Тұншығу (грек. asphyxіa; a – жоқ және sphyxіs – тамыр соғуы) – қанда оттек жетіспеушілігінен көмірқышқыл газының көбеюінен болатын адам өміріне қауіпті патологиялық жағдайы. Гипоксиямен-тканьдердегі оттегі жетіспеушілігі, гиперкапниямен-қандағы СО2-нің көбеюі, ацидозбен-организмде шала тотыққан зат алмасу заттарының көбеюімен сипатталады. Асфиксия кезінде ОЖЖ-нің, жүрек қантамыр жүйесінің,бауырдың жұмысы зақымданады.
Асфиксия түрлері
Асфиксия түрлері
механикалық тұншығу;
токсиндік тұншығу;
Механикалық тұншығу - тыныс алу жолдары сырттан басылып қалғанда не іштен тығындалып қалғанда, мысалы, адам асылып өлгенде, адамды (өлтіру мақсатында) арнайы тұншықтырғанда немесе дифтерия ауруында тыныс жолдарының қабынуына байланысты қабықшалармен тығындалып қалғанда, адам суға батып кеткенде, наркоз кезінде тіл тыныс жолдарын бітеп тастағанда дамиды
Токсиндік тұншығу - тыныс алу ортасына әртүрлі улы заттар (стрихнин, кураре) әсер еткенде, тыныс алатын бұлшық еттер зақымданса, кейбір заттар қандағы оттекпен әрекеттескенде, ауадағы оттек мөлшері азайғанда (биіктікке көтерілгенде),т.б жағдайларда дамиды.

Тұншығудың ерекше бір түрі – нәресте асфиксиясы деп аталады. Іштегі нәрестенің тұншығуы анасының денсаулығына байланысты.Тұншығудың ерекше бір түрі-нәресте асфиксиясы деп аталады.Іштегі нәрестенің тұншығуы анасының денсаулығына байланысты, анасы уланған, жарақаттанған не нәрестенің кіндік қан айналымының жұмысы бұзылған жағдайда дамиды.

Біріншілік асфиксия- бала туылған кезде болады.
Екіншілік асфиксия- жатыр суымен аспирациядан соң,пневмония, ми жарақаты, жұлынның травмасы, жүрек және өкпе, ми ақауларында, біріншілік асфиксияда жәрдемнің дұрыс болмауында дамиды.
Асфиксия 3 сатыда өтеді:
Асфиксия 3 сатыда өтеді:
1-ші сатысында инспирациялық ентігу дамып, организмнің жалпы қозуы,симпатикалық жүйке жүйесінің қозуы байқалады (көздің қарашығы кеңиді,тахикардия, гипертензия, жалпы дірілдеу, еріксіз дәрет пайда болады).
2-ші сатысында экспирациялық ентігу дамиды, парасимпатикалық жүйке жүйесінің қозуы байқалады (көз қарашығы кішірейеді, брадикардия,гипотензия байқалады).
3-ші сатысында тыныс алу тоқтайды, артериялық қан қысымы, жүрек соғуы анықталмайды, мұны терминальдық үзіліс дейді, мидың қызметі тоқтайды,көз қарашығы кеңиді, рефлекстер шақырылмайды. Ұзақтығы 5-10 секундтан 4-5 минутқа дейін. Содан соң агониялық тыныс алуға ауысып, дем алу мүлдем тоқтайды.
Алғашқы көмек көрсету
Алғашқы көмек көрсету
Тұншыққан адамға жедел түрде жәрдем көрсетіліп, жүрекке сырттай массаж жасап, “ауыз бен ауыз” не “ауызбен мұрын” арқылы тыныс алдыру қажет (Қолдан тыныс алдыру).Ауруханада интубация (кеңірдек арқылы ауа жіберу) жасалады. Тыныс алу жолдарын тығындап тастаған затты алу үшін трахеотомия әдісі қолданылады. Содан кейін организмнің жалпы оттек – сілтілік жағдайын, су электролиттік зат алмасуын реттеу қажет.
Сыртқы тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы асфиксияда (тұншығуда) қанға оттегінің түсуі тоқталады, қаннан СО2 шығарылмайды. Ол тыныс алу жолдары қысылғанда, олардың саңылаулары бөгде затпен бітелгенде, өкпеге сұйықтық жиналғанда (суға тұншыққанда),кеуденің екі жағында пневматоракс дамығанда болады