз «дәуір мәдениеті», «этнос мәдениеті»,
«ұлттық мәдениет», «христиандық мәдениет», «мұсылмандық Шығыс мәдениеті», «апполондық мәдениет», «Қытай мәдениеті» және т. б. ұғым- дарды көп кездестіреміз. Осыған ұқсас барлық ұғымдар әртүрлі мәдени тұтастықтарды тарихи немесе әлеуметтік, философиялық көзқарастар тұрғысынан жіктеу нәтижесінде тізбектеледі. Білімнің әрбір гуманитар- лық саласы мәдениеттің алуан түрлілігін өз негіздеріне сай белгілі бір классификацияда жіктеуге ұмтылады, мұның ақыры, бүтіндей алғанда, мәдениеттің типологиясына немесе философиясына әкеледі.


МӘН – белгілі бір нәрсенің мазмұны, барлық басқа заттармен салыстырғанда белгілі бір жағдайдың әсерімен өзгеріске ұшыраған қалпы- мен салыстырғанда оның ешнәрсеге қатыссыз бірегейлігі. «М» ұғымы кез келген филос. жүйе үшін, М-нің болмысқа және зат М-нің санаға, ой тұжырымдауға қатысы тұрғысынан алғанда бұл жүйені ажырату үшін өте маңызды. М-нің заттан тыс орны жоқ, оның басты қасиетінің өзі осында. Адам танымы бірте-бірте объективті дүниенің М-ін меңгеріп, барған сайын оған тереңдей түседі. Бұл ілім объективті дүниеге керісінше, оны іс жүзінде қайта құру үшін пайдаланылады. М. мен құбылыс әрекеті және сонымен бірге бір-бірінен ажырағысыз. М. алдымен құбылысқа ауысып, осыдан кейін барып М. ретінде көрінеді, ал М. құбылысы М-ді көрсетеді және тек сондықтан ғана ол құбылыстың бейберекет табиғатын аңғаруға және сол жөнінде ой тұжырымдауға мүмкіндік береді (салыстырмалы: Шындық, М. және Құбылыс).


МӘТІН – бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтас- тық пен тұтастық мән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдер- дің тізбегі. М. сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұра- ды; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе элементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлігі және осы аталған үш семан- тикалық құрылымдарға сай оны үш пән – мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. М-тану қарастырылып отырған М-нің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Герменевтика М-ді түсіндірумен айналысады. Киелі М-дер герменевтикасы экзегетика деп аталады. М-ді қарастыру шеберлігін поэтика зерттейді. Ол М-нің қалай құрылғанын, оның құрылымы мен композициясын зерттейді (формальды мектеп, құрылым- дық поэтика, генеративті поэтика). М-ді қазіргі семиотика (мәдениет мәтін ретінде) мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге бо- лады. В. Рудневтің жасаған М. тұжырымы жеті баптан тұрады. 1) мәтіннің барлық элементтері өзара байланысты (өзара байланысқан) (құрылымдық поэтика тезисі); 2) мәтін элементтерінің арасындағы байланыс қайталанып, өзгеріп отыратын бірліктер мотивтер ретінде айқындалады. (Мотивті талдау тезисі); 3) мәтінде кездейсоқ ештеңе жоқ (психоталдау); 4) М-нің әрбір жекеленген және үстірт көрінісінің (мәнінің) астында мифологиялық сипаттағы терең, әмбебап заңдылықтар жатыр (К.Т. Юнгтің аналитикалық психологиясы); 5) М. шындықты суреттемейді, ол онымен өзара күрделі қарым-қатынасқа түседі (аналитикалық философия және тілдік актілер теориясы); 6) бір М-дегі ақиқат нәрсе, басқасында жалған болып шығуы мүмкін (мүмкін дүние (нәрсе) семантикасы); 7) М. – қатып семіп қалған мән емес, ол автор мен оқырман және мәдени контекст арасындағы сұхбат (Бахтин поэтикасы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет