Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет389/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Бонгард-Левин Г.М., Грантовский Э.А. От Скифии до Индии. Древние арии. Мифы и истории. – М., 1983; Литература и культура древней и средневековой Индии. – М., 1979; Лукьянов А.Е. Становление философии на Востоке. Древний Китай и Индия. – М., 1989.


ХОЛИЗМ (грек. holos – бүтін, түгел) – 1926 жылы оңтүстік африкалық философ Я. Смэтс тұжырымдаған тұтастықтың, бүтінділіктің тәсілдемелік принципі. Х. формуласы төмендегідей: «Бүтін қашанда өзінің бөлшектері- нің қосындысынан үлкен». Х. бүтіндікті, тұтастықты философияның орта- лық ұғымы ретінде қарастырады да оның мазмұнына объективтілік пен субъективтілікті, материалдық пен идеалдылықты сыйғызады. Я. Смэтстың айтуы бойынша органикалық тұтастықтың ең жоғары түрі – адам. Х. американдық философиядан өзінің мүдделестерін тапты. Х. принципі феноменология мен гештальтпсихологияда кеңінен пайдаланылады.Х. идеяларын А. Мейер-Абих (Германия), А. Леман (Франция) жалғастырды.
Әдебиет: Кремянский В.И. Структурные уровни живой материи. – М., 1969; Американский холизм. – М., 1989.


510


ХРОНОТОП (грек. chronos – уақыт, topos – кеңістік) – мәдени кеңістік пен уақыттың бірлігін білдіретін ұғым. Бұл ұғым бастапқыда жаратылыстану ілімдерінен алынған. Ал белгілі орыс мәдениеттанушысы М. Бахтин Х. ұғымын көркем шығармаға қатысты қолданады: «әдеби- көркем шығармадағы хронотоп дегеніміз – уақыт пен кеңістік белгілерінің нақтылы бір бітімінің табиғи бірлікте көрінуі. Мұндай уақыт қоюланады, сығылысады, сөйтіп көркемділігімен көзге түседі; ал кеңістік болса шоғырланады, тарихтың сюжеттік, уақыттық қозғалысына бағындырылады. Уақыттың белгілері кеңістік – уақытпен өлшеніп, уақыт арқылы ұғылады» (М. Бахтин. Вопросы литературы и эстетика. – М., 1975., 234 б.). Х. ұғымын тек көркем әдебиетке ғана қатысты емес, сонымен бірге жалпы мәдениетке байланысты қолданудың маңызы зор. Мәдениеттануда бұл ұғым М. Бахтиннің «Франсуа Рабле және ортағасырлар мен Ренессанстың халықтық мәдениеті» атты кітабында орынды пайдаланылған. Бұл шығармада «Х» ұғымы халықтық санадағы негізгі тылсымдық түсініктер деңгейінде алынған. Х. ұғымын кейбір мәдениеттанушылар белгілі уақытта белгілі кеңістікте орын алатын оқиғаларды айқындау үшін де пайдаланады. Аурухана, жаңа дүниеге келген нәрестелер үйі, неке қию сарайы, жерлеу бюросы, түрме және т. б. – хронотоптық бейнелер, өйткені ол жерлерде адамдар белгілі бір уақытта нақты кеңістікте кездесетін болғандықтан олар туралы уақыт-кеңістік ажырағыссыз ассоциациялар қалыптасқан. Х.-тың мәдениеттанулық пайдалану аясы кең және эвристикалық мәні зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет