Негізгі ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері: «Философия негіздері» монографиясы (2019; В.Ф.Петрова, А.М. Хасановамен бірлікте), «Қазіргі қазақстандық философия» (2019; В.Ф. Петрова, А. М. Хасановамен бірлікте); «Ғылым тарихы және философиясы» оқулығы (2018; В.Ф. Петровамен бірлікте), «Ғылым тарихы мен философиясы» (2018; В.Ф. Петрова, Б.А. Джаамбаеваемен бірлікте); «Қазақ өркениетінің философиясы (Тарих, теория, практика)» (2017; В.Ф. Петрова, Д.Р.Шайдулинамен бірлікте); «Философия» оқулығы (2017; В.Ф.Петровамен бірлікте); «Демократияның трансформациясы. Тарих, теория және практика» (2017; В.Ф. Петровамен бірлікте); «Философияға кіріспе» (2015; В.Ф. Петровамен бірлікте); «Ғылыми білім философиясы» (2015; В.Ф. Петровамен қосавторлықта). Л.Ә.Асқар
ХЕЙЗИНГА И. (1872–1945) – нидерландық философ, тарихшы, мәдениеттанушы, мәдениет тарихы бойынша іргелі еңбектердің авторы, мәдениеттің «ойындық теориясын» жасаушылардың бірі. Мәдениеттегі мифтің, қиялдың рөлін анықтап, ойынды мәдени қалыптасудың негізгі принципі деп таныған Х. концепциясы М. Мосс, К. Леви-Строс пікірлеріне сай келеді. Х-ның теориялық зерттеу пәні – мәдениет тарихы, соның ішінде әсіресе ортағасырлық, қайта өрлеу дәуірінің мәдени жай-күйі. Х. мәдениет- ті экономика, саясат, құқық, тұрмыс, салт-дәстүр, өнер біте қайнасып жатқан үлкен жүйе деп қарастырады. Мәдениеттің пайда болуы мен даму барысын зерттей келе, көптеген факті – материалдарға жүгіне отырып Х. ондағы ойын элементінің маңызын ашып көрсетеді. Ешбір практикалық мақсат-мүддені көздемеген, өзіне-өзі жеткілікті, спонтанды әрекет түрі
508
ретінде ойын мәденит бастауында тұр әрі сол мәдениеттің ішкі мазмұны мен қозғаушы күші болып табылады. Ойынның мәдениет тудырушы фак- тор екендігін Х. қиялдың жемістілігімен байланыстырады. Адамның қандай да болмасын материалдық іс-әрекеті бастапқыда қиял қызметімен қайткен күнде де байланысты, себебі адам бір заттай материалдық дүниені жасап шығармас бұрын оны ой елегінен өткізеді. Ойынның әлі күнге дейін өз билігін жүргізетін арнайы мәдениет салалары – поэзия, өнер, дәстүр және т. б. Жалпы қай кезеңнің қай мәдениетін алып қарастырсақ та оның «ойын- дық» пен «салиқалық» элементтерінің ара қатынасынан тұратындығын байқауға болады дейді Х. Сонымен, Х. еңбектен гөрі ойынды адам мәдениетін қалаушы күш деп таниды. Х. мәтіндерінен «ойын» ұғымының ортақ, өзіне-өзі тепе-тең келетін анықтамасын таппайтыны сияқты
«салиқалықтың» да түсіндірмесін кездестірмейсің. Бірақ Х. бойынша түгелдей дерлік ірі дәуірлер, кезеңдер мәдениеті идеалға, мұратқа жету
«ойынын» ойнайтын болған, мысалы, антикалық «алтын ғасыр» идеалы, інжілдік кедей-кепшік идеалы, рыцарьлық идеал, Ренессанстық антик мәдениетін жаңғырту идеалы т. б. жоғарыда айтылғанға дәлел бола алады. Ойынның мәдениет тарихындағы рөлі үнемі өзгеріс үстінде. Мәдениеттің формаларының көбейіп, жіктелуіне байланысты мәдениеттегі ойындық элемент артқы шепке жылжиды. Европа мәдениетінің тарихында бұндай құбылыс XVІІ ғ-дан басталады деп есептейді Х:, өйткені содан бастап қоғамда өмірге деген ашық прагматикалық қатынас қалыптасты. Х. өрке- ниет пен мәдениет ұғымдарын бөліп қарастырмайды, оларды мағынасы жағынан тепе-тең ұғымдар деп біледі. Мәдениетті түсіну үшін төмендегі- дей үш принципті есте ұстаған жөн: біріншіден, рухани және материалдық құндылықтар бірін-бірі теңдестіреді; екіншіден, мәдениетте жалпыға ортақ идеал, мұрат кездеспей тұрмайды; үшіншіден, әр мәдениет өзіне тән табиғатқа, дүниеге деген қатынасты туындатады. 1930–40 ж-да жарық көрген шығармаларында Х. көпшілік мәдениетін сынға алады және де ХХ ғ-дағы еуропалық мәдениеттің дағдарысын философиядағы иррацио- нализм мен интуитивизмнен, қоғамдық өмірдегі миф культінен, адам- гершілік құндылықтарының бағасыздануынан, ұжымдық эгоизмнен көреді. ХХ ғасырдың тоталитарлық режимдерінің куәгері болған Х. бүкіл жан- тәнімен өзінің антифашистік, пацифистік бағдарын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |