Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет283/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   401
Байланысты:
treatise187525

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – мәртебесі конституцияда бекітілген, мемле- кеттік мекемелерде іс-қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі М. т. болып бекітіледі. Бірақ ұзақ уақыт отар болып, өз тілін ұмыта бастаған кейбір елдерде отарлаушы елдің тілі М.т. болып бекітілген.
Мысалы: Үндістанда М. т. ағылшын тілі болса, хинди тілі тек тұрмыс- тық тіл деңгейінде қалып қойған. Марокконың, Алжирдің М. т-і араб тілі болғанымен, ресми тіл ретінде француз тілі онымен бірдей дәрежеде қолданылады. 1995 жылы қабылданған Конституцияда да қазақ тілі М. т. болып бекітілді, алайда сонымен қатар орыс тілі ресми түрде М. т- мен қатар қолданылады. 1996 жылы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Прези- дентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырым- дамасы» мақұлданды. Қазір Қазақстан барлық ғылым-білім, мәдениет, техника салаларын М. т-ге көшіру кезеңін бастан өткеруде.
М. т. – көпұлтты (көптілді) мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қа- рамай іс қағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту, мәдениет, баспасөз бен байланыс (почта, телеграф т. б.) орындарында, құқық қорғау мен әскер бөлімдерінде, сот істерін жүргізу т. б. міндетті деп саналатын саяси-құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл. М. т-ді жан-жақты дамыту және оның қолдану аясын (сфера) кеңейту үшін мемлекет тарапынан белгілі бір уақытқа жоспарланған жан-жақты бағдарламалар жасалады. М. т. әрдайым мемлекеттің қорғауында және оның қамқорлығында болады. Демократия- лық қоғамда белгілі бір тілге мемлекеттік мәртебе беру оның басқа тілдер- ге қысымшылық көрсету болып табылмайды. Бұл туралы Республикамыз- дың Тіл туралы Заңында (1997 ж.) анық айтылған. Кеңес заманында КСРО-ның Конституциясында және басқа да мемлекеттік құжаттарда ашық айтылмаса да, орыс тілі іс жүзінде (де-факто) М. т. міндетін атқарды. Орыс тілінің осындай ерекше рөлі геральдикалық әдіспен анықталады. Мысалы, КСРО-ның елтаңбасы мен ақша бірліктерінде орыс сөздері үлкен әріппен беріліп, басқа ұлттық тілдердегі лексемалар кіші әріппен берілгені дәлел бола алады. Кейбір көпұлтты (көптілді) мемлекеттерде тілге берілетін мәртебе басқаша аталуы мүмкін: ресми тіл, ресми түрде қолданылатын тіл, ұлттық, конституциялық және аймақтық тілдер. Осыған байланысты
«көпұлтты» және «көптілді» деген терминдердің синоним сөздері ретінде қолданылуын сөйлеу тіліміздегі қателердің бірі деп қараған жөн. Кезінде КСРО (Югославия т. б.) көпұлтты мемлекет болатын, себебі Одаққа өзде- рінің белгілі бір территориясы, шекарасы, басқару-әкімшілік органдары бар субъектілер енген болатын. Ал Қазақстан жайында ол басқаша, мұнда жоғарыда көрсетілген Одаққа тән ерекшеліктер болған жоқ, сол себептен де Республикамыз, әлеуметтік тіл білімі тұрғысынан қарағанда көпұлтты емес, көптілді елдер санатына жатады деу шындыққа сәйкес келеді. Көпұлтты

елдердің қатарына жататын мемлекеттің субъектілері (ұлттық республика, облыс, аймақ т. б.) өздерінің ұлттық тілдеріне мемлекеттік мәртебе беруге құқылы болса, көптілді елдерде мұндай еркіндік жоқ. Себебі көптілді елдің құрамына диаспора ретінде енген ұлт-ұлыстардың қалыптасуы солақай саясаттың, депортация т. б. нәтижелері болуы мүмкін, яғни бұл құбылыстардың тарихи мән-мазмұны жоқ.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет