Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет301/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Нұржанов Бекет Ғалымжанұлы (1949 жылы т., Астана қ.) – философия ғылымдарының докторы (1992), профессор (1994), Әлеуметтік ғылым академиясының академигі. ҚазМУ-дың философия бөлімін (1973, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазМУ-да ассистент, доцент (1975–1987). Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтының (1987–1994, қазіргі Тараз мемлекеттік университеті Алматы бөлімшесінде доцент, кафедра меңгерушісі. Қазақ экономика университетінде Гуманитарлық білім беру орталығының директоры (1994–1995) болды. 1995 жылдан бастап 13 жылдың бойы ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі, кейін профессор қызметін атқарады. «Диалектика Гегела: Бытие и свобода» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
Профессор Б. Нұржанов заманауи батыс философиясының, мәдениеттанудың ірі маманы ретінде, Ж. Бодриардың «Фатальные стратегии» еңбегін француз және ағылшын тілдерінен, Ж. Делездің, Ж.Ф. Лиотардың, Р. Жирардың, Ф. Джеймисонның еңбектері фрагменттерінің аудармашысы ретінде танымал болды. Оның басшылығымен кафедра жоғарғы сапалы мамандарды дайындаудың алғашқы ғылыми-танымдық орталығына айналды. 1997 жылы Б. Нұржановтың бастамасымен Қазақстанда тұңғыш рет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 24.00.01 – мәдениет теориясы және тарихы мамандығы бойынша философия ғылымдарының докторы ғалым дәрежесі табысталатын диссертациялық кеңес құрылды. Б.Ғ. Нұржанов «Мәдениеттану» және «Философия» секцияларының мүшесі болды, «Мәдение мұра» бағдарламасының аясында қазақ тіліне аударылған 10-томдық «Постмодернизм және мәдениет» басылымының 7-8 томдарының қосалқы авторы әрі құрастырушысы болды. Ол ұлттық идеялар мәселесіне көп көңіл бөлді, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық идея Қазақстанның 2007-2009 жылдары тұрақты дамуының негізі ретінде» бағдарламасын жүзеге асыруға ат салысты. Б.Ғ. Нұржанов елімізде танымал «Культурология в новом ключе» (Алматы, 2011); «Модерн. Постмодерн. Культура» (Алматы, 2012); «На пути к культуре мира» (Алматы, 2000) және т.б. монографиялардың авторы.


НЫСАНБАЕВ Әбдімәлік Нысанбайұлы (01.05.1937 ж. т., Қызылорда обл. Сырдария ауд. Қарауылтөбе а.) – филос. ғыл. докторы (1977), проф. (1980), ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі (1989), ҚР ҰҒА – академигі (2003), Ресей әлеуметтік ғылымдар және Украина саяси ғылымдар акаде- мияларының акад., Ресей жаратылыстану ғылымдар академиясының шетел- дік мүшесі және Түркия Республикасы Ататүрік мәдениет орталығының құрметті мүшесі, Бішкектегі Ш. Айтматов атындағы қоғамдық академияның академигі. Қазақстанның ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер (1994), Қырғыз Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер (1995).
Қызылорда педагогикалық институтының физика-математика факультетін үш жыл сталиндік стипендиат болып бітірген (1960). Қазақстан Ғылым Академиясы Химия ғылымдары институтында, Философия және құқық институтында аға лаборант, кіші, аға ғылыми қызметкер, ғылым филосо- фиясы және әдіснамасы бөлімінің меңгерушісі, Мәскеудегі КСРО Ғылым академиясының Философия институтында аспирантурада оқыды, 1964 жылдың 24 желтоқсанында проф. И.В. Кузнецовтың ғылыми басшылығы- мен «Ақиқаттың табиғатын ашудағы сәйкестік ұстынының маңызы» атты тақырыпта мерзімінен бұрын кандидаттық, ал 1975 ж. «Математикалық білімді синтездеу мен дамытудың диалектикалық-логикалық ұстындары» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. ҚР Ғылым академиясы- ның Философия және құқық институтының директоры (1990–1991), Фило- софия институтының директоры (1991–1999), ҚР Білім және ғылым минис- трлігі Философия және саясаттану институтының директоры (1999–2011) болды. Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер кабинеті аппаратының сараптаушысы (1994–1996), Тәуелсіз елдің энциклопедиясын даярлау мақсатында Қазақ энциклопедиясының Бас редакторы қызметін қоса атқарды. Академик Ә. Нысанбаевтың ғылыми басшылығымен тәуел- сіз Қазақстанның ұлттық энциклопедияның түбірінен жаңа алғашқы төрт томы даярланды. Н. Ш.Уәлиханов атындағы бірінші сыйлықты (1974), Қазақ КСР-нің ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік (1984) және Түркия сыйлығын (1998), Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығын (1998), Моңғолияның «Дарын» компаниясының (1997) және Түркі әлемінің халықаралық сыйлықтарының лауреаты, «Дос- тық» және «Парасат» ордендерімен, көптеген медальдар мен құрметті профессор атақтарымен марапатталған. Қытайдың Хуажон ғылым және технология университетінің профессоры атағы берілді. 1991–2013 жж. аралығында 600-ден астам ғылыми еңбектер, олардың ішінде 37 ұжымдық және жеке монографиялар мен кітаптар, оқулықтар мен оқу құралдары бар. Көптеген еңбектері әлемнің 25 тілдерінде жарияланған. Философия мен саясаттану мамандықтары бойынша 67 ғылым докторлары, 99 ғылым кандидаттарын дайындады, Сөйтіп Ресейде, Қырғызстанда, Түркияда, Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда, Иранда қызмет жасап тұрған халықаралық философиялық және саясаттанулық ғылыми мектеп қалыптасты. Н. Қазақстанның әлеуметтік ғылымдар академиясының президенті, ҚР БҒМ ҒК-нің Философия, саясаттану және дінтану институты директорының кеңесшісі. Ресейдегі «Социс», «Вопросы философии», «Философия образо- вания», Түркияда, Әзірбайжанда шығатын журналдардың халықаралық редакциялық кеңесінің мүшесі.
Шығ.: Диалектическая логика. В 4-х томах. – Алма-Ата, 1985–1987 (в соавторстве); Диалектика и современная математика. – Алма-Ата: Казахстан, 1982; Диалектико-логические принципы построения теории. – Алма-Ата, 1973; Адам және ашық қоғам. – Алматы, 1998; Казахстан. Демократия. Духовное обновление. – Алматы, 1999; Глобализация и проблемы межкультурного диалога. – Алматы, 2004; Философия взаимопонимания. – Алматы, 2001; Независимость. Демократия. Гуманизм. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.


НЫСАП – ғылыми әдебиетке соңғы жылдары ғана ене бастаған, қазақ дәстүрлі әдебінде этикалық ұстаным ретінде қолданылатын ұғымдардың бірі. Н. – әдептіліктің басты нышандарының бірі. Ол әділдікті, тура- шылдықты, уәдесіне адалдықты, өзінің және басқалардың алдындағы шыншылдықты, өзге адамдардың да құқын мойындау мен құрметтеуді қамтиды. Н-тылық адамдардың іскерлік іс-қимылдарына байланысты және олардың талаптары мен әрекеттерін қадағалап, әрі үйлестіріп отырудан туындайды. Адамдар арасындағы қанағат пен тойымсыздықты бағалау да Н-қа байланысты. Сондай-ақ ол адамның қоғамда атқаратын рөлі мен әлеуметтік ахуалының үйлесуін, кісілігі мен оны бағалаудың құқылық және міндеттілік қатынастарын көрсететін, жалпы адамзаттық ұғым түсінігіне сай келетін тұрмыс тәртібі. Сол үшін біреудің өз мүддесіне бағып әділдік, туралықты бұзғанын, мүмкіндігін пайдаланып, кісі ақысын жегенін, жамандық жасағанын, дүниеге, байлыққа көзі тоймай алдарқатып өтірік айтқанын көргенде, халық ондай адамды «Н-сыз» дейді. Сонымен Н. кісіліктің өлшемі, адамдықтың құндылық деңгейіне жатады.


НУС – (гр. nous – ақыл) – сана мен ойлаудың барлық актілерінің әлемдік жиынтығын білдіретін көне философияның негізгі ұғымдарының бірі. Бұл ұғым алғашқы да Анаксагор философиясында айқын көрінеді, онда ол формасыз материяны жасаудың және реттіліктің ұстыны ретінде айтылды. Бұл ұғым Платонда, әсіресе Аристотельде идеалистік тұрғыдан түсіндірілді, мұны адамның өзі мәңгі түсініп өтетін формалардың формасы деп ұғындырды. Бұл ұғым неоплатониктерде үлкен мәнге ие болды, олар оған аристотелизм негізінде барлық дүниені ұғындыратын және белгілі бір форма беретін ерекше бір сезімнен тыс болмыс деп түсініктеме берді. Демокрит Н- ты шар тәрізді от деп түсінді. Ол Фалесте де космологиялық мәнге ие. Н. көне материалистерде табиғат заңдарының жиынтығы немесе сезімдік материалдық формада елес беретін оның көзі болып табылады. Гносеологияда Демокрит Н- ты дәлдік ұстыны ретінде танымға абыржушылық пен ретсіздік әкелетін толқымалы сезімдік құлшыныстарға қарсы қойды. Көне Н. өзінен жеке алғашқылықты тапқан орта ғылымилық ілімге қарағанда өзіндік қасиеті жоқ нәрсе.


ОБАЛ ЖӘНЕ САУАП. Көшпелі қазақ мәдениетінде «О.» және О
«С.» түсініктерінің моральдық реттеуші қызметі жоғары болған және бұл
ұғымдар діни мазмұн шеңберінен шыққан. О. – жақсы нәрсенің қадірін біл, оны тастама, түбінде оның зарын тартасың деген ұғымды білдіреді. Бұл – қоршаған ортаға зиян келтіруге, жамандық жасауға, яғни жандыны жәбірлеуге, жансызды бүлдіруге болмайды деген сөз. Мәселен, біреуге қиянат жасау – О. Нанның түйірін аяққа басу, не оны рәсуа ету де О. «Судың да сұрауы бар» дегендей тамақты босқа ысырап ету, соны жасау үшін төгіл- ген терді, қажырлы еңбекті бағаламау деген сөз. Көргенсіздік пен әдепсіздік- тің осындайлардан шығатынын түсіну қиын емес. Сөйтіп О. ұғымы біреуге қиянат жасаған жағдайдың бәрінде де орын алады. С. – бұл айналадағы жанды-жансыздың бәріне бірдей жақсылық жасауға, қамқорлық көрсетуге байланысты айтылатын ұғым. Мәселен, құстың ұясын түзеу, жетім-жесірге қарайласу, аяқ астындағы нан қалдықтарын көтеріп алу – бұл С. О. мен С. ұғымдары қазақ ырымдарында жан-жақты көрініс тапқан: «Қазақ шашты далаға тастамайды, жерге көмеді. Құс шашты ұясына салса – бас ауруға шалдырады, бас айналғыш болады, ұмытшақтық, жеңілтектік дертке шал- дырады деп пайымдайды». О. мен С. нормалары ауызекі мәдениетте киелілік түсінігімен астас келеді. Оның негізінде анималистикалық, тотемистік және фетишистік көне нанымдар да жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет