Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Бахтин М. Вопросы литературы и эстетика. – М., 1975; Бахтин М. Формы времени и хронотопа в романе // Эстетика словесного творчества



бет390/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Бахтин М. Вопросы литературы и эстетика. – М., 1975; Бахтин М. Формы времени и хронотопа в романе // Эстетика словесного творчества.
М., 1979; Бахтин М. Слово о романе // Вопросы литературы и эстетики. М., 1975.
ЧЕЧИН Михаил Никифорович (1903–1982). Ч. М.Н. 1903 ж. 21 қара- Ч
шасында дүниеге келген. 1923 ж. М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дің
философия факультетіне оқуға түседі. Оқу барысында М.Н. Ч. философия тарихшысы ретінде қалыптаса бастайды және оған Кеңес Одағының белді философы В.Ф. Асмус ықпал етеді. Ол В.Ф. Асмустың жетекшілігімен
«Фихтенің соғыс философиясы» атты тақырыпта кандидаттық диссерта- ция қорғайды. 1950 ж. бастап М.Н. Ч-нің педагогикалық және ғылыми өмірі С.М. Киров атындағы ҚазМУ-де өтеді. 1969 ж. ММУ-де «Ламарк- тың эволюциялық іліміндегі философиялық негіздер» атты докторлық диссертациясын қорғайды.
ШАМАНИЗМ – қазақша баламасы, бақсылық, бақсыға табыну. Дәс- Ш түрлі ой машығының ең көне түрлерінің бірі. Тотемизмнен кейінгі, моно- теисттік діндерден бұрынғы ритуалды-магиялық дүниетаным. Ш-дегі ең


511

басты нәрсе бақсы мен бақсы жүргізетін ритуал. Бақсы әрекеттерінің бәрі- де магикалық ойлау тәсіліне құрылған. Магия дегеніміз нақты дүниеге ықпал ету. Осы әрекеттердің барысында біраз ауыз әңгімелер пайда болады, олар бірте-бірте белгілі халықтың мифологиясын құрайды.




ШАМА (өлшем) – нәрсенің немесе құбылыстың сапалық және сандық айқындылығының табиғи бірлігін білдіретін филос. категория. Сапа жағынан айрықша (ерекше) әрбір объектіге белгілі бір сандық сипаттама тән, бұл сипаттамалар өзгергіш және қозғалмалы. Алайда олардың бұл өзгергіштігінің белгілі бір шекарасы болады, сол (шекарадан өтісімен сан өзгерістеріне ауысады ( сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне өту заңы). Міне осы шекара Ш. деп аталады. Екіншіден берілген объектінің сапа өзгерісі оның сандық сипаттамасы мен Ш-ның өзгерісіне әкеледі. Сан мен сапаның байланысы мен бірлігі сол объектінің табиғатына тәуелді. Егер объектінің дамуын қадағалап көрсек, онда бұл процестің бір айрықша сапалық дәрежесінен басқасына өту нүктесі Ш. өзгерісінің түйінді нүктесі болып көрінеді. Мұндай түйіндердің жүйесіне Ш-лардың түйінді бағыты деп атау келісілген. Философия тарихында Ш. категориясын алғаш рет Гегель зерттеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет